8.Тамыр соғудың толуын анықтау (жүректің систолдық көлемімен байланысты артерияның қанмен толу дәрежесі бойынша сипатталады, пульсті толқын өту кезінде артерияның көлемінің ұлғаю дәрежесімен анықтайды ). Егер толқын жақсы сезілсе, жүректің қолқаға айдайтын қан көлемі жеткілікті мөлшерде болса , тамыр соғу толық(pulsus plenus). Егер айналымдағы қан көлемінің аз болса – тамыр соғу әлсіз не бос болады(pulsus vacuus).
9.Тамыр соғудың көлемін анықтау. Толу мен кернеу бойынша тамыр соғудың көлемін анықтауға болады. Тамыр соғу көлемі - артерия қабырғасы тербелісінің жинақтық амплитудасына байланысты болады. Толуы жақсы, кернеулігі жеткілікті үлкен деп аталады (pulsus magnus), әлсіз толуы, кернеуі аз - кіші (pulsus parvus). Егер пульсті толқындардың шамасы қиындықпен анықталса, онда мұндай пульс жіп тәрізді деп аталады.
Тамыр соғуын зерттеу нәтижелерін тіркеуді жүргізу екі тәсілмен белгіленеді: сандық - медициналық құжаттамада, журналдарда және графикалық - температуралық парақта қызыл түсті қаламмен (қызыл қарындашпен) "П"(пульс) бағанында белгілейді. Температуралық парақта (ф-004у) 100-ге дейінгі бөлу бағасы екіге тең (10-ды 5 ұяшыққа бөлінеді), 100-ден жоғары - төртке (20-ны 5 ұяшыққа бөлінеді). (сурет 2).
4) Іс – әрекет алгоритмі: Науқасқа ем шара мақсатын және барысын түсіндіріңіз және оның келісімін алыңыз.
2.Антисептикпен қолыңызды тазартыңыз.
3. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.
4. Термометрді қолға алыңыз. Оның бүтіндігін тексеріңіз. Сынап бағанасы 35ₒC – тан төмен резервуарға сынап сақталатын сауытқа түскенше сілкіңіз және қараңыз.
5.Қолтық асты ойысын қараңыз: егерде қызару, жергілікті қабыну процессі болса, онда дене қызуын өлшеу жүргізілмейді. 6. Науқастың қолтық асты ойысының терісін жеке салфеткамен құрғатып сүртіңіз.
7.Термометрдің сынап резервуарын қолтық асты ойысына салыңыз, ол денемен толық жанасуы керек.
8.Дене қызуын өлшеу уақытын белгілеп қойыңыз.
9. 10 минуттан кейін термометрді алып, оның көрсеткішін сынап бағанасы жоғарлауы бойынша анықтаңыз. Науқасқа алынған нәтижені хабарлаңыз.
10. Термометрдің көрсетілімін дене қызуын тіркейтін журналға сандық, ал қызу парағына графикалық қисық сызба түрінде жазыңыз.
11. Пайдаланған термометрді сілкіп, сынаптың резервуарға түскеніне көзіңізді жеткізіңіз. 12. Пайдаланған термометрді ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
13. Ағынды судың астында зарарсыздандыратын заттың иісі кеткенше жуыңыз салфеткамен құрғатып сүртіңіз, салфетка салынған лотокка немесе шыны ыдысқа салып құрғақ түрінде сақтаңыз.
14. Қолыңызды жуып кептіріңіз.
5) 3. Применение лекарственных средств наружу путем смазывания,
втирания, наложение пластыря, применение присыпки на кожу