Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!


§ 5. Бірігіп ұйымдасқан ерік – ұйымдасқан ортақшылдық



Pdf көрінісі
бет72/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

§ 5. Бірігіп ұйымдасқан ерік – ұйымдасқан ортақшылдық
қоғамдағы жеке еріктердің нәтижесі
Ортақшылдық қоғамда түр қандай екен? Мұнда жасау 
ретсіздігі жоқ. Тап, тап тартысы да жоқ. Тап тілектерінің 
қайшыластығы да жоқ. Қоғам мен қоғам мүшелерінің де 


186
тілегі қайшыласпайды. Бұл қоғамда дұрыс тартылған жасау 
желісімен жұмыс жасау бар.
Мұнда жеке ерік не түрде? Қоғам да адамдардан құрылады. 
Сондықтан қоғамдық құбылыстар жеке еріктердің нәтижесінен 
құрылады. Бірақ бұл құрылыстың реті, нәтиже шығатын 
жол ұйымдаспаған қоғамдағыдан бүтіндей айырым. Бұған 
кішкентай мысал келтіру керек. Айталық, дұрыс түсініскен 
кішкентай қоғам бар екен. Бұл қоғам мүшелері барлығы 
бір мақсұтқа ұмтылулы. Мәселені бірігіп шешеді. Амалды 
бірігіп жасайды. Олардың қосылып жасаған амалы, олардың 
мәселе шешуі – ұйымдық жұмысы. Бірақ, бұл жұмыс қоғам 
мүшелерінің тілегіне қарсы сыртқы күш емес. Мұнда жапа 
тұрым мақсұтқа ұмтылу бар. Бес адам бірігіп тас көтермек 
болады. Дара адам тасты көтере алмайды. Қосылса – оп-оңай 
көтереді. Жалпы тілек жеке тілекке залал келтірмейді. Қайта 
жеке тілектің тез орындалуына себеп болады.
Дәл осы сияқты, бес адамның тас көтергені сияқты емес, 
үлкен мөлшерде, көп айналмалы түрде, ортақшылдық 
қоғамда да болмақ («ортақшылдық қоғамы» деп біз жалшылар 
үстемдігі дәуірін я ортақшылдық[тың] бастапқы сатыларын ай-
тамыз; біз нақ таптық мінездер жоқ, орныққан ортақшылдық 
қоғамын, мемлекетсіз, заң-законсыз сыртқы қоғамды айта-
мыз). Бұл қоғамда адамдардың барлық қатынас амалдары 
көрініп тұрмақ. Қоғамдық ерік ұйымдасқан, тәртіптелген ерік 
болмақ. Жеке адамның еркіне байланбаған, сырттан болатын 
апат нәтиже болмайды. Шегелеген, есептелген, ұйымдасқан 
қоғамдық қарар болады. Сондықтан мұндай капиталшылдық 
дәуіріндегідей болмайды. Мұндай қоғамдық табыс адамға 
қожа болмайды, адамдар өздерінің табысына, шешуіне қожа 
болады. Неге десеңіз? Шешуші көре біле түсініп, шешуші адам 
өзі. Қоғамдық құбылыстар мұнда қоғам мүшелерінің көбіне за-
лалды, кеселді болып шықпайды.
Жоғарыда айтылған реттен ортақшылдық қоғамда қоғам 
еркі, жеке ерік ешнәрсеге байлаусыз, ортақшылдық дәуірінің 
ерік бостандығы болады. Адам көзді ашып-жұмғанша қасиетті, 
керемет иесі болып кетеді. Себепшілдік заңға адам құл емес 
деп ұғыну жарамайды, бұл дұрыс емес.


187
Ортақшылдық дәуірінде де адам жалпы себепшілдік 
заңына бағынған жаратылыстың бір бөлшегі болып қала 
бермек. Шындықта, әрбір жеке адам айналадағы жағдайға 
бағынбай ма? Сөзсіз бағынады. Адам Орталық Африкадағы 
бадауише қимылдамайды, капитал дәуіріндегі банкирше 
де қимылдамайды. Оның қимылы ортақшылдық қоғамның 
мүшесінің қимылы болады. Бұл анық. Бұдан не көрінеді? Бұдан 
тіршілік жағдайының ортақшылдық дәуірінде де адамның еркін 
билейтіні көрінеді. Басқа реттерде де осылай. Ортақшылдық 
дәуірде де жаратылыс күштері мен адам тартыспақ. Олай бол-
са, бұл тартыс жағдайлары адамның қылығын билемек, тағы 
осындайлар... қысқасы, детерминизм қисыны ортақшылдық 
қоғамда да дұрыс қисын болмақ.
Сонымен, ұйымдасқан қоғам туралы мынадай реттер 
шығаруға болады:
1) қоғамдық құбылыстар жеке еріктердің, сезімдердің, 
амалдардың... қабысуларынан шығады; бұл жұмыс сыртқы 
күшпен орындалмайды, ұйымдасқан еңбекпен, амалмен бола-
ды;
2) қоғамдық құбылыстар әрдайым жеке адамның еркін 
билейді,
3) қоғамдық құбылыстар адам еркінен шығады; адам өзінің 
тілегіне қожа, адам қоғамдық апаттың дүмпуіне түспейді, 
апаттың (стихия) орнын түзу қоғамдық ұйымдасылады [?].
Ортақшылдық дәуірде өсім есепті, ұйымдасқан түрде бола-
ды. Адам не жасау, қалай жасау керек екенін біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет