Тыныс алу жүйесі бойынша тесттер Рентгенологиялық зерттеудің негізгі әдістері


Дені сау адамның эхокардиографиясында оң қарынша қабырғасының қалыңдығы диастола соңында болуы тиіс



бет38/53
Дата26.12.2023
өлшемі23,54 Mb.
#143838
түріМонография
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53
42. Дені сау адамның эхокардиографиясында оң қарынша қабырғасының қалыңдығы диастола соңында болуы тиіс:
1. 5 мм дейін
2. 10 мм дейін
3. 2 мм дейін
4.+ 12 мм дейін
5. 3 мм дейін
43. 20 жасар қыз бала жүрегі қағуы, шаршағыштық, физикалық жүктемеге байланыссыз жүрегінің шаншып ауруына шағымданады. Эхокардиографияда митральді қақпақша жармалары қалыңдаған, систола кезінде екі жармасы да жоғары қарай, сол жүрекшенің ішіне қарай еніп кетеді. Мүмкін болатын қорытынды жасаңыз:
1. Митральді қақпақша жармаларының кальцинозы
2. бірлескен митральді ақау
3.+ Митральді қақпақша пролапсы
4. митральді стеноз
5. қалыпты жағдай варианты
44. Алмасу қантамырлары - бұл:
1. +капиллярлар
2. веналар
3. артериялар
4. венулалар
5. лимфа жүйесі
45. 34 жасар науқастың рентгенологиялық зерттеуінен сол жүрекше ұлғаюы, өкпелік гипертензия анықталды. Эхокардиографияның жүректің ұзынша осі бойынша парастернальді проекциясында митральді қақапақшаның алдыңғы жармасының хокке таяқшасы тәрізді диастолалық енуі анықталды. Бұндай өзгерістер мүмкін болатын жағдай:



1. митральді қақапақша жармаларының үзілуі
2. митральді қақапақша пролапсы
3. митральді жетіспеушілік
4. қосымша хорда
5. +митральді стеноз
46. 32 жасар науқас кеудесінде ауыру сезімінің болуына және дене қызуының көтерілуіне шағымданады, эхокардиография жасағанда анықталғаны: перикард жапырақшаларының бөлінуі, сол қарыншаның артқы қабырғасының артында эхонегативті кеңістік анықталады, перикард жапырақшасының қозғалмауы, жүректің эпикардиальді бетінің экскурсиясы жоғарлаған. Мүмкін болатын қорытынды жасаңыз.

1. миокардтың циркулярлық инфаркты


2. митральді қақпақша пролапсы
3. митральді жетіспеушілік
4.+сұйықтық жиналған перикардит
5. құрғақ перикардит
47. 43 жасар науқас Г. кеудесінде ауыру сезімінің болуына және дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Бір өлшемді эхокардиография жасағанда анықталғаны: перикард жапырақшаларының қалыңдауы, перикардтың артқы жапырақшасының эхогенділігінің жоғарлауы. Мүмкін болатын қорытынды жасаңыз.
1.гипертрофиялық кардиомиопатия
2.констриктивті перикардит
3. сол қарынша аневризмасы
4.сұйықтық жиналған перикардит
5.+құрғақ перикардит
48. 34 жасар науқастың жиі басының ауыруына және талмасының болуына шағымы бар, эхокардиография жасағанда анықталғаны: аортальді қақпақша жармаларының қалыңдауы және олардың систолада толық ашылмауы, аортаның айтарлықтай кеңеюі және сол қарыншаның артқы қабырғасы мен қарыншааралық перденің айқын гипертрофиясы. Осы науқасқа төменде аталған қорытындылардың қайсысы сәйкес келеді?
1.Вальсальва синусының аневризмасы
2.аортальді жетіспеушілік
3.+аортальді стеноз
4.аорта коарктациясы
5.аорта аневризмасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет