Мүмкіндігі шектеулі балалармен балалармен өнер арқылы жүргізілетін түзету жұмысының әлеуметтік-педагогикалық бағыты екі жолмен жүзеге асады:
• болмысты өмірде және өнер шығармалары арқылы эстетикалы қабілеттілігін тәрбиелеу;
• өнермен байланысты іс-әрекетін (көркем-сөйлеу, әуен, бейнелеу, театрлы-ойын, катарсистикалық (тазару))дамыту. Өнер көркемдік дамудың маңызды факторы болып, баланың эмоциялық аумағына үлкен психотерапевтік әсерін тигізеді, сонымен қоса коммуникативтік, реттеуші қызметін атқарады. Мүмкіндігі шектеулі баланың құрдастарымен және үлкендермен көркемдік іс-әрекетке қатысуы, оның әлеуметтік тәжірибесін кеңейтеді, бірлескен іс-әрекетте өзара әрекеттесуге және қарым-қатынасқа түсуге көмектеседі. Бала ұжымда жеке ерекшеліктерін көрсетеді, бұл мүмкіндігі шектеулі баланың ішкі дүниесінің қалыптасуына, ондағы әлеуметтік маңыздылығы сезімінің бекітілуін қамтиды.
Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі баланың айналысатын өнердің барлық түрлері оның тәртібіне, мінез-құлқына әсер етеді, ұжымда, жанұяда байқалынатын эмоциялық ерекшеліктерін реттеуге, оларды түзетуге көмектеседі. Мүмкіндігі шектеулі балаларға өнердің психокоррекциялық әсер етуі балаға жағымсыз, теріс уайымдардан, қылықтардан арылуға (тазартуға) және қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік береді. Арнайы мекемелерде психокоррекциялық көмек беру жүйесінде арттерапияның түрлері қолданылуда. Олар: музыкотерапия, изотерапия (бейнелеу терапия), вокалотерапия, сказкотерапия (ертегітерапия), кинезитерапия, библиотерапия және басқалары. Әр арттерапия әдістемелерін қолдану баладағы бұзылыстың сипаттамасымен белгіленеді. И.Ю.Левченконың айтуы бойынша тірек-қимыл аппратары бұзылған балаларға көбінесе бейнелеу терапия, музыкотерапия және ертегі терапияларын қолдану тиімді нәтиже береді. Мектепке дейінгі жастағы тірек-қимыл аппараты бұзылған балалармен психокоррекциялық жұмыстар барысында изотерапия (бейнелеутерапия) (сурет, илеу) мен ертегі терапия кеңінен таралған түрі болып табылады. Мектепке дейінгі жастағы балалармен арттерапевттік әдістемелерді қолдануда сензитивті (сезімталды) кезең болып 6-7 жас саналады, кейде 5 жастанда басталады. Бұл жаста балада сөйлеу тілі, қимыл-қозғалыс дағдылары, көркем іс-әрекеттегі қарапайым іскерліктері қалыптасады, санасы дамиды, бұл арттерапевттік әдістемелерді қолданудың негізі болып саналады.