Тірі организмдердің тіршілігіне әсер ететін кез келген орта жағдайларын немесе орта құрамбөліктерін деп атайды ?



бет1/2
Дата09.10.2022
өлшемі18,16 Kb.
#41973
  1   2
Байланысты:
0 дік срез 8


Биология пәнінен тест сұрақтары



  1. Тірі организмдердің тіршілігіне әсер ететін кез келген орта жағдайларын немесе орта құрамбөліктерін .............. деп атайды ?

А) экожүйе
Ә) экологиялық фактор
Б) абиотикалық фактор
В) антропогендік фактор
2. Экологиялық фактор қанша топқа бөлінеді?
А) бөлінбейді
Ә) 2
Б) 3
В) 4
3. Қоректік тізбекте энергияны алу тәсіліне байланысты организмдер ......... болып бөлінеді.
А) өсімдіктер және жануарлар
Ә) саңырауқұлақтар мен бактериялар
Б) автотрофты және гетеротрофты
В) табиғи және жасанды
4. Белгілі бір аумақтағы биоценоздардың табиғат факторларының немесе адам әрекетінің әсерінен бірізді ретпен ауысуы ............. деп аталады?
А) бірінші реттік сукцессия
Ә) екінші реттік сукцессия
Б) биоценоз
В) экологиялық сукцессия
5. Экожүйе-
А) тұрақты күйге ұмтылатын, өзін-өзі реттейтін жүйе
Ә) тіршілік отасының өзгеру жүйесі
Б) адамның шаруашылық іс-әрекеті жүйесі
В) биологиялық тепе-теңдік жүйесі
6. Қазақстан аумағында қанша қорық бар?
А) 10
Ә) 9
Б) 8
В) 7
7. Қазақстанның Қызыл кітабы қай жылы шықты?
А) 1963
Ә) 1978
Б) 1981
В) 1987
8. Жүйелеудің негізгі бірлігі ретінде түр ұғымын ғылымға енгізген ғалым?
А) К.А. Тимирязев
Ә) Ч.Дарвин
Б) К.Линней
В) Ж.Б. Ломарк
9. Жануарларды жіктеудің сызбанұсқасын анықта
А)түр→туыс→тұқымдас→отряд→класс→тип→жануарлар дүниесі
Ә) туыс→тұқымдас→отряд→класс→тип
Б) тұқымдас→отряд→класс→тип→жануарлар дүниесі
В) түр→туыс→тұқымдас→отряд→класс
10. Тірі организмдердің патшалығын ата
А) вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар
Ә) саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар
Б) вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар
В) жануарлар, құстар,сүтқоректілер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет