75. Дені сау ересек адамның эхокардиографиясының М-режиміндегі оң қарыншасының соңғы-диастолалық өлшемін (СДӨОҚ) көрсетіңіз: 1. 60 мм артық
2. 38-56 мм
3. 20-35 мм
4.+ 15-22 мм
5. 13-14 мм.
76. Науқасқа эхокардиография жасағанда (а-бір өлшемді режим, б-екі өлшемді режим) митральді жарманың диастолалық иілуі, митральді қақпақша жармаларының қалыңдағаны және эхогенділігінің жоғарлағаны, қақпақшалық сақинаның тарылғаны анықталды. Мүмкін болатын диагнозды атаңыз.
1. митральді қақпақшаның үзілуі
2. +митральді тесіктік стенозы
3. митральді қақпақшаның пролапсы
4. қалыпты эхокардиограмма;
5. митральді жетіспеушілік
77. 31 жасар науқасқа апикальді төрт камералық позицияда тіркелген екі өлшемді эхокардиограмма жасалды.Мүмкін болатын диагнозды атаңыз.
1. жүректің сол бөлімінің гипертрофиясы
2. +оң қарынша дилятациясы
3. сол қарынша дилятациясы
4. сол қарынша аневризмасы
5. қалыпты жағдай варианты
78. 18 жасар қыз балаға эхокардиография жасалды, онда систола кезінде митральді қақпақша жармаларының сол жүрекшенің ішіне қарай енуі, қақпақша жармаларының қалыңдағаны және деформацияланғаны анықталды. Мүмкін болатын қорытынды жасаңыз:
1. Митральді қақпақша жармаларының кальцинозы
2. қосарланған митральді ақау
3.+ Митральді қақпақшаның пролапсы
4. митральді жетіспеушілік
5. митральді стеноз
79. Науқас әйелге эхокардиография жасалғанда анықталғаны: сол жүрекшенің артқы қабырғасының қалыңдауы мен гиперкинезиясы, жалпы соғу көлемінің көбеюі, сол қарынша миокардының гипертрофиясы және қуысының дилатациясы. Мүмкін болатын қорытынды жасаңыз: 1. митральді қақпақша жармаларындағы вегетациялар
2. митральді қақпақша жармаларының кальцинозы
3. митральді қақпақша пролапсы
4. +митральді жетіспеушілік
5. митральді стеноз
80. 58 жасар науқасқа эхокардиография жасағанда анықталғаны: аортальдық қақпақша жармаларының қалыңдауы, олардың систолада толық ашылмауы, аортаның постстеноздық кеңеюі және сол қарыншаның артқы қабырғасы мен қарыншааралық перденің айтарлықтай гипертрофиясы. Мүмкін болатын қорытынды жасаңыз: 1. Вальсальва синусының аневризмасы
2. аортальді жетіспеушілік
3. +аортальді стеноз
4. аорта коарктациясы
5. аорта аневризмасы