Гигиеналық талаптары - ауасы таза бөлмеде ұйықтау, бөлмелерді желдету, таза ауада серуендеу т.б. Киім кию де дұрыс дем алу және дем шығаруға әсер етеді, сондықтан киім жеңіл, денені қыспайтын, қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмеуі қажет.
Тыныс алу жүйесінің жас ерекшеліктері
Көмейдің жалғасы кеңірдектің ұзындығы балаларда - 4см, 10 жаста – 7 см, ересек адамдарда - 10-12 см
Тыныс алу жиілігі 1 минутта: 1 ж – 44, 5 ж – 26, 15-20 ж – 20, 20-25 ж – 18, 25-30 ж – 16 рет.
Жаңа туған нәрестенің кеуде қуысы конус тәрізді болады. Сондықтан бала терең дем ала алмайды. Қабырға сүйектері қиғашталғаннан кейін терең дем алатын мүмкіндік туады.