Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!


АЛАШ КӨСЕМІ ШЕТЕЛ АСПАЙ, ӨЗІН МӘСКЕУ



Pdf көрінісі
бет2/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150
АЛАШ КӨСЕМІ ШЕТЕЛ АСПАЙ, ӨЗІН МӘСКЕУ 
ТОРЫНДА ҰСТАУҒА НЕГЕ КӨНДІ?
Немесе Әлихан Бөкейхан өмірінің
«мәскеу кезеңі» туралы
(1922–1937)
(Құрастырушыдан)
Әлихан Бөкейхан өмірінің 1922 жылғы желтоқсаннан 1937 
жылдың қыркүйегіне дейін 15 жылға дерлік созылған ақыретті 
«мәскеу кезеңі» де әлі жан-жақты зерттелмеген, жұмбағы 
жетіп-артылатын сәтінің бірі. Алаш көсемінің Мәскеуге өз 
ықтиярымен қоныс аудармағаны, А. Байтұрсынұлының сөзімен 
айтқанда, «айдан анық, сүттен ақ» [№ 1-сурет]. Оны соңғы жыл-
дары Ресейдің бірқатар мемлекет мұрағатынан табылған тың 
құжаттар бұлтартпай дәлелдейді. Бұл құжаттардан, атап 
айтқанда, Түркістан автономиясының бірінші басшылары 
Тұрар Рысқұлұлы мен Сұлтанбек Қожанұлының [№ 2-сурет], 
Қырғыз (Қазақ) облыстық комитетінің хатшысы Коростылевтің 
[№ 3-сурет], 1927 жылдың мамырында И. Сталиннің құпия же-
делхаттары [№№ 4, 5-сурет], НКВД-ның тергеу материалдары 
мен Бүкілресейлік Орталық атқару комитетінің (БОАК) хат-
тамалары [№ 6-сурет] және т. б., Алашорда автономиясының 
басшылары мен мүшелеріне және белсенділеріне 1919 
жылы рақымшылық жариялануына қарамастан [№ 7-сурет],
Ә. Бөкейханның 1922 жылы тұтқындалып, оның ізінше Мәскеуге 
айдалуы, 1926 жылы Ақтөбеде тұтқындалып, Мәскеудегі Бу-
тырка түрмесіне жабылуы және т. б. бір қарағанға жұмбақ 
көрінетін талай оқиғаның сырына тиянақты жауап береді.
Алайда, 1919 жылдың соңына қарай Қазақстанға Совет 
өкіметі орнағаннан кейін Алашорда ұлттық автономиясының 
басшысы ретінде жаңа өкіметке қарулы қарсылық көрсеткен 
өзі мен үзеңгілестерін не тағдыр тосып отырғанын Алаш көсемі 
болжай алмады ма? Совет өкіметі өзі мен үзеңгілестеріне 
рақымшылық жариялағанша Семей өңірінде жасырынып 


6
жүрген Қыр баласы – елағасы өзінің дарынды саяси шәкірті әрі 
ізбасары – Мұстафа Шоқаймен бірге немесе оның ізінше неге 
шекара асып кетпеді? Әзірше тарихи құжат түрінде негіздемесі 
жоқ бір мәліметке сәйкес, 1919 жылдың соңы мен 1920 жылдың 
басына дейін Алашорда төрағасы жақын үзеңгілестерімен 
Қытайға өтіп, біраз уақыт Шәуешек маңында жасырынып 
жүргенге де ұқсайды. Сібір мен Қазақстанда совет өкіметінен 
ойсырай жеңілген ақтар қозғалысы көсемдерінің дені, оның 
ішінде әсіресе Орынбор және Сібір казак әскерлерінің атаман-
дары А. Дутов, Б. Анненковтың өз әскерлерімен Қытай асып 
кеткендерін ұмытпасақ, олармен антибәлшебектік одақ құрып 
Қызыл әскерге қарсы соғысқан Алашорда көсемдерінің де, оның 
ішінде совет өкіметінің 1919–1922 жылдардағы құжаттарында 
жазылғандай, «Шығыс Алашорданы бастаған Бөкейханов тобы» 
[№ 8-суретті қараңыз]
1
Шәуешекті немесе Шығыс Түркістанның 
өзге бір қаласын паналауы шындыққа әбден-ақ жанасар еді. 
Бұл топқа Ә. Бөкейханның өзі, Р. Мәрсекұлы, Х. Ғаббасұлы,
М. Дулатұлы және басқалар жататын.
Бірақ тарихтан белгілі, не Алаш көсемі, не үзеңгілестері 
Қытай аспай, жаңа өкімет өздеріне рақымшылық жариялаған 
соң, елге оралды. Неге шетелге кетпеді? – деген заңды сұрақ 
сол кезде-ақ күн тәртібіне шығып, оған тиянақты жауап 
іздеген адам да аз болмаған көрінеді. Солардың бірі – Алаш 
қайраткері, ғалым, жазушы, драматург, журналист Қошке 
(Қошмұхамед) Кемеңгерұлы 1924 жылы Мәскеуде басылып 
шыққан «Қазақ тарихы» атты очеркінде мынадай жауап жа-
зыпты: «басқа жұрттардың басшылары тырым-тырақай болып 
шет патшалықтарға шығып кеткенінде, Әлиханның қоныс ау-
дармай қалуы да – елін сүйгендікке дәлел».
2
Ә. Бөкейханның 1917 жылғы төңкеріске дейінгі де қиян-
кескі күрес жолында алдынан қашу-қашпау мәселесі 
көлденең шыққан тағы бір маңызды сәті болған-ды. Бұл сәт 
Қ. Кемеңгерұлының пікірін толық растайды. Атап айтқанда,

ГА РФ (бұрынғы ЦГАОР): 1235 қор, 36 тізбек, № 26 іс, 1 парақ.

Кемеңгерұлы Қ. Таңдамалы. //Алматы: Қазақстан. 1996 ж. 
Құрастырған және алғы сөзін жазған Д. Қамзабекұлы. 67 б.


7
І Мемлекеттік Думаға сайлану науқанын жүргізу үшін Семей-
ге келе жатып, 1906 жылдың 8 қаңтарында Кереку [Павлодар] 
түбіндегі Тұзқала кентіне [Ямышевский поселкасы] аялдаған 
сәтінде Ә. Бөкейхан тұтқындалып, ешбір тергеусіз-сотсыз 4 
ай Павлодар, Омбы түрмесінде отырады. Тұзқалада ұсталған 
кезінде Семейден Тұрағұл Абайұлы, Кәкітай Ысқақұлы 
Құнанбай бастаған достары бір топ, Тұзқаладағы қазақ доста-
ры екінші топ болып оны қашырмақ болған. Бірақ достарының 
екі тобын да таңырқатып Әлекең қашудан бас тартқан. Бұл 
жолы да Алаш көсемі елінің амандығы үшін жанын да, өмірін 
де құрбан етуге қашан да әзір екенін байқатса керек. Бұл сәтті 
Әлихан 1915 жылы Кәкітайға арнаған мұнақып-мақаласында 
былай деп еске алды:
«Януар басында 1906-ыншы жылы Керекуден Семей-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет