Портфолионың философиясы:
назардың мұғалімнің нақты тақырыптағы білмейтіні, жасай алмайтынын,
білетіні мен қолынан келетініне ауысуы;
сандық және сапалық бағаның кірігуі;
педагогикадағы баға қою (бағалаудың) өзіндік бағалауға алмасуы;
портфолионың негізгі мәні қолыңнан не келетінін көрсету.
«Портфолио» - мұғалімнің кәсіби дамуын, оның нәтижелерін көрсететін
көпмақсатты құжат. Жетістіктер портфолиосы деп те аталатын бұл папка үш
бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлім – құжаттар бөлімі. Онда білім көтеру барысында алған
білімін куәләндыратын құжаттар жинақталады.
Екінші бөлім – жұмыстар бөлімі. Бұл бөлімнің мазмұны мұғалімнің
шығармашылық жобалары мен әр түрлі деңгейдегі ғылыми-практикалық
конференцияларға, жарыс, сайысқа қатысқанын куәландыратын құжаттар,
жобалар, рефераттар, суреттерден тұрады.
Үшінші бөлім – пікірлер бөлімі. Мұнда мұғалімнің сабақтарына, басқа ол
өткізген
іс-шараларға
қатысқан мектеп басшыларының, әдіскерлердің,
әріптестерінің, ата-аналардың, оқушылардың пікірлері жинақталады. Олар
пікір, рецензия, резюме, эссе, ұсыныс түрінде болуы мүмкін. Портфельдің
титульді бетінде мұғалімнің аты, жөні, мамандығы білімі және басқа деректер
мен папканың басталу аяқталу мерзімі жазылады.
Біз
өз тәжірибемізде мұндай портфельдерді біліктілікті арттыру
курстарына барып келген мұғалімдерге де дайындатқызуды енгіздік. Курс
барысында алған үлестірме материалдан бастап, жазған конспектілері, жасаған
жобалары, білім көтеру барысындағы өз шығармашылық жұмыстары, қатысқан
33
практикалық сабақтарының үлгі-жоспарлары, тестік жұмыстар, сауалнамалар
мен өзін-өзі бағалау үшін берілетін материалдар жиынтығын бір папкада
жинақтау мұғалімнің кәсіби дамудағы жетістіктерін байқау мен бағалауға
ықпал етеді. Ең бастысы портфель біреу (мысалы тексеруші) үшін емес әр
адамның өзі үшін, оның өзінің кәсіби дамуының бағыт-бағдарын, деңгейін
айқындап отыру үшін қажет екенін түсіну орын алады.
Мұғалім
портфелін
мұғалімдердің
жеке
табыстарын
бағалауға,
диагностикалау мен мониторинг жасауға ықпал ететін құрал деп айтуымызға
болады.
Мұғалімді мектепке бейіндеп дайындау, оның кәсіби дамуына тиімді әсер
ететін әдістердің бірі – өз бетінше білім алу әрекетін белсендіру болып
табылады. Өз бетінше білім алу: психологиялық (ақпараттық-дамытушылық,
мотивациялық, эмоциональдық-еріктік); практикалық (мазмұндық, танымдық-
әрекеттік, ұйымдастырушылық) компоненттерден тұрады. Осы айтылғандарға
қысқаша тоқтала кетейік [14]:
Ақпараттық-дамытушылық.
Бұл-біріншіден,
өзінің
кәсіби
әрекетін
жоғары деңгейде атқаруы, рефлексивтік мәдениетінің артуы үшін мұғалімнің
философиялық,
психологиялық,
педагогикалық
әлеуметтанымдық
т.б.
білімдердің
қажеттілігін
сезінуі,
«педагогикалық
шығармашылық»,
«педагогикалық
импровизация»,
«педагогикалық
эксперимент»
сияқты
ұғымдардың мәнін түсінуі; екіншіден білімнің үздіксіз екенін, мұғалім үшін
оның тоқтауы өте қауіпті екенін ұғынуы; үшіншіден өзінің нені білмейтінін
анықтауы, кәсіби құзырлылығының деңгейін талдай алуы, өзінің әлеумет
арасында қаншалықты мәртебесінің барлығын сараптай алуын білдіреді.
Мотивациялық.
