Тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар «Тірек-қимыл аппараты қызметінің бұзылуы»



Дата25.11.2023
өлшемі18,25 Kb.
#127305
Байланысты:
Тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар


Тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар
«Тірек-қимыл аппараты қызметінің бұзылуы» деген ұғымға әр түрлі себептерден пайда болған және әр түрде көрініс беретін қимыл-қозғалыс бұзылулары енеді. Тірек-қимыл аппараты патологиясының келесі түрлері ажыратылады:

  1. Жүйке жүйесінің аурулары:

    • полиомиелит;

  2. Тірек-қимыл аппаратының туа біткен патологиясы:

    • туа біткен жамбастың шығуы;

    • қисық мойындық;

    • маймақ аяқтық;

    • табан деформациялары;

    • омыртқа дамуының кемістіктері;

    • аяқ-қолдардың кеміс дамуы,

    • артрогрипоз (дене бітімінің бұзылуы).

  3. Мидың, жұлынның және аяқ-қолдың аурулары мен зақымданулары:

    • полиартрит;

    • жұлынның және мидың жарақаттануы;

    • қаңқа аурулары (туберкулез, остеомиелит);

    • сүйек ісіктері;

    • қаңқаның жүйелі аурулары (хондродистрофия, рахит).

Бұл балалардың көпшілігінде тірек-қимыл аппаратының
бұзылуымен бірге екінші кемістіктер жиі кездеседі. Мұның клиникалық көрінісі – қозғалыс кемістігі (жетілмеу, зақымдану, дамудағы тежелу т.б.).
Қимыл-қозғалыс функциясының зақымдану дәрежесіне қарай және қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасу деңгейіне қарай бұл категориядағы балар үш топқа бөлініп қарастырылады:

  • қимыл-қозғалыс қызметінде ауыр бұзылулары бар балалар: олардың кейбіреулерінде түзу тұру мен жүру, ұстау, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптаспаған; енді біреулері ортопедиялық жабдықтардың көмегімен әзер қозғалады, өзіне-өзі қызмет ету дағдысы жартылай ғана қалыптасады;

  • орташа дәрежедегі қимыл-қозғалыс бұзылулары бар балалар (сан жағынан ең көбі): балалардың басым көпшілігі өздіктерімен шағын аралықта жүре алады, бірақ тез емес өзіне - өзі қызмет ету дағдылары қалыптасқан;

  • жеңіл дәрежедегі қимыл-қозғалыс бұзылулары балалар: олар бөлмеде де, көшеде де өздіктерімен жүре алады, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптасқан, бірақ патологиялық күйлер, жүрістің бұзылуы, ауыр қимылдау сияқты көріністер кездеседі;

Тірек-қимыл аппараты зақымданған балалардың 89% БЦСА бар балалар құрайды.
БЦСА балалардың церебральды сал ауруы, бұл жүйке жүйесінің ауыр науқасы. БЦСА – мидың қозғалыс жүйесінің зақым-дануынан пайда болатын және бұлшық ет қызметіне орталық жүйке жүйесі тарапынан бақылаудың болмауымен немесе жеткіліксіз бақылануымен көрініс беретін қимыл-қозғалыстар бұзылуының бір тобы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет