247
табаны таспен түстеген сықылды өзіне сезіледі. Қолымен тасты
сипады:
құп-құрғақ тас, қолға жабыспайды. Тағы жүрді, етігі
тағы жабысты. Отыра қалып, етікті шешіп алып, етікпен тасты
түрткіледі.
Етіктің қонышы, ұлтаны тасқа жабыспайды,
темір шегесі
тасқа тисе, тістесе кетеді, жабысып қалады.
Мағнистың темір ұшты таяғы бар еді. Таяқтың ағашымен
тасты түртіп еді, таяқ тасқа жабыспады; темір ұшымен тасты
түртіп еді, таяқ таспен ұстасып қалды: таяғын тастан азар-азар
дегенде тартып алды.
Мағнис тасты айналдырып қарап еді, кәдімгі темір тәрізді.
Біраз тасты үйіне алып келді. Сонан бері таспен адам таныс бо-
лып, тасқа «магнит» ат қойды.
2.
Магнит жерден темір кені тас болып табылады. Темірдің ең
жақсысы магнит кеннен алынады. Магнит өзі сауысқанның ба-
лапанындай, темірге ұқсайды.
Бір бөлек темірді алып магнитке қойсақ, темір өзге темірді
өзіне тартады. Құрыш инені алып әр бері магнитке қойып алсақ,
ине магнит болып қалады. Өзіне темірді тартады. Екі магнитті
алып біріне бірін тигізсек, бір бастары, келші деп құшағын жа-
йып, ұстаса кетеді, екінші бастары кетші деп қымтанып, итеріп
тастайды.
Біріне бірі сырт береді, шыр айналып кетеді.
Бір ұзынша магнитті екі бөлсек, бұ екі бөліктің де бір баста-
ры ұстаса кетіп, екінші бастары сырт беретін бола қалады. Ал
осы екі бөліктің әр қайсысын тағы екі бөлсек, тағы бір баста-
ры шұрқырасып қосылып, екінші бастары тебісіп айрылады да
тұрады. Магнитті қаншаға бөлсек те, осы болады да тұрады.
3.
Ал енді құрыш инені алып магнит үстіне көбірек қойып
алып, екінші инені шаншып,
осы шаншулы иненің ұшына
алдыңғы инені қимылына мейман тұтқау қылмайтын қылып
248
сұлатып салсақ, бір басы терістікке, екінші басы түстікке
қарап орын тебеді. Қозғап өзге жаққа бет бергізіп, қоя берсек,
босатсақ, тағы бір басы терістікке, екінші басы түстікке жатады.
Байлап қоймаса, өз еркімен бұ бетін ине бұзбайды. Магниттің
осы сипатын ұмытпау керек.
Магнит жоқта, адам баласы теңізде ұзап жүзбеген. Ұзап кет-
се, жер жоқ. Бетті күнге, жұлдызға қарап түзеген; күнде, түнде
тұман болса, күн де, жұлдыз да жоқ, теңізде жол да, белгі де
жоқ. Қайда барарын білмеген. Кемені жел айдап барып тасқа
соқса, кеме күл-парша болған.
Магнит жоқта, адам баласы жағадан ұзап теңізде жүзбеген.
Магнит тапқан соң, жоғарыда жазылған екі инені істеп алған.
Магнит ине қалай айналса, бұған бостандық. Магниттің бір басы
терістікте, екінші басы түстікте.
Осыған қарап теңізде қайда
бара жатқан бетті білген. Енді теңізде қанша қиырға жүзсе, ада-
су жоқ болған. Жағамен ғана жүзуді тастап талай жаңа теңіз,
талай жаңа жерді тапқан.
Енді кемеде магнит ине болады, мұны камбас дейді. Кеме-
де жүзген жолын өлшейтін өлшеуіш арқан бар. Кеме жүзгенде
шумақтаулы арқан жазылып отырады, қанша жол сумен
жүзгенді, айтып береді.
Енді кемеде жүзіп келе жатып, қамбасқа қарап бетті, арқанға
қанша жүзгенді біледі. Мұны білген соң, кеменің жағадан, бір
белгілі жерден, қай жақта қанша
жерде келе жатқаны мәлім
болады.
Достарыңызбен бөлісу: