Тыныс алу жүйесінде қолданылатын препараттар



бет1/4
Дата15.10.2023
өлшемі91,21 Kb.
#115425
  1   2   3   4

Тыныс алу жүйесінде қолданылатын препараттар.

Акжигитов Д.Б.

Тынысты қуаттандыратын дәрілер-тыныс алу стимуляторлары.

  • Тынысты қуаттандыратын дәрілер-тыныс алу стимуляторлары.
  • Жөтелді басатын дәрілер.
  • Қақырық түсіретін дәрілер.
  • Бронхолитиктер.
  • Өкпе ісінуінде қолданылатын дәрілер.

Тыныс алу стимуляторлары:

  • Тыныс алу стимуляторлары:
  • Қолданылады: наркотикалық анальгетиктермен уланғанда, көміртегі тотығымен жеңіл уланғанда, асфиксияда, наркоздан кейін өкпеге дем беру қажет болғанда.
  • Тынысты қуаттандыратын дәрілердің әсері қысқа және олар өте сирек қолданылады. Қайта қолданғанда тыныс орталығы әлсіреп, тырысулар байқалады. Сондықтан гипоксиялық жағдайларда жасанды дем беру тиімдірек.
  • Тыныс алу стимуляторлары:
  • А)Тыныс алу орталығына тікелей әсер ететін дәрілер:
  • Аналептиктер: Этимизол, Кофеин-бензоат натрий, Камфора, Сульфокамфокаин, Бемегрид, Стрихнин, Никетамид.
  • Аналептиктер (грек тілінен analepsis-қалпына келтіру, жақсарту) – өмірге маңызды сопақша мидағы тыныс алу және тамыр қозғалту орталықтарын қоздырады. Тамырларды тарылтып, қан қысымын жоғарлатады.

Б) Тыныс алу орталығына рефлекторлы әсер ететін дәрілер:

  • Б) Тыныс алу орталығына рефлекторлы әсер ететін дәрілер:
  • Н- холиномиметиктер: Цититон, Лобелин хидрохлорид.
  • Әсері: ұйқы артериясындағы каротидті түйіндерді қуаттандырып, тыныс орталығын рефлекторлы қоздырады.
  • Рефлекторлы әсер ететін дәрілер наркотикалық және ұйықтататын дәрілермен уланғанда көмектеспейді. Өйткені наркотикалық және ұйықтататын дәрілер рефлекторлы белсенділікті жояды. Наркотикалық және ұйықтататын дәрілермен уланғанда тынысты қуаттандыруға аналептиктерді қолданады.

Жөтелді басатын дәрілер сопақша мида орналасқан жөтел орталығының негізгі түйіндерін тежейді.

  • Жөтелді басатын дәрілер сопақша мида орналасқан жөтел орталығының негізгі түйіндерін тежейді.
  • Қолданылады: бронхитте, демікпелік жағдайда және бронхопневмонияда. Жиі ауырсыну, ұйқысыздық, қан кету және бронхоспазм тудыратын жөтелді басу үшін белгіленеді. Жөтел дегеніміз қорғаныш рефлексі.
  • Жөтелді басатын дәрі топтары:
  • А) Бейнаркотикалық орталық әсерлі жөтелді басатын дәрілер: Глауцин гидрохлорид (Glaucin), Тусупрекс.
  • Б) Наркотикалық орталық әсерлі жөтелді басатын дәрілер: Кодеин(0,05-0,2), Этилморфин (Дионин).
  • Әсері: жөтелге қарсы күшті әсер етеді, бірақ тыныс орталығын тежейді, бронхтардың тонусын күшейтеді, бронх эпителиінің белсенділігін төмендетеді, дәріге тәуелділік тудырады.
  • С) Шеткері (перифериялы) әсерлі жөтелді басатын дәрілер: Либексин (Преноксдиазин- Prenoxdiazin), Битиодин, Бутамират- Butamiratum (Стоптуссин).
  • Әсері: жоғарғы тыныс алу жолдарының сілемей қабықшаларына жансыздандырғыш, бронхолитикалық және қабынуға қарсы әсер береді. Бутамират қақырықтың тұтқырлығын азайтып, шығуын жеңілдетеді. Либексиннің жергілікті анестетикалық әсерінен жөтел рецепторларының сезімталдығы төмендейді және оның таблеткасын шайнамай ішу қажет.
  • Д) Қиыстырылған жөтелге қарсы дәрі: Бронхолитин.
  • Жөтелге қарсы дәрілердің қарсы көрсеткіші: өкпеде қақырық болғанда қолдануға болмайды. Өйткені қақырықпен тыныс жолдары одан сайын бітеліп, тыныс алу қиындайды.
  •  


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет