Тіркеу нөмірі 204-ж Регистрационный №204-ж



Pdf көрінісі
бет23/26
Дата12.02.2017
өлшемі4,03 Mb.
#3947
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

№ 3 (55), 2012   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
барлық  оқыту  және  тәрбие  жұмысымыздың  қорытындысы  болып  табылатын 
Ұлттық  бірыңғай  тестілеу  –  соңғы  мақсатты  нәтижеге  қаншалықты  жете 
алғанымыздың  басты  көрсеткіші  екені  белгілі.  Биылғы  жылы  ҰБТ  барысына 
енгізіліп жатқан жаңа серпінді жаңғыртуларды толығымен қолдай отырып, осы 
үлкен сыннан сүрінбей өту үшін мектеп ұжымдарына ең алдымен оқытудың тәр-
бие құрамдас бөлігін ерекше дамытудың қажеттілігін баса айтқым келеді. Соңғы 
жылдарда  өз  басына  емес,  сырттан  келетін  көмекке  ғана  сеніп,  сенімдерінен, 
ерік-жігерлерінен айырыла бастаған жас ұрпаққа сынаққа дайындалу барысында 
психологиялық  қолдау  көрсетіп,  зерттеушілікпен,  ізденушілікпен  жеңіске  ұмты-
луға тәрбиелеу, сын тұрғысынан ойлап, білімді саналы түрде есте сақтап, өмірде 
қолдана алуға үйрету қажет. Ол үшін жеке тұлғаның креативтік, коммуникативтік, 
зияткерлік,  ақпараттық  құзыреттіліктерін  дамытуға  бағытталған  инновациялық 
педагогикалық  технологияларды  бастауыш  сыныптан  бастап  оқу  үдерісіне 
енгізіп, мақсатты, жүйелі түрде кешенді жұмыстар жүргізу қажет. Сыныптан тыс 
ұйымдастырылатын тәрбиелік іс-шаралардың барлығы жеке тұлғаның бойында 
қалыптасуға тиісті құзыреттіліктерді дамытуға бағытталуы керек.
Ұлы  әл-Фарабидың:  «Адамға  ең  алдымен  білім  емес  тәрбие  беру  керек. 
Тәрбиесіз берілген білім – адамның дұшпаны», – деген тұжырымы бәрімізге аян. 
Тәрбие – қоғамдық үдеріс, қоғам мен жеке тұлғаның арақатынасын қамтамасыз 
ететін  басты  жүйе.  Оның  негізгі  өлшемі  өмірге  қажетті  тұлғаның  жағымды 
қасиеттерін дамыту болып табылады. 
Оқу-біліммен  бірге  жас  жеткіншектің  бойына  адамгершілік,  қоғамдық,  зият-
керлік,  ұжымдық,  құқықтық,  экологиялық,  экономикалық,  халықтық,  ұлттық, 
отбасылық,  гендерлік,  еңбек,  ақыл-ой,  дене  тәрбиесін  қатар  дарытып  отырса, 
сонда  ғана  ол  жан-жақты  дара  тұлға,  Абай  айтқандай  нағыз  «толық  адам» 
дәрежесіне көтеріле алады. 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде: 
«Болашақта  еңбек  етіп,  өмір  сүретіндер  –  бүгінгі  мектеп  оқушылары,  мұғалім 
оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға 
жүктелетін міндет ауыр», – деген болатын [2]. 
Халқымыздың батыр ұлы Бауыр жан Момышұлының: «Ұстаздық – ұлы құрмет. 
Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың бас шысын да, данасын да, 
ғалымын  да,  еңбекқор  егіншісін  де,  кенші сін  де  ұстаз  өсіреді...  Өмірге  ұрпақ 
берген аналарды қандай ардақта сақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да 
сондай ардақтауға міндеттіміз», – деген ойлары ұстазға үлкен құрметті білдіреді 
[3].
Демек,  ұрпақ  тәрбиесі  ата-ана,  қоршаған  ортасымен  қатар  ұс тазға  тікелей 
байланысты. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы 
қасиеттерді  бойына  дарытып,  адамгершілік  рухта  бағыт-бағдар  көрсетуде 
ұстаз  еңбегі  зор.  Нағыз  рухани  бай,  жан-жақты  дамыған,  дарынды  тұлғаны 
зерттеп,  дамытып,  қалыптастыру  үшін  Елбасы  Жолдауында  айтылғандай, 
жас  жеткіншектерді  патриотизм,  мораль  мен  парасаттылық  нормалары, 
ұлтаралық  келісім  мен  толеранттылық,  тәннің  де,  жанның  да  дамуы,  заңға 
мойынұсынушылық рухында тәрбиелеуіміз шарт. Рухани байлық, ең алдымен, әр 
халықтың ұлттық әдет-салты, әдебиеті, мәдениеті, өнері, шыққан түп-тамырында 
жататыны белгілі. Сондықтан болашақты гүлдендіріп, тәуелсіздікті нығайтатын 
Ш.Қ. Құрманбаева

175
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 3 (55), 2012
ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ
ұрпақ алдымен рухани құндылықтарды бойына сіңіріп, ұлттық тәрбие нәрімен 
сусындауы қажет. 
Ең басты рухани құндылық – тіл екені белгілі. Халықтық педагогиканың асыл 
мұралары  болып  табылатын  салт-дәстүр,  әдет-ғұрып,  мақал-мәтел,  шешендік 
өнер, халық ауыз әдебиетін бүгінгі жастар өз бойына, ең алдымен, ана тіліміз 
арқылы  сіңіреді.  Ана  тілін  білмейтін  ұрпаққа  ұлттық  тәлім-тәрбие  беру  әсте 
мүмкін  емес.  Өз  тіл  ін  де  сөйлей  және  ойлай  алмайтын  ұрпақ тың  бойында  өз 
ұлтына деген құрмет ешқашан да болмақ емес. 
Көпұлттылық  пен  көптілділік  сынды  құндылықтар  –  біздің  тәуелсіз  мемле-
кетіміздің  басты  артықшылығы.  Сондықтан  «Өзге  тілдің  бәрін  біліп,  өз  тілін 
құрметтейтін»,  мемлекеттік  тілді  меңгеріп,  басқа  ұлттардың  тілдері  мен 
діндеріне  толеранттылықпен  қарайтын,  мәдениаралық  коммуникацияға 
еркін түсе алатын ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі заманның талабы. Облысымызда 
көптілді  инновациялық  білім  беру  жүйесінің  көшбасшысы  болып  келе  жатқан 
химия-биология  бағытындағы  Назарбаев  зияткерлік  мектебі  бұл  жолда  басқа 
барлық  мектептерге  үлгі  болып  келеді.  Әсіресе  Елбасының  тікелей  қамқорын 
көріп отырған осы мектептің оқушыларының өз білімдері мен күштеріне деген 
сенімдеріне,  бар  мүмкіндіктерді  алдарына  үйіп-төгіп  беріп  отырған  мемлекеті 
мен Елбасына деген патриоттық сезімдеріне тәнті боласың. Тәуелсіз еліміздің 
әрбір мектебі осындай деңгейге жететін күн алыс емес екеніне сенгің келеді.
XXI  ғасырдың  басында  жаһандану  мен  ұлттық  тенденциялардың  бірлігі 
мен күресі, үйлесімі мен текетіресі елдің, ұлттың, жеке адамның адамгершілік 
қасиет сапаларын, ар-намысын жаңа қырынан саралауды талап етеді. Өйткені 
жаңа ғасырдың басында адамның қоршаған ортамен өзара қатынасы шиелене 
түсті. Бұл бір жағынан, барша саланың ғаламдануы, ал екінші жағынан, рухани 
азғындаудың  бас  көтеріп,  үдеу  үрдісімен  түсіндіріледі.  Бүгінгі  таңда  елімізде 
жасөспірімдердің қылмысы мен девианттылығы, виктимизациясы мен суицидінің 
орын  алып  отырғандығы  жалпы  тәрбие  жүйесінің  күрделене  түскендігін 
көрсетеді. 
ХХІ ғасырдың басты жетістігі – ақпараттық технологияның дамуы. Осы мақтан 
тұтқан жетістіктеріміздің басты зардап шегушілері – балалар мен жасөспірімдер 
болып отырғаны жанға батады. Ғалымдар ақпараттық заман тудырған балалар 
мен  жасөспірімдердің  «компьютерлік  тәуелділігін»  ішімдік  пен  нашақорлыққа 
тәуелділікпен пара-пар деп бағалап отыр.
Республикалық психиатрия және наркология ғылыми-тәжірибелік орталығы-
ның мамандары компьютерлік клубтарға баратын 12-13 жастағы оқушылардың 
80 пайызының физиологиялық биоырғағы бұзылғанын, 10 пайызының жүйкесі 
жұқарғанын және әрбір бесінші оқушының басы ауырып, нашар ұйықтайтынын 
анықтаған. 
Ғаламдастыру  шарттарымен  қатар  келген  бұл  рухани  апаттан  балаларды 
аман  алып  қалудың  жолын  қарастыруымыз  керек.  Ол  әр  халықтың  ғасырлар 
бойы ұрпақ тәрбиесінде қалыптасқан, түрлі сыннан сүрінбей өткен халықтың бай 
тәжірибесіне,  халықтық  педагогикасына  негізделген,  шетелдік  инновациялық 
педагогикалық  технологиялардың  ұлттық  ерекшеліктерімізге  бейімделген  ең 
тиімді  стратегияларын  қамтыған  кешенді  түрде  жүргізілетін  тәрбие  жұмысы 
болуға тиіс. 

176
№ 3 (55), 2012   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
Соған  байланысты  білім  ошақтарының  барлығында  тәрбие  жұмысы  қатар 
жүріп, рухани орталықтар, спорттық, шығармашылық үйірмелер көптеп ашылуы 
тиіс, бұрыннан бар үйірмелердің жұмыстарын заман талабына сай жаңғыртылып, 
ізденіспен жұмыс атқаруға кірісетін кез жетті. Сонда ғана біз жастарды салауат-
ты  өмір  салтына  баулып,  тиімді  әрі  қызықты  шаралар  арқылы  жақсылыққа 
тәрбиелей аламыз.
Жеткіншектердің  моральды  түсініктерін  зерттеген  В.А.  Крутецкийдің  айтуы 
бойынша,  тұлғаның  қалыптасуына  идеалдар  терең  эмоционалды  әсер  етеді 
екен [4]. Өзін қоршаған ортадан идеалын дұрыс ізеп тапқан баланың рационал-
ды ойлауы дами түседі. Бала идеалды өзінің жеке рухани-физиологиялық даму 
межесі  ретінде  қабылдайды,  одан  өзінің  болашақ  “менін”  көреді.  Тек  осындай 
жағдайда ғана идеал тұлғаның қалыптасуында ерекше орын алады. Идеалсыз 
тұлғаның  әлемдік  дамуы,  әлеуметтік  тәжірибесі  болмайды.  Идеалдар  –  қоғам 
мен тұлғаның жетілуінің объективті қажеттілігі, кәсіби әрекетті таңдауда, жігер-
күшін  жұмсау  аймағын  ажыратып  алуда  елеулі  әсер  етеді,  жеткіншектердің 
«есею сезімінің» пайда болып, олардың физикалық және рухани күшінің өсуіне 
көмектеседі.
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан қоғамында Елбасы бейнесі – жас жеткіншектер үшін 
басты  идеал.  Елбасының  сарабдал  саясатын  көріп,  қамқорлығында  өсіп  келе 
жатқан біздің бүгінгі ұрпағымыз еліміздің болашағына бек сенеді. 
ҚР  Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасында  көрсетілгендей,  бүгінгі  күнде  мемлекеттік  тілді 
қолданушы өзге ұлт өкілінің жағымды бейнесі қалыптасып келеді. Жұртшылықтың 
алдында, телеарналарда мемлекеттік тілде сайрап отырған өзге ұлт өкілдеріне 
қарап,  балалар  да,  олардың  ата-аналары  да  өздерінің  болашақ  жоспарларын 
мемлекеттік  тілмен  байланыстырып  құруда.  Сондықтан  балабақшалар  мен 
мектептерде  жұмыс  істеп  келе  жатқан  қазақ  тілі  үйірмелерінің  жұмыстарын 
жаңаша  жаңғыртып,  жаңа  педагогикалық  технологияларды  іріктеп  қолдану 
қажет. 
Кеше ғана дүниені дүркіретіп өткен дүбірлі додада қазақ елін әлемге паш еткен 
ерлеріміз – олимпиада чемпиондарын мемлекетіміз жоғары деңгейде ұлықтап 
жатыр.  Олимпиада  чемпиондарының  үлгісі,  жеңіске  арналған  патриоттық 
әндеріміз балалар мен жасөспірімдерді идеалдар рухында тәрбиелеуге үлкен 
үлесін  қосары  сөзсіз.  Сондықтан  олимпиададағы  жеңісімізге  арнап  спорттық 
шаралар  ұйымдастырып,  патриоттық  әндер  сайыстары  ұйымдастырылып, 
тәрбие  ісі  бұл  бағытта  да  қайнап  жатуы  тиіс.  Сол  кезде  жас  жеткіншектердің 
басқа қажетсіз істерге уақыты да болмайды.
«Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Адам 
бойындағы  бар  игі  қасиет  мектеп  қабырғасында  қаланады.  Еліміздің  ертеңгі 
ұлт  тізгінін  ұстар  жастарымыздың  тәрбиесіне  аса  мән  беру  –  біздің  негізгі 
мақсатымыз.  Сондықтан  киелі  мектеп  қабырғасында  айтылатын  әрбір  сөз, 
атқарылатын әрбір шара ұлттық патриоттық рухта болуы тиіс. Жас жеткіншектің 
тұла бойына жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды сіңіру әрбір тәрбие, 
сынып сағаты, пәндік сабақтар арқылы, орталықтар мен үйірмелердің атқарған 
әрбір іс-шарасы арқылы ұдайы, жүйелі түрде жүргізіліп отыруы шарт.
Осындай  үлкен  міндет  алдында  тұрған  кезде  елдің  ұлтжанды  азаматын 
Ш.Қ. Құрманбаева

177
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 3 (55), 2012
ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ
тәрбиелеймін деген кез келген ұстаз әлемдік және ұлттық негізде жеке тұлғаны 
дамыту  үшін  барлық  жағдайларды  жасап,  нақты  нәтижелерге  жұмыс  істеуі 
қажет.
«Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек», – 
деп  ұлы  Абай  айтқандай,  жүректің  жылуы,  махаббат,  ар-намыс,  қайрат-жігер 
деген сезімдері бар рухтың мекені – мектеп мұғалімдерінің жүрегі болуға тиіс. 
Жастардың  бүгінгі  білімі  –  ертеңгі  капиталы,  ал  қазіргі  тәрбиесі  –  өмірлік 
құндылықтары болатындай болуы тиіс. 
Әрбір ұстаз қоғамдық, әлеуметтік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысы 
– балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеудің жаңа бағыттарын саралап, білім 
беру жүйесіндегі тың жаңғыртулар легіне сай жемісті еңбек ету борышы екенін 
есінде берік сақтап, білім мен тәрбиені ұштастырып отырса, тәуелсіз еліміздің 
болашағы жарқын болмақ.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Назарбаев Н.Ә. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» 
атты Қазақстан халқына Жолдауы // «Егемен Қазақстан» газетінің ресми сайты http://www.egemen.
kz/2012/01/28/326114/. – 28 қаңтар, 2012 жыл.
2. Назарбаев Н.Ә. Білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзі / Н.Ә. Назарбаев 
// Егемен Қазақстан. – 13 қазан. – 2004 жыл.
3. Қыдырәлі Д. Батыр Бауыржан. Атымды адам қойған соң / Д. Қыдырәлі. – Алматы : Таймас, 
2008. – 216 б.
4.  Крутецкий  В.А.  Психология:  учебник  для  учащихся  пед.  училищ  /  В.А.  Крутецкий.  –  М.: 
Просвещение, 1980. – 352 с.
ӘОЖ 159.9
Ж.М. Ерментаева
1
, А.Р. Ерментаева
2
1
Казақстан-Ресей медициналық университеті, Алматы қ.
2
Абай атындағы Казақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.
ҚАЗАҚТАРДЫҢ САлАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ МӘНЕРІ: 
ЭТНОПСИХОлОГИЯлЫҚ ЕРЕКШЕлІКТЕР
Мақалада тарихи-психологиялық реконструкция негізінде қазақтардың физикалық, психи-
калық  және  психологиялық  денсаулықты  өзара  байланыста  сақтап,  нығайтуға  қатысты 
ұлттық ерекшеліктері талданады. Тірек сөздер: денсаулық, жансаулық, салауатты өмір сүру 
мәнері.
В статье на основе историко-психологической реконструкции анализируются этнические 
особенности казахов в отношении сохранения и укрепления физического, психического и пси-
хологического здоровья. Ключевые слова: здоровье, психологическое здоровье, здоровый жиз-
ненный стиль.
On the basis of historical reconstruction, psychological analysis of ethnic Kazakhs, especially with 
regard to preserving and strengthening the physical, mental and psychological health. Key words: health, 
mental health, healthy lifestyle.

178
№ 3 (55), 2012   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
Қазақтардың  да  басқа  халықтар  сияқты  өзіндік  салт-дәстүрлері,  әдеттері, 
ережелері  мен  эпосы  бар.  Ал  салт-дәстүрлердің,  тіршілік  ету  ережелерінің 
жиынтығы,  ортақ  эпос,  жалпыға  бірдей  құндылықтар  мен  ортақ  мақсаттар 
ұлттық мәдениетті құрайды. Осы ұлттық мәдениетті игеруді, оның құралуы мен 
дамуын қазақтардың субъектілік даму деңгейінің нәтижесі және басты көрсет-
кіші ретінде анықтап, оны өткен өмірді бүгінгі тіршілікпен, келешек мақсаттармен 
байланыстыратын  көпір,  құрал,  негіз  деп  қарастыру  керек.  Қазір  жаҺандану 
табалдырығында тұрсақ та, біздің қоғамда дәстүрлі мәдениетке бетбұру айқын 
аңғарылады. Сондықтан ұлттық мәдениет қазіргі өмір жағдайында қаншалықты 
орын алса, соған сәйкес дәрежеде субъектілік қасиеттің этникалық ерекшеліктері 
білінеді  деп  санаймыз.  Осы  орайдағы  зерттеу  процедурасы  психология 
ғылымында  танымал  психологиялық-тарихи  реконструкция  жасау  үлгілеріне 
(Қ.Б.  Жарықбаев,  А.Д.  Барская,  Е.Ю.  Боброва,  В.А.  Кольцова,  В.А.  Шкуратов 
және т.б.) қарайлас келтірілді. Сондай-ақ контент-талдау, сауалнама бойынша 
мәліметтер жинақтау, сандық-сапалық өңдеу әдістері қолданылды.
Адамның заман талабына сай тіршілік етуі, қоғамда өмір сүруі, дамуы, субъект 
ретінде мақсат қойып, жетуі үшін оның салауатты өмір салтын ұстануы қажетті 
шарт.  Сондықтан  жас  ұрпақтың  физикалық,  психикалық  және  психологиялық 
жағынан сау болу мәселесі ерте заманнан қойылып келе жатыр. Дегенмен ден-
саулық  пен  жансаулықты  сақтап,  нығайту  тәжірибесін,  қағидаларын,  тетіктері 
мен заңдылықтарын тіршілік әрекетінде, құндылық бағдарларында, мінез-құлық 
пен  жүріс-тұрыс  ережелерінде,  нормалары  мен  таптаурындарында  өзгешелігі 
бар нақты бір әлеуметтік топпен, ұлтпен байланыстырмай қарау мүмкін емес. 
Осыған орай, қазақтардың денсаулық пен жансаулықты сақтап, нығайтудағы 
этнопсихологиялық ерекшеліктерге талдама жасаймыз.
Қазақ халқының денсаулық пен жансаулықты сақтау мен нығайту амалдары 
мен  жолдары  қазіргі  ғылыми  тұжырымдарға  сәйкес  келеді.  Мәселен,  «емнің 
алды – еңбек» деген сияқты халық мақал-мәтелдерінен денсаулық сақтаудың 
ең дұрыс жолы іс-әрекетпен, еңбекпен айналысу, керенау жалқаулыққа ұрынбау 
екені  көрінеді.  Ал  зерттеу  барысында  қазақтардың  қазіргі  ғылымдағы  сияқты 
жансаулық  негізіне  өнермен  айналысуды,  білім  алуды,  қимылдап,  әрекет 
етуді  және  қарым-қатынасты  ашық  та  тығыз  ұйымдастырып,  жүзеге  асыруды 
жатқызатыны анықталды. Мәселен, ірі орыс зоологі, саяхатшысы Н.А. Северцов 
[1] қазақ халқының сергек және аса қуатты, мінезге бай және ақылды келетінін 
дәл  таныған  екен.  Ол  жетпістегі  жасына  қарамастан  үнемі  жайдары  жүретін, 
әзілкеш, жеңіл де жылдам қозғалатын, сергек бір қазақ биінің жүйрік тұлпарға 
мініп  алып,  құйындай  құйғытып  шабатынын,  ат  құлағында  ойнайтын  ептілігін 
таңданыспен сипаттаған. Ал орыс антропологі А.Н. Харузин [2] қазақтардың бет-
әлпетіне қарап, қанша жасқа келгенін ажыратудың мүмкін еместігін, өзі көрген 
қартайған  ер  адамның  шашы  түгел  ағарып  кеткенімен,  оның  бет-әлпетінде 
әжімнің жоқтығын, көңілінің жастығы мен шаттығын білдіретіндей жүзінен күлкі 
кетпейтін ерекшелігін жазыпты.
Жалпы,  бұл  қазақтарға  тән  белгілі  жағдай  екені  әдебиеттерге  жасаған  тал-
даудан белгілі болды. Олар ілкі заманнан жиын-тойларда теңге алу, жамбы ату, 
қыз қуу, балуан күресі, аударыспақ, ат жарыс сынды түрлі сайыстар ұйымдастыру 
Ж.М. Ерментаева, А.Р. Ерментаева

179
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 3 (55), 2012
ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ
мен  аңшылық  құру  арқасында  қуаттылық,  ептілік,  байқампаздық,  алғырлық 
сияқты  көптеген  жансаулық  пен  денсаулықтың  мықтылығын  айғақтайтын 
қасиеттердің дамуына жағдай жасаған көрінеді. Денсаулықтың тіршілік әрекетін 
жүзеге асырудағы маңызын жете түсінген халық дене тәрбиесіне де көп көңіл 
бөлген.  Дене  сымбаты,  қимыл-қозғалыстың  ептілігі  мен  шапшаңдығы,  күш-
қуаттың толысуы мен көріністері жайлы сипаттамалар жыр-дастандарда, аңыз-
ертегілерде, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Қазақ халқы балаларын төрт 
жасқа  толар-толмастан  атқа  қондыратыны  да  белгілі  [3].  Одан  кейін  олар  5-6 
жаста  атқа  шабатындай  даярлыққа  жеткен.  Ал  П.-С.  Паллас  [4]:  «Қазақ  ұзақ 
жасайтын  халық,  олар  егделеп,  қартайса  да  сергек,  денсаулықтары  мықты 
келеді», – деп жазған. Оның негізгі бір себебі П.-С. Паллас жазғандай, қазақтар-
дың басқаларға қарағанда малды көптеп асырап, үнемі ат үстінде жүріп, тәуір 
киім киіп, дәулетті болуымен және «денсаулық кепілі – тазалық» деп, тазалықты 
қатаң  сақтауымен  байланысты  екені  даусыз.  Сонымен  қатар  қазіргі  кезде 
медицина  ғылымдарында  уағыздалатын  ішкі  ағзалардың  биоырғағына  сәйкес 
тамақтану,  тынығу,  ұйықтау  мен  сергек  кездерді  үйлестіру  қазақ  халқына  тән 
ерекшеліктер болып табылады. Тіршілік жағдайына байланысты ұлттық тағам 
түрлері мен киімдер де биологиялық қажеттілікке сәйкестікті, эстетикалық және 
технологиялық  мүмкіндіктерді  ғана  көрсетпейді,  сонымен  бірге  денсаулықты 
сақтауға бағытталған.
