Біздің ортақшылдық дәуірімізде қала ауылға береді де, алады
да. Бұл қатынас та өзінен өзі жасалып тұр. Біз бұл қатынасты
мың
есе арттыруымыз, күшейтуіміз керек.
Біздің жұмыс сол мезгілде ғана ілгері басады, өнеді, қала
мен ауылдың қатынас мәселесін
оң толғап дұрыс шешсек,
жұмысшыларды әкірейген әкім жасап алмай, ауылдағы шаруаға
жан-тәні араласқан шын дос жасасақ, сонда ғана мәселені дұрыс
шешкеніміз, сөзді іске айналдырғанымыз болады.
2-нші януар [қаңтар], 1923-інші жыл.
В. Ленин
Аударушы V.
«Жаңа мектеп» журналы, № 1, 1925 жыл.
Қызылорда қаласы.