Мұғалімнің
танымдық
қажеттіліктері
мен
қызығушылақтарының дамуымен, өзін дамыту, өзін-өзі іске қосу, кедергілер
мен шектеулерден шыға алудың жаңа мүмкіндіктерін іздестірумен байланысты.
Эмоциональдық-еріктік. Мұғалімнің өзінің ойлау жүйесін өзіне-өзі бұйрық
бере
отырып
іске
қосуына
енетін;
табандылығы,
бастамшылдығы,
мақсаттылығы, бағыттылығы мен шығармашылық көңіл-күйі жатады. Ал өзін-
өзі саналықпен тәрбиелеу арқылы өз бетінше білім көтеру мұғалімнің
шығармашылық әлеуетін дамытудың
негізгі шарттарының
бірі
болып
табылады.
Мазмұндық. Мұғалімнің өз қажеттілігіне орай ақпараттың теориясын,
әдіснамасын, әдістері мен технологиясын терең меңгеру жатады.
Танымдық-әрекеттік. Бұл-мақсатты түрде оқу техникасын меңгеру,
саналы, зерделеп оқудың құралдарын білу, қажетті ақпаратты таба алу, ойлау
техникасын дамыту, әр түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасай білу, жазып
түртіп оқуды меңгеруден тұрады. Жаңалықтағы мәнді нәрсені таба алу
әрекетінен басталады.
Ұйымдастырушылық. Өз бетінше білім алушының танымдық жұмысты
тиімді ұйымдастыру дағдыларын білу, жұмысты орындауда нақты мақсаттар
34
мен айқын міндеттер белгілей алу, жолдары, шарттары мен құралдарын
анықтау мен өзіндік бақылау жасауды жүзеге асыра алушылығы.
Мысалы: «Мұғалімнің өз білімін көтеруі – шығармашылыққа жету кепілі»
тақырыбында ұйымдастырылған семинар-тренингке тоқталайық:
1. Үздіксіз білім жүйесіндегі өз білімін көтерудің алар орны қандай?
2. Өз білімін көтерудің қоғамдық мәні бар ма?
3. Мұғалімнің өз білімін көтеру жұмысын арнайы ұйымдастыру қажет пе?
4. Тексерілуі, есеп берілуі тиіс пе? – деген сұрақтарды топтарда
талқылаудан басталады. Әр топ өз идеяларын жинақтап топ атынан сөйлеуші
оны жария еткен соң аздаған кіріспеден көрнекті педагогтар А.С. Макаренко,
Л.Н. Толстойдың өз білімдерін көтеру тәжірибесінен мысалдар келтіріледі.
Бұдан соң жұмыс тағы да топтарда жалғасып, оларда мұғалімнің
біліктілігіне қойылатын талаптар, өз тәжірибесінің «күшті» және «әлсіз»
жақтарына талдау жасау, білім көтеру не үшін керек деген мәселелер
төңірегінде пікір алмасу ұйымдастырылады.
Неміс ғалымы Колба жасаған өз білімін көтерудің үлгісі таныстырылады.
Бұдан соң мұғалімнің кәсіби дамуының жеке жоспарының үлгісі келтірілген
үлестірме материал таратылып берілді де оны өз беттерінше топтарда талқылау
сұралады. Әр топ атынан шығып сөйлеушілер таратылған ақпарат бойынша
алып-қосатындарын айтып өткен соң тағы да үлестірме материал арқылы
мұғалімнің өзін-өзі бағалауы, өз тәжірибесін талдауына арналған тапсырма
беріледі. Жұмыс әркімнің өзінің білім, тәжірибе, кәсібилік, шығармашылық
деңгейіне сәйкес келетін жоспар жасап оларды қорғаумен аяқталады.
Осындай әрекет арқылы біз шешуге талпынған басты мәселе мұғалімдерге
шығармашылық жағдайында жұмыс жасауға күнделікті білімдерінің жеткіліксіз
екенін сезіндіру, теориялық ақпараттарды білуге деген талпыныс туғызу, өз
кәсіби әрекетін сыни тұрғыдан бағалау сияқты нәтижелерге қол жеткізу болды.
Мұндай жұмыстарды тұрақты жүргізу арқылы қол жеткізген нәтижелер:
Достарыңызбен бөлісу: |