Ал  жансаулықтың  денсаулықты  сақтаумен  байланысты  болатынын  білген-
діктен  қазақтар  «тәні  саудың  –  жаны  сау»,  «тән  ауырса  –  жан  азабы»  деп 
қорытқан ғой. Сондай-ақ жансаулықтың жүйке жүйесімен, психикалық кейіппен 
байланысын  далалықтар  тым  ерте  кезден-ақ  білген  екен.  Бұған  аты  аңызға 
айналған сақ философтарының бірі Анақарыстың (шамамен б.д.д. 620-555 жж.) 
айтқандары  толық  дәлел  болады.  Ол:  «Адам  жүйкесін  орнына  келтіру  үшін, 
жауапты бір іс алдында өзінің көңіл күйін көтеруі керек. Күрделі де тынымсыз 
еңбек  ету  үшін  демалыс  керек»  –  деп  [5,  7-б.],  адамның  өзін-өзі  реттеуі,  өзін-
өзі  танытуы  бойынша  қазіргі  психологиялық  тұрғыларға  сәйкес  ғылыми  ой 
айтқан-ды.  Иен  далада  жалғыз  жүрсе  де  қазақ  ой  толғаныстарымен,  «ойына 
түскендердің бәрін ән қылып, ыңылдап, айтып» (Н. Зеланд), сыбызғыда ойнап, 
табиғатты  байыппен  бағдарлау  әрекеттерімен  жансаулыққа  нұқсан  келтіретін 
бейжай күй кешу, мазасыздану, енжарлану сияқты негативті жағдайларды бой- 
ға  сіңірмей,  ысыра  алады.  Болашақ  филологтермен  көркем  әдебиеттерге  ар-
найы жасаған талдау бойынша (2-3 курстар) қазақ халқы тағдыры қаншалықты 
ауыр болғанымен жайдарылықты, ашықтықты, үйірсектікті бағалайтыны, ақыл-
дылық, парасаттылық қасиеттерін тұйық, момын адамдарды сипаттауда мүлде 
қолданбағаны анықталды. Мінез бітістерінде қарым-қатынас жасай алмайтындай 
тұйықтық, жатбауырлық жоталанып тұрған адамды ел ішінде «бұқпа-ауру» деп 
атаған.
Ел  ішінде  халықтық  медицинаны  танытатын  ем-дом  жасау  дәстүрі  де 
қалыптасып,  дамыған.  Осы  орайда  ауру  түріне  байланысты  емшілердің  ел 
ішінде  тәуіпшілер,  оташылар,  тамыршылар,  қан  алушылар,  бақсы-балгерлер 
деп саралануы орын алады. Халық ерте заманнан сырқат түріне байланысты 
минералдарды,  топырақ,  күл  сияқты  табиғат  заттарын,  емдік  шөптерді,  мал 
өнімдерін және қан алу, сылап-сипау мен бұлау әдіс-тәсілдерін қолданғандығы 

180
№ 3 (55), 2012   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
белгілі. Бәрінен бұрын, қазақтар әртүрлі жан ауыртар проблемалық жағдаяттарға 
қатысты «ақыл айту», «басу айту», «көңіл айту», «тоқтамға шақыру», «арашашы 
болу»,  «мәмілеге  шақыру»  деген  ұғымдар  негізіндегі  әдет-ғұрыптарды,  салт-
дәстүрлерді ұстанып, шипа болар сөздің мәнісін білген. Қазақтардың ырымдары 
мен  тыйымдары  да  халықтық  денсаулық  пен  жансаулықты  сақтау  жүйесінің 
ерекше жасаушылары болып табылады. Ырым-тыйымға, әдет-ғұрып пен салт-
санаға байланысты соры шыққан батпақтан аспандағы айға дейін, ішетін сусын 
түрінен  ауыздан  шығатын  әрбір  сөзге  дейін,  тыныштық  сақтап,  тынығудан 
белсенді  қимыл-әрекетке  дейін  және  жылау,  қуану,  қорқу  сияқты  эмоциялық 
күй  көріністері  мен  мінез  бітістерінің  де  қандай  жағдайларда  ауруға  пайдасы, 
шипасы тиеді, басқа бір кездерде зиянды тұстарының болатынын пайымдайтын 
қазақы ұғымның ақиқаттығы мен қазіргі психология, медицина, экология, салау-
аттану  ғылымдарының  кейбір  тұжырымдамаларына  сәйкестігі  де  анықталуда. 
Мәселен, қазақтар жайлауда киіз үйді ат аунаған жерге тігуді жөн санаған екен. 
Ал  қазіргі  кезде  жылқы  малының  аса  сезімтал  келетіні,  ол  радиациялық  фон 
мүлде жоқ жерлерге ғана аунап-қунайтыны белгілі болды.
Ал  Н.  Зеланд  [6]  айтқандай,  жүйке  құрылымы  адамгершілік  қасиеттерге 
бейнеленіп,  ықпалын  тигізеді,  онда  қазақ  халқына  тән  имандылық,  адалдық, 
ақниеттілік сияқты рухани сипаттар олардың жүйке салауаттылығын көрсетеді. 
Қазақ мәдениетін детерминдейтін халықтың бай мұрасы, ұлттық құндылық-
тары,  рухани  қоры  қазіргі  заман  жастарына  да  беріліп,  олардың  да  жадында 
бейсаналық  деңгейде  жазылып,  этникалық  сипатпен  мінез-құлық,  іс-әрекет 
сынды белсенділік формаларына түрлі дәрежеде бақылаушылық, реттеушілік, 
дамытушы ықпал етеді деп санаймыз. Ал тұлға бойынан ғасырлар қойнауынан 
келе  жатқан  тарихи,  ұлттық  негізді  анықтап,  оны  қатаң  ескеру  психологиялық 
дамудың  әдіснамалық  қағидаларына  сәйкес  болмақ.  Себебі  адам  бойындағы 
кез келген қасиеттің, сапаның кенеттен пайда болуы, жоқтан шыға келуі немесе 
бардың  ізім-қайым  өшіп  кетуі,  сондай-ақ  константа  күйінде  сақталуы  мүмкін 
емес.  Мұнда  психологиялық  қасиеттерге  байланысты  адамның  тарихи  өмір 
жолында сақталу, өзгеру, даму, жетілу, түрлене түсу процестері ғана орын алмақ. 
Осы  орайда  психологиялық  денсаулықты  сақтап,  нығайтуда  да  ұлттық  реңкті, 
яғни этнопсихологиялық ерекшелікті танытатын айрықша сипаттағы этникалық 
негіз бар деп ұйғарамыз.
Осыған орай қазақтардың салауатты өмір сүру мәнеріндегі этнопсихология-
лық  ерекшеліктер  олардың  адамгершілік  қасиеттерді,  ұлттық  құндылықтарды 
өзекті ету мен дамытудағы әлеуетімен сипатталады деп түйіндейміз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.  Путешествие  по  Туркестану  Н.А.  Северцова  и  А.П.  Федченко  /  Изложено  М.А.  лямной.  – 
СПб., 1873.
2. Харузин А.Н. Степные очерки (Киргизская Букеевская орда): странички из записной книжки 
/ А.Н. Харузин. – М., 1888. 
3. Записки о народах и землях Средней части Азии Филиппа Назарова, отдельного Сибирского 
корпуса переводчика, посланного в Кокант в 1813-1814 гг. – СПб., 1821. 
4. Паллас П.С. Путешествие по разным провинциям Российской империи. 2-е изд. / П.С. Пал-
лас. – СПб., 1809.
Ж.М. Ерментаева, А.Р. Ерментаева

181
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 3 (55), 2012

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет