ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ
5. Қазақтар // Құрастырушылар: Р. Арын, Ф. Келімбетова, Е. Қарин, Н. Маханов, А. Оразбаева,
А. Тулегулов, А. Шоманов. Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. – II-т. Тарихи тұлғалар.
– Алматы: IDK-TIPO, 1998.
6. Зеланд Н. Киргизы (Этнологический очерк) / Н. Зеланд. – В кн. Записки Западно-Сибирского
отдела Имп.РГО. – Кн.VII. – Вып. II. – Омск, 1885.
7. Ерментаева А.Р. Субъектілікті дамыту психологиясы (Монография) / А.Р. Ерментаева. –
Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2010. – 218 б.
ӘОЖ 159.922:378.015.3
Ж.К. Аубакирова, М.Д. Ауренова, С.С. Хасенов
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ.
БОлАШАҚ ПЕДАГОГ ЖӘНЕ ПСИХОлОГ МАМАНДАРМЕН ТҰлҒАлЫҚ ДАМУ
ПСИХОТЕХНОлОГИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕлІКТЕРІ
Мақалада тренингті ұйымдастырудың тиімді моделі қарастырылады. Еңбекте этно-
спецификалық студенттік топпен жұмыс істеудің мазмұнды, тұжырымдық моделі қарас-
тырылады.
В статье рассматривается модель специфического подхода к проведению тренинга. Пред-
ставлены содержательные компоненты принципов в работе с этноспецифичной группой сту-
дентов.
In article the model of the specific approach to carrying out of training is considered. Substantial
components of principles in work with ethnospecific group of students are submitted.
Заман ағымына лайық тұлға және маман болу үшін бейімделу емес, алды-
мен өзін өзгерту және дамыту, сол арқылы жасампаздық, түрлендірушілік
әрекеттерді жүзеге асыру өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан жастардың зор
мүмкіндіктері мен шектерінің, тағдырын өз ырқымен билеуге және қоғамға ықпал
етуге қабілеттерінің психологиялық механизмдерін, алғышарттарын анықтау,
дамыту қажеттігі шығады.
Қазіргі кезде психология ғылымының Білім берудің психологиялық мәселеле-
ріне қатысты зерттеулерде Қазақстан ғалымдары да тұлғаның маңызды мәсе-
лелерді мақсат-бағдарлы іздестіруге атсалысуда.
Сондықтан әртүрлі топтық психологиялық жұмыстардың формаларын
сипаттап, негіздегенде бірнеше ұғымдар қолданылады: топтық психотерапия,
коррекциялық топ, тренингтік топ, топтық жұмыс, тренингтік жұмыс, топтық әдіс,
белсенді топтық әдіс және т.б. Жағдайдың бұлай болуы, психологиялық әсері
бар топтық жұмыстың психологиялық, педагогикалық теория мен тәжірибеде
жан-жақты қарастырылуымен анықталады. Сонымен қатар зерттеушілердің
ғылыми позициясы да әртүрлі терминдерді пайдалануға себеп болады.
Алайда жоғарыдағы ұғымдардың барлығы да бір негізде: психологиялық
әсердің тиімділігі топ феноменологиясымен, ал топтық жұмысты ұйымдастыру
басты үш аспектілердің оқыту, психотерапия және психокоррекция қиылысуымен
анықталады.
182
№ 3 (55), 2012
Региональный вестник Востока
Біз «тренингтік сабақтар», «тренингтік топ», «топтық әдіс» ұғымдарын әрбір
психикалық дені сау, өзінің психологиялық мәселелерін шешуге және өзіндік
жетілуге, дамуға мүмкін болатын шағын топтың ерекше қарым-қатынас жасауға
негізделген оқыту формасы деп бір мағынада қарастырамыз. Біздің зерттеуде
тренингтік топтардың әртүрлі саласында тұлғалық сферасына қажетті білім,
біліктілікті және қабілетті дамытып, оларға сәйкес коррекция жасайтын оқытудың
бір формасы – тұлғалық даму тренингі қарастырылады.
Тренинг басқа адамдарды терең түсінуге көмектеседі; өз бейнесін басқалар
қалай көретіндігімен салыстыруға мүмкіндік береді; өз мүмкіндіктерін байқауға,
өзіндік санасын жетілдіруге жағдай жасайды.
Тренинг терминін ғылыми пайдалануды кезіндегі Германия Демократиялық
Республикасында М. Форверг енгізген. Ол алғашқы кезде оқытудың бұл форма-
сын ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынасты, балалар мен ата-аналар
арасындағы қарым-қатынасты коррекциялауда пайдаланған.
Тренинг жеке адамға басқаларды, қоршаған ортаны тануға көмектеседі, оны
түсінуге, ойдағыны айтуға, бөлісуге жағдай жасайды, әркімнің өзіне сенімділікті
туғызады, ашық болуға, өз-өзін түсінуге, комплекстерден құтылуға, өзінің
бойындағы қасиеттерді көруге мүмкіндік береді. Тренинг өз-өзіңді бақылауға,
байқағыштықты дамытуға қарым-қатынасқа, психолингвистикалық үйренуге,
дамуға жол ашады.
Тренингтік топтық жұмыстың қарым-қатынастағы компентенттілікті жетілдірудегі
орны мен маңызы Ю.Н. Емельянов, л.А. Петровская, А.С. Прутченков т.б. еңбек-
терінде жан-жақты қарастырылады [1, 2, 3].
Тренингтің қандай модификациясы ұйымдастырылса да топтық жұмыстың
бірқатар нақты принциптерін сақтау, топтағы қарым-қатынас негізінде оның әрбір
мүшесінің дамып, кез келген іс-әрекетін игеруіне өзіндік белсенділік таныту,
топтың тұрақты болуы, топ мүшелерінің бір-біріне тиімді ықпалына арқа сүйеу,
еркіндік пен субъективті эмоционалдыққа жағдай жасау талаптары басты шарт
болады (В.Ю. Большаков, Н.Ю. Хрящева т.б.).
Сонымен қатар тренингтердің барысында жеке адам, топ дамуының әлеу-
меттік-психологиялық заңдылықтарға негізделген үш сатысы:
– бастапқы – «жұмсару»;
– жұмыс – «өзгеріс»;
– ақырғы – «бекіту» болады (А.Г. Ковалев, С.И. Марасанов, Т.А. Яценко т.б.
[4, 5, 6]).
л.А. Петровская, В.В. Синдоренко, Э.Г. Эйдмейлер т.б. еңбектерінде тре-
нингтің әр түрімен қоса, тиімділігі де оны ұйымдастырып жүзеге асырушы ның
психологиялық әсер ету позициясымен, жеке бас ерекшеліктерімен, бағыт-
тылығымен және стилімен байланыстырылады. Қазіргі кезде әртүрлі теорияға
негізделген нақты топтық әдістер өте көп. Бұл зерттеу аясында олардың бар-
шасына талдау жасау мүмкін емес. Алайда қарастырылған мәселені анықтау
үшін ғылым мен тәжірибеде бар бағыттарға сипаттама берелік.
Неміс-американдық психолог К. левин адамдарды жекелей өзгерткеннен де
топ арқылы әсер етудің жөн болатындығын психологиялық әсер етудің тәжі-
рибелерімен дәлелдеген. Алайда бұл жайттың тиімділігі ертеден-ақ халыққа
белгілі болған. Бақсылық көріністер науқасқа әсер етудің дәстүрлік, ритуалдық
Ж.К. Аубакирова, М.Д. Ауренова, С.С. Хасенов
183
Шығыстың аймақтық хабаршысы
№ 3 (55), 2012
ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ
жолдары көпшілік топ ішінде ұсталынғанды. Мұнда топ ішіндегі эмоциялық
қозуды күшейтіп, оның бір адамнан екіншіге, одан басқаларға берілу, таралу
өрісін кеңейту арқылы психологиялық әсер ету басты мақсат болады. Иландыру,
сендіру әрекетінің топ арасында еселеніп, күшейетіндігін бақсылық ұстаушы-
лар жақсы игерген. Соның арқасында бақсылық әрекеттер топта санасыз
қабылданып, түсініксіз қылықтарға илана берілу психологиялық әсердің нәти-
желі болуын қамтамасыз етеді.
Топ ішіндегі психологиялық әсерді ең алғаш ғылыми түсіндіруге ХVІІІ ғасыр-
дың соңғы жылдарында париждік дәрігер Ф.А. Месмер ниеттенген. Сол топ
ішінде ерекше, мистикалық атмосфера жасап, дәрігер мен науқастардың өзара
әрекеттестігінің әлеуметтік-психологиялық ықпалының әсерінен топтық емдеу
эффектісін көрсеткенді. Ал ХІХ ғасырдың орта кезінен бастап Еуропадағы
психиатриялық мекемелер гетеросуггестиялық, яғни бір адамның басқа адам
психикасы мен мінез-құлқына әсер ету, сендіру механизмдерін психологиялық
әсерде қолданып, топ ішінде гипноздың күшін пайдаланған.
Сау адамдардың өзіндік санасын дамытуға қолданылатын топтық әдістердің
функциялары мен механизмдерін әлеуметік-психологиялық зерттеу ХІХ
ғасырдың соңында ХХ ғасырдың басында жүргізілді (Э. Дюркгейм, Г. Зиммель).
Осыған орай әлеуметтану мен психологияның қиылысуында жаңа ғылыми
ұғымдар пайда болған. Біздің мәселеге тікелей қатысы бар «тренинг» термині
де сол кездің зерттеулерінде алғаш қолданыла бастады. Тағы да аша түссек,
топтық «тренигтік әдістер» термині сау адамдармен психологиялық-сараман-
дық жұмыстағы әсерге қатысты болады.
А. Адлер тұлғаны дамыту мен оның құндылықтары мен өмірлік мақсатын
қалыптастыруда, өзгертуде топтың әлеуметтік психологиялық астарына көп мән
береді. Психологияда ең алғаш топтық әдісті, дәлдеп айтқанда, топтық пікір-
талас пен мәселелерге талдау жасау әдістерін қолданған. Ал «топтық талдау»
терминін психологиялық ғылымға психоаналитик Т. Барроу енгізген. Топтық
әдістерді пайдалануда психотерапевсіз психологиялық әсер ету мүмкіндіктерін
ең алғаш А. Вольф ашқанды.
Сонымен қатар топтық психоанализді қолданғандар В. Блок, Т. Майк, л. Уэн-
дер, П. Шилдер, З. Фоулкс, С. Славсон т.б. болады. Осылардың арасында біздің
мәселеге тікелей С. Славсон тәжірибесінің қатысы бар. Ол өскелен ұрпаққа
алғашқылардың бірі болып психоаналитикалық-топтық модификацияларды
қолданған. С. Славсон топ ішіндегі өзара әрекеттестегі балалардың, жеткін-
шектердің, жасөспірімдердің белсенділігін өзгертуді дамудың базисі деп тағай-
ындайды.
Тренингтік топтардың жетіліп, дамуы К. левин есімімен байланысты. Ол 1933
жылдан бастап АҚШ-та топтық динамика, әлеуметтік әрекет және басқа да
топтық фeномендер мәселесін шешумен айналысқан.
Осыған қатысты К. левин өзінің өріс теориясын – индивидтің мінез-құлқын
анықтайтын бірлескен және байланысқан факторлар жиынтығын құрайды. Бұл
факторлар жиынтығы тұлғаны, оның ортасын қамтып, бір психологиялық өріс
болады. «Tоптық динамика» ұғымын да алғаш қолданған К. левин екендігін
ескерту қажет.
Топтық жұмыстағы аса бір айшықты, эмоционалды бағыт психодрама, оның
184
№ 3 (55), 2012
Региональный вестник Востока
дүниеге келуі Дж. Морено есімімен байланысты. Ескере кететін бір жай, бүгіндері
психодрама жасөспірімдермен ұйымдастыру тәжірбиесінде топтық әдіс ретінде
коррекциялық педагогика мен психологияда талданып, сипатталынбаған. Алай-
да біздің зерттеулеріміз Дж. Морено жасаған ойын әдістерін треингтердің қандай
түрі болмасын, қандай топта (жас ерекшелікке, іс-әрекетке тағы басқаға қатысты)
болмасын модификациялай отырып, кеңінен жүргізуге мүмкін болатындығын
көрсетті.
Бихевиористік бағыт қойнауында өмірге қажетті біліктерді – жаңа ортаға бей-
імделуді, нақты өзіндік, іс-әрекеттік мәселелерді шешуді және т.б. үйрететін
мінез-құлықтық тренингтердің әр түрінің теориясы мен сценарийлері жаса-
лынған.
К. Роджерс, К. Рудестам сияқты гуманистік психология өкілдері тұлға өзара
сенім, еркіндік және ашықтық атмосферасында өзін-өзі ашып, өзгерту, өсу, даму
мүмкіндіктеріне ие болатындығын негіздейді. Осы мақсатпен “кездесу тобы”
деген атпен тренингтік жұмыс жүргізудің ғылымда теориясы және тәжірибесі
бар.
АҚШ пен Батыс елдеріндегі тренингтік жағдайда қандай да бір мінез-құлық-
тың нақты мотивін анықтап, адамның өз қажеттіліктерін саналы түрде аңғаруы,
адамдармен қарым-қатынасты тиімді жүргізуі үшін транcактілі (трансакционды)
талдау (Э. Берн, М. Джеймс, Д. Джонгвард) әдістері ересектер үшін көп қолда-
нылады.
Қарастырылып отырған мәселенің контексінде топтық жұмысты гештальттық
бағытта ұйымдастыруды ашқан Фр. Перлз тәжірибесі ерекше орын алады.
Перлз эмоциялық инсайд негізінде индивид өзін-өзі актуализациялау, қабыл-
дау, эмпатияны күшейту, «тұсаудан арылу» мүмкіндіктеріне ие болатын топтық,
тренингтік жұмыстарды дәріптейді.
Жоғарыда сипатталынған топтық, тренингтік жұмыстың бағыттары ғылым
мен тәжірибеде классикалық болып, аса кең таралған. Бұлар қазіргі кезде
қолданылып жүрген топтық психологиялық әдістердің дамуына жағдай жасады.
Соңғы кездері дамыту, коррекциялау тәжірибесінде аса тиімді топтық пси-
хологиялық әдістердің негізінде пайда болып, синтетикалық, кейде өзіндік бір
бағыты бар тренингтік жұмыстардың жаңа модификациялары қолданылуда.
Мұндай жинақталған тренингтік жұмыстар қазіргі кезде Ресей және ТМД
елдеріндегі қолданылып жүрген дені сау адамдарға психологиялық әсер ету
әдістерінің әр түрлерін құрайды.
Іскерлік және жетекшілік рөлдерге негізделген В.К. Тарасовтың ойын жүй-
есі – оқытудың бір белсенді әдісі. В.К. Тарасов жүйесінде негізделген тренинг
болашақ педагог және психологтерде қолдануда тиімді нәтиже беретіндігін
эксперимент барысында анықтадық. Алайда В.К. Тарасовтың ойын әдістерін
тікелей, өзгертпей қолданудың мүмкін емес екендігін, тренинг мазмұнын бола-
шақ педагог және психологке лайықтап модификациялап қолдану керектігін ес-
керте кетейік.
Ю.Н. Емельянов зерттеулері ерекше дидактикалық формада ұйымдасты-
рылатын оқыту тренингтік топқа арналады. Ю.Н. Емельяновтың тренингтік
сабақтары академиялық, жаттықтырушы және талдау жасау компоненттерінен
тұрады. Сонымен қатар Ю.Н. Емельянов сабақтарын балалармен де, жеткін-
Ж.К. Аубакирова, М.Д. Ауренова, С.С. Хасенов
185
Шығыстың аймақтық хабаршысы
№ 3 (55), 2012
ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ
шектермен де, жасөспірімдермен де, ересектермен де жүргізуге болады.
Х.Т. Шерьязданова еңбегінде мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалардың
психикалық дамуы, олардын ойынымен байланысты болатындығын анықтады
[7].
Қазіргі кезде қарым-қатынас (ата-ана мінез-құлқы, жанұялық, қорғану, қауіп-
сіздік т.б.) арнайы контингенттерге арналған тренингтерді тиімді ұйымдастыру
принциптері мен әдіс-тәсілдері белгілі. Баса айтатын бір жай, ол тренингтік
әдістер алғашқы кездері тек ересектерге арналса, бүгіндері мектеп жасына
дейінгі балалардан бастап зейнеткерлерге дейін қолдану мүмкіндіктері бар.
Сонымен қатар қазіргі кездері дене мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған
(В. Райх, А. лауэн т.б.) өнердің әртүрі (би, сурет, әуен т.б.) арқылы терапиялық
топтық жұмыстар әр салалы болып, жедел дамуда. Әсіресе жасөспірімдермен
ырғақты-би терапиясының, әуен терапиясының, арттерапиясының элементтерін
әртүрлі контексте – эмоция ерік сферасын жаттықтыруға, психикалық реттеуде,
шығармашылық ресурсты актуализациялауда қолдану мүмкіндіктері зор.
Топтық, тренингтік жүмыстың бұл жаңа бағыты біздің тәжірибелік зерттеуімізден
де орын алды. Тренинг жұмыстарын ұйымдастырып, өткізгенде өнердің әртүрлі
психологиялық әсері болатын компоненттерін қолданамыз.
Ал біздің республикадағы психологиялық, педагогикалық теория мен тәжіри-
беде арнайы жасөспірімдердің тұлғалық даму тренингтік тобын ұйымдастыру
тарала қойған жоқ.
Тұлғалық даму тренингінде топ «айнаның» рөлін атқарады, оның әр мүшесі
өзін және өзінің жеке басындағы ерекшеліктерді, мәселелерді көре алуына
мүмкіндік болады.
Жоғарыда аталған зерттеушілердің қайсысының болмасын еңбектеріне тал-
дау жасасақ, тренингтің тиімді өтуі оқытудың интенсивтілігіне, топ мүшелеріне
жаңа ойларды шығару, белсенділік таныту, жұмыла әрекет ету, түсіне білу,
қабылдай алу, жеке басты кемсітпеу, ашыла білу талаптарын сақтаумен бай-
ланысты көрінеді. Осыған орай әдебиеттерде тренингтік топ нормасы бар:
– «осы жерде және дәл қазір» тек қазіргі жағдайдағы қиыншылықтар,
қабылдаулар, сезім-эмоциялық қалыптар туралы айту, топта болып жатқан про-
цестерді талқылау (қарым-қатынас стилі, қайшылықтар және т.б.);
– конфиденциалдылық: топ ішіндегі жағдайды сыртқа шығармау;
– бағаламау;
– «Мен» принципі: жауап қайтарғанда, өз көзқарасын айтқан кезде де өз аты-
нан айту; «біз» деген сөзді мүлде қолданбау;
– қателесуге «құқықты».
Тренингтік топ құрамы шамамен 8-ден 18 адамға дейін болуы керек (л.А. Пет-
ровская, В.В. Петрусинский т.б.).
К. Рудестам, И. Ял, Шепард пікірлері бойынша, топтың гомогенді (біртекті)
болғанынан гетерогенді (әртекті) болуы аса тиімді болады. Алайда біздің зерт-
теулер тренингтік топтың жас ерекшелік бойынша гомогенді болуын ұстанады.
Тренинг теоретиктері мен практиктерінің еңбектерін талдау барысында, бас-
ты тренингтік әдістерге топтық пікірталаспен, рөлдік ойындар (л.А. Петровская,
А.Г. Ковалев, Т.С. Яценко), вербальды емес өзара әрекеттесу – психофизика-
лық жаттығулар (Ю.Н. Емельянов), медиативтік және суггестивтік техникалар
186
№ 3 (55), 2012
Региональный вестник Востока
(И.В. Вачков) жататындығы белгілі болды.
Х.Т. Шерьязданова зерттеуінде мектеп жасына дейінгі балаларды диагнос-
тауда ойынды қолданып тұжырымдаған.
А.Р. Ерментаева зерттеу жұмысында қазақ тобында тренингті қолдану техно-
логиясын дәйектейді [8].
Біз өз зерттеуімізде л.А. Петровская, А.Г. Ковалев, Т.С. Яценко Х.Т. Шерь-
язданова, А.Р. Ерментаева т.б. еңбектерін негізге ала отырып, жасөспірім-
дерге топ ұйымдастырғанда басты психологиялық әсері бар әдіс – ойын деп
тұжырымдаймыз. Сондықтан біздің тренингтік әдістемелерде ойынның әр түрі
– ситуациялық, рөлдік, дидактикалық, шығармашылық, имитациялық, іскерлік
т.б. ойындар базалық әдістер болады. Сонымен қатар тренингте ойындар
диагностикалық, психокоррекциялық дамытушы, яғни полифункционалді
құрал ретінде қолданылады.
Ойынның тренингтік жұмыстағы ерекше рөлін А.А. Вербицкий, Ю.В. Грамыко,
П.Г. Щедровский арнайы қарастырған. Х.Т. Шерьязданова мен л.И. Суркованың,
Г.М. Қасымованың ғылыми еңбектері 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасын
жетілдіруде «дамытушы ойындар» деп атаған әдістемелерді қолданудың
психологиялық, педагогикалық негіздерін ашады. Бұл ғалымдар ойынның
диагностикалық және коррекциялық жағына назар аударып, олармен ойынның
әр жақты мүмкіндігін қарастырады.
Қарым-қатынаста әрбір жасөспірімнің өзін көрсете алуы, топтық іс-әрекетті
жатсынбай, белсенділік танытуы – бір жағынан, екіншіден, қандай да мәселенің
әр қырын көре білу, рефлексияны дамыту үшін топтық пікірталас аса маңызды.
Тренингтік тәжірибеде қатаң регламенттік, нақты тақырыпқа негізделген –
құрылымдық және еркін тақырыптағы пікірталастар қолданылады.
Біздің зерттеу мәселеміздің негізіне байланысты жасөспірімдерді топтасу
ерекшелігіне орай ұйымдастырған дұрыс болар деп пайымдаймыз.
Біздің ойымызша, тренингте медитациялық, суггестивтік техникалар да
қолданылуы керек. Алайда кейбір психологтер адаммен манипуляция жасай-
тындай терең транстық суггестияны, басқалары Эриксондық гипнозды қол-
данады.
Г.М. Андреева тренингтік топты үйымдастырып, жүргізу күрделі технология-
лық үдеріс деп атап көрсетеді [9].
Әдебиеттерде, негізінен тұлғалық даму тренингі ұйымдастырып, жүргізуде
адамның әлеуметтану ерекшеліктері, ұлттық нормалар мен құндылықтарды ес-
керу мәселесі қарастырылмаған екен. Әрбір адамның қарым-қатынас сфера-
сына айрықша рең беретін де мәдени, ұлттық, әлеуметтенудегі өзгешеліктер
екені белгілі (В.С. Агеев, Ю.В. Бромлей).
Әлеуметтік психологиялық тренингті жасөспірімнің тұлғалық ерекшелігін
жетілдіруге қолданғанда ойын әдістері базалық болуы керек. Сонымен қатар
тақырыптық пікірталас, психофизикалық жаттығулар қолдану тренинг тиімділігін
арттыра түспек.
Әлеуметтік психологиялық тренингті қолдануда жалпылаған нормалар
мен принциптер тренинг мүшелерінің жас, әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері
және ұлттық құндылықтары ескерілуі қажет. Олай болса, жеткіншектердің
қарым-қатынасын жетілдіруде әлеуметтік психологиялық тренингтің ерекше
Ж.К. Аубакирова, М.Д. Ауренова, С.С. Хасенов
187
Шығыстың аймақтық хабаршысы
№ 3 (55), 2012
ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ
модификацияланған варианты нұсқаны ғана топтық жұмыстың тимділігін арт-
тыра түспек деп тұжырымдаймыз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Емельянова Ю.Н. Активное социально-психологическое обучение / Ю.Н. Емельянова. –
л.,1985.
2. Петровская л.А. Теоретические методические проблемы социально-психологического
тренинга / л.А. Петровская. – М., 1982.
3. Прутченков А.С., Самкова В.А. Эколого-экономическая игра / А.С. Прутченков, В.А. Самкова.
– М., 1996.
4. Ковалев А.Г. личность и пути ее формирования / А.Г. Ковалев. – М., 1970.
5. Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг: методы моделирования и анализа
ситуации в социально-психологическом тренинге. 3-е изд. / Г.И. Марасанов. – М., 1998.
6. Яценко Т.С. Социально-психологическое обучение в подготовке будущих учителей /
Т.С. Яценко. – Киев, 1987.
7. Шерьязданова Х.Т. Психологические основы профессиональной подготовки педагогов
дошкольного оброзавания: докт. дисс. ... на соискание ученой степени психол. наук. /
Х.Т. Шерьязданова. – М., 1999. – 307 с.
8. Ерментаева А.Р. Тренинг педагогического общения этнопсихологический подход: учебное
пособие / А.Р. Ерментаева. – Усть-Каменогорск, 2003. – 137 с.
9. Андреева Г.М., Яноушек Я. Взаимосвязь общения и деятельности / Г.М. Андреева, Я. Яноушек
// Общение и оптимизация совместной деятельности. – М., 1985.
ӘОЖ 159.9
А.Р. Ерментаева
1
, Ш.О. Сағатова
2
1
Абай атындағы Казақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.
2
№ 65 орта мектеп, Алматы қ.
ОРТА СЫНЫПТАҒЫ ОҚУШЫлАРДЫҢ МЕКТЕПКЕ ҚАТЫНАСЫ
Мақалада орта сынып оқушыларының мектептегі оқуға мотивациясын эксперименттік
зерттеу нәтижелері талданған.
В статье анализируются результаты экспериментального исследования школьной моти-
вации учеников средних классов.
The paper analyzes the results of an experimental study of school motivation students of secondary
classes.
Педагогикалық психологияда оқу мотивациясына, оқушылардың мектепке
қатынасына ерекше көңіл аударылады. Себебі оқушылардың мектепке қаты-
насы, олардың оқуға қатысты тұлғалық диспозиция құраушылары оқу-тәрбие
үдерісінің тиімділігін анықтайды. Осыған байланысты психология және педаго-
гика ғылымдарында оқу мотивациясы және оқу мотиві ұғымдарының психо-
логиялық мазмұны анықталған; оқу мотивтерінің бірқатар жіктемесі ажыратыл-
ған; оқу мотивациясының құрылымын психодиагностау әдістері құрастырылған;
балалардың оқу мотивациясын дамытудың және түзетудің жағдайлары, шарт-
188
Достарыңызбен бөлісу: |