«Қазақстанға ірі кооператив жұмыскерлерін
даярлайтын, ұзақтығы 2 3 жылдық кооператив
мектептерін ашу керек.
Әуелі бұйым жинау кез келген адамның қолынан
келмейді. Қойдың терісі 99 түрлі болатын көрінеді.
Германияға барып оқып келген қазақ студентінен
туысқандары: – Қандай оқу оқып жүрсің? – деп
сұраса: – Тері оқуын оқып жүрмін, – депті.
– Одан не әкім болып шығасың? – десе,
– Тері доғдыры болып шығамын, – деген ғой (надан
қазақтың сол уақыттағы күлгенін көрсеңдерші)...».
V.
1926 жыл. Мәскеу.
343
МЕКТЕПТЕ КООПЕРАТСИЯ САБАҒЫ
8 жылдық кеңес өкіметінің тариқы, Ресейдің күйрелген
шаруашылығының өркендеп жаңа негізде жаңа арнамен өсіп
келе жатқаны, гүл жарып шоқтары жайнап келе жатқан жаңа
социалшылық, жұртшылық тектері көңілді сенім мен денені
күшпен толтырады: кейін шегіну жоқ, ілгерілеп, социалшылық
дүниесіне баса бермекпіз.
Қазақ елі қанша надан, мешеу, шаруасы төмен дәрежелі
болса да, ұлы кеңестер одағының елі: ілгерілеу, күн санап даму,
социалшылық тұрмысына жақындай беру, жету – қазақ еліне
де қас.
Қазақ елі жалпы кеңестер одағының мәдениетті елінен қанша
надан болса, қазақ шаруасы мәдениетті елдердің шаруасынан
қанша төмен, кедей болса, қазақ жұртшылығы басқа елдердің
жұртшылығынан қанша көмескі, гүлсіз болса, Қазақстандағы
жасалатын жұмыс сонша ауыр, көп тығыз болмақ.
Бұл ауыр жұмыстың түпкі негізі шаруашылық:
шаруашылығы тірілсе, гүлденсе, социалшылық арнамен ағып
дамыса, ілгерілесе – Қазақстан да ілгерілейді.
Қазақ ауылында, көтеріңкіреп айтсақ, қазақ республика-
сында жұртшылық жұмысы майданында «итке таяқ соғатын»
ада оқытушылар ғана. Сондықтан жұртшылық жұмысының,
мұның негізі шаруашылықты тірілтудің қамыты күні-түні
оқытушының мойнында.
Оқытушы мектеп «қазанын қайнатып» білім дүкенін ашып,
жас буынға социалшылық тәрбие беріп жатыр. Ересектерді
баулып, үлкендердің сауатсыздығын жойып жатыр. Бұл
жұмыстың барлығы да тексере келгенде социалшылық ша-
руа құру жұмысына, шаруашылыққа, бір тамырмен болса да
барып араласады. Бірақ шаруашылықтың төте жолдары да
бар. Бұл жолдардың біздің күнімізде әсіресе ауылда ең төтесі:
шаруашылықты кооперация мен жандандыру. Бұл жол кеңес
өкіметінің осы күні екі көзін бірдей тігіп отырған жолы. Коо-
перация жұмыс жасай білетін адамдарға мұқтаж, кооперация
344
ұрлық – сұмдық жүргізбейтін әділ қызметкерлерге мұқтаж –
деп өкімет кооперация екпінді жұмыс деп ұран тастап отыр.
Қазақ даласына, қазақ ауылына келсек, кооперацияның
кемшілігі басқа жердегіден әлденеше рет күшті.
Сондықтан Қазақстанда кооперация жұмысы оқы-
тушылардың тегісінен араласатын жұмыс. Қазақ оқы тушысы
кооперациядан қашса да құтыла алмайды; оқытушысыз коопе-
рация да орнынан қозғала алмайды. Кооперация майданындағы
қырман оқытушы.
Қазақстанда кооперация туралы әңгіме қозғалғалы бірталай
уақыт болып қалды. Бұл мәселе съездерде, жиылыстарда, баспа
сөз майданында талай талқыға салынды. Ел кооперацияның
пайдасы туралы едәуір түсініс алғандай да болды. Бұлай бола
тұрса да, кооперация іс жүзінде әлі жарыққа шығып жет-
кен жоқ. Қазақстанда шаруашылық әлі кооперация жібімен
қоршалған жоқ. Сондықтан кооперация мәселесі талай уақыт
алдымызда тұрмақ.
Шамамен айтқанда, алдымыздағы 3 4 жылдың ішінде
Қазақстанда үш мыңдай кооператив болмақ. Әр бір коо-
перативке бір есеп жүргізуші, 3 басқарма мүшесі, 3 тергеу
комиссиясының мүшелері – барлығы 7 адам керек. Үш мың
кооперативке 21 мың адам керек. Бұл адамдардың барлығы
жұмыс жасау ретінен де, кооперативтің қисынын білу ретімен
де жетілген мамандар болу керек болады.
Үстіміздегі жылда кооператив курстері 100 шамалы ғана
адамды даярлап шығарған болып отыр. Бұл жұмыспен
кооперативтерді мамандармен, іскерлермен тойғызуға 210 (екі
жүз он) жыл керек. Бұл таяу осы күндегі ғана, 2 3 жылғы ғана
мұқтажға жетеді. Барған сайын кооперативтердің саны көбейе
бермек. Ол уақытта маман да көп керек болады.
Олай болса (солай екені даусыз) кооператив қызметкерлерін,
мамандарын даярлау, көбейту жұмысын ұшқырландырмай
болмайды. Кооператив мамандарын даярлауға оларды оқыту
керек. Сондықтан күніміз оқытушыларға тағы түседі. Курс
ашып оқытқан қысқа уақытта оқушылар барлық керек білімді
345
алып шыға алмайды. Сондықтан бұл туралы мынадай әрекетке
кірісу керек.
1. Кооператив курстерін көбейту.
2. Курстердің сроктерін кем болғанда 6 ай жасау.
3. Мұғалімдер курсіне, мұғалімдер дайындайтын институт,
техникумдерге кооператив сабақтарын кірістіріп, мұғалімдерді
кооператив жасау.
4. Барлық мектептерде кооператив сабағы жүргізілсін.
5. Кооператив туралы жұмыскерлерге де, елге де тү сінікті,
жеңіл кітап жазылып таралсын. Қысқасынан айт қанда коопе-
ратив жұмысына оқушыларды жекпей, Қазақстан жағдайында
жұмыс орындалмайды.
Бұл айтылған жұмыстар дайындалатын жұмыскерлер
кооперативтің бастаушы жұмыстары, бастаушы жұмыскерлері.
Кооператив «Әліпбимен» таусылмайды, терең оқыту, ауыр
жұмысы да бар. Мәселен, бірі кооперативтер, аймақтық союз-
дер бар. Бұларда адамға, маманға «итке жүк артқандай» ме-
шеу. Бұларға керек адамдарды дайындамай тұрып, коопера-
тив жұмысын ілгерілете алмаймыз. Сондықтан Қазақстанға ірі
кооператив жұмыскерлерін даярлайтын, ұзақтығы 2 3 жылдық
кооператив мектептерін ашу керек.
Әуелі бұйым жинау кез келген адамның қолынан келмейді.
Қойдың терісі 99 түрлі болатын көрінеді. Германияға барып
оқып келген қазақ студентінен туысқандары қандай оқу оқып
жүрсің деп сұраса, тері оқуын оқып жүрмін депті, – одан не әкім
болып шығасың? десе, тері доғдыры болып шығамын деген ғой
(надан қазақтың сол уақыттағы күлгенін көрсеңдерші); бұл рет-
тен бәріміз де наданбыз, бізге терінің бәрі бір тері, дұрысында
олай емес, тері мен терінің арасы жер мен көктей.
Қазақстан мал баққан ел, әуелі бұйым Қазақстанда көп сауда
кәсібінің дені ұлы бұйыммен болады. Ұлы бұйымды сұрыптай,
сорттай білетін маман жоқ. Сондықтан Қазақстан жағдайында
ұлы бұйым сұрыптау мектебін, курсін ашуда қажет-ақ. Бұл
жұмысқа да оқытушыларды шақырмай болмайды. Біздің коо-
ператив туралы ұрандарымыздың бірі «мұғалім кооперативті
білсін. Мектепке кооператив сабағын оқытсын» болу керек:
Әдебиет:
Кооперация жайы мен толық түсіну үшін, қазақ тілінде
мына кітаптарды оқу керек: 1) Садуақасұлы Ысмағұл. «Коопе-
рациямен қазақ шаруасы». 52 бет, 35 тиын.
2) Бұ да сонікі. «Салмақбай ауылында кооперация қалайша
ашылды». 109 бет, 70 тиын.
3) Бұ да сонікі. «Қарыз серіктігі, оның қара шаруаға пайда-
сы». 88 бет, 35 тиын.
4) «Шаруа қарызы». Аударған Сүгірұлы Рақым. 15 бет.
5) Ипполит Буйтов. «Тұтынушылар қоғамы мен пактурие
дүкені». Аударушы Шайқы Құлжанұлы. 27 бет, 25 тиын.
Мұнан соң Қазақстан аймақтық партия комитеті мен кеңес
сиездерінің кооперация туралы қаулылары.
V.
«Жаңа мектеп» журналы, № 4, 1926 ж.
Қызылорда.
|