Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы


Оқушының топпен және екі — екіден жұмыс жасауына мүмкіндік беру



бет2/5
Дата25.10.2022
өлшемі86,15 Kb.
#45319
түріОқулық
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тирек сызбаШаталов

5. Оқушының топпен және екі — екіден жұмыс жасауына мүмкіндік беру.

В. Ф. Шаталов технологиясының ерекшелігі:

В. Ф. Шаталов технологиясының ерекшелігі:

Бірінші ерекшелігі — нақты дәл есептелген оқу процесін құра білу. В. Ф. Шаталов бұл құрылымды былай түсіндірді «Тірек сигналдары дегеніміз — ойынның элементі, уақыт үнемділігі және бала психологиясын қызықты құбылысқа бағыттау. Бірақ ең басты мақсат — берілген тақырыпты логикалық байланыстар негізінде оқушының түсінуі мен ұзақ уақыт есте сақтауы».

Екінші ерекшелігі — уақыт үнемділігі. Мысалы, белгілі бір тақырыпты түсіндіру барысында бірнеше тақырыпты жинақтап, ықшамдап бір-екі тірек сигналына сыйдыруға болады. Бұл әдістеме қазіргі күнге дейін құндылығын жойған жоқ. Тірек сызба белгілер сабақтың негізгі құрам бөлігі ретінде қолданылады.

Тірек сызбаның артықшылықтары мынада:

Тірек сызбаның артықшылықтары мынада:

а) оқушыға оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі;

б) оқушы оқу материалының ішінен ең негізгісін таңдай білуді үйренеді;

в) оқушы таңдап алған танымдылық — білімдік түсініктерін бір — бірімен байланыстырып, қарапайым жүйе жасауды үйренеді;

г) оқушы оқулықпен және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауға дағдыланады;

д) Оқушы өзінің танымдық деңгейін біледі. Өзін — өзі бағалауды үйренеді.

Тірек сигналдары арқылы оқыту өзінің нәтижесін береді:

Тірек сигналдары арқылы оқыту өзінің нәтижесін береді:

Мұғалім:

- оқушы білімін тексеруде дидактикалық құрал ретінде пайдаланады — мағыналық, логикалық белгілерді нақты, қысқа түсіндіреді;

- баға қоры молаяды;

- оқушы білімі әділ бағаланады.

Оқушы:

- берік білім негізі қаланады;

- сөйлеу қабілеті дамиды;

- тұжырымдап, топшылау дағдылары қалыптасады;

- танымдық процесі нығаяды;

- қарым — қатынасқажеттілігі қанағаттандырылады;

- пәнге деген қызығушылығы артады;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет