Тіркеу нөмірі 204-ж Регистрационный №204-ж



Pdf көрінісі
бет25/26
Дата12.02.2017
өлшемі4,03 Mb.
#3947
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

№ 3 (55), 2012   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
тары мен жолдары негізделген (Асеев В.Г., Бибрих Р.Р., Божович л.И., Вартанова 
И.И., Давыдов В.В., Елфимова Н.В., Ильин Е.П., Маркова А.К., Матюхина М.В., 
Моргун В.Ф., Орлов А.Б., Фридман л.М. және т.б.).
Оқушылардың  оқуға  мотивациясы  бірнеше  себептермен  анықталады. 
Психология,  педагогика  ғылымдарында  оқушылардың  ақыл-ой  деңгейі  неғұр-
лым  жоғары  болса,  олардың  оқу  мотивациясы  да  соғұрлым  дамығандығы 
дәлелденген. Сол сияқты оқушылардың зияткерлік деңгейі жоғары болғанмен, 
олардың  ұжымдағы  кейбір  сыныптастарымен,  кейбір  педагогтермен  қарым-
қатынасында  шиеленістік  жағдайлар  болса,  онда  оқу  мотивациясының  төмен 
болатыны да белгілі. Ал кейбір жағдайларда оқу үдерісінде соншама нәтижеге 
қол жеткізе алмағанымен, ұжымда көшбасшылық таныта алатын оқушылардың 
мектеп мотивациясы жоғары деңгейде болуы кездеседі. Ал әр оқушының мектеп 
талабын  орындауға  ұмтылысы,  өзін  жақсы  жағынан  танытуға  тырысуы  оның 
субъектілігіне,  белсенділігіне  себеп  болады.  Мектептегі  оқу  мотивациясының 
дұрыс дамымауынан балалардың оқу үлгерімінің төмендеуі орын алады.
Ал  оқу  жылының  соңына  қарай  орта  буын  оқушыларының  мектептегі  оқуға 
қатынасы қандай сипатқа ие болатынын анықтау біздің зерттеу мақсаты ретінде 
қойылды.  Осы  орайда  балалардың  оқу  мотивациясын,  мектепке  қатынасын, 
мектептегі  эмоциялық  жағдайын  кешенді  көрсететін  әдістемелер  таңдалды. 
Сонымен  қатар  әдістемелер  орта  буын  оқушыларының  жас  ерекшеліктеріне, 
олардың  психологиялық-педагогикалық  зерттеуге  қатыса  алу  мүмкіндіктеріне, 
ғылыми этикаға қатысты сұрыпталды.
Осылайша,  алғашқы  сатыда  Н.Г.  лусканованың  бастауыш  мектеп  оқушы-
ларының  мектепке,  оқу  үдерісіне,  мектептегі  түрлі  жағдайларға  эмоциялық 
қатынасын  мейлінше  ұтымды  бейнелейтін  10  сұрақтан  құралған  әдістемесі 
жүргізілді.  Одан  кейін  оқушылардың  мектептегі  жағдайларына  қанағаттану 
дәрежесін  анықтау  үшін  А.А.  Андреевтің  сауалнамасы  бойынша  зерттеу 
ұйымдастырылды.  Келесі  кезекте  оқушылардың  оқу  жылының  соңындағы 
мектепке эмоциялық қатынасын байқау үшін проективті әдіс – «Менің мектебім» 
атты тақырыпта сурет салу қажет болды.
Бастауыш  сыныпқа  арналған  Н.Г.  лусканованың  әдістемесін  орта  буын 
оқушыларына Е.И. Данилова бейімдеген. Сауалнамада кейбір сұрақтар қайта-
ланып  отырады.  Бұл  жағдай  оқушылардың  мектептегі  оқуға  қатынасының 
динамикасын анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемені оқушылардың мектептегі 
оқу іс-әрекетіне қатысты ниет-түрткілерін анықтау үшін қолдандық. 
Зерттеуге  Алматы  қаласындағы  орыс  тілінде  білім  берілетін  №  65  орта 
мектебінің  4-сыныптарындағы  60  оқушы  қатысты.  Оқушыларға  сауалнама 
сұрақтары мен жауаптардың үш нұсқасы басылған парақтар таратылып берілді. 
Оларға жауаптардың өздеріне келетін нұсқасын таңдап, сұрақтың рет саныны-
ның тұсына белгі қою тапсырылды.
Сонда,  оқушылардың  33,3%-ы  (20  оқушы)  оқу  мотивациясының  барынша 
жоғары деңгейін, яғни 5-ші деңгейді көрсетті. Мұндай оқушылардың танымдық 
мотиві өте жоғары болады; мектептің барлық талаптарын нәтижелі орындауға 
тырысады.  Олар  –  мұғалімнің  айтқандарын  бұлжытпай  орындайтын,  жауап-
кершіліктері жоғары деңгейде дамыған оқушылар. Егер мұғалімнен ескерту алса, 
нашар баға қойылса, оларда эмоциялық күйзелістер орын алады. 
А.Р. Ерментаева, Ш.О. Сағатова

189
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 3 (55), 2012
Оқушылардың 20%-ы (12 оқушы) оқу мотивациясының жақсы деңгейін, яғни 
4-ші деңгейді көрсетті. Мұндай балалар оқу іс-әрекетінде ешқашан қиналмайды. 
Олар мектептің қатаң талаптарына тәуелді де бола бермейді. Бұл көрсеткіш оқу 
мотивациясының орташа, қалыпты жағдайы деп саналады.
Оқушылардың  33,3%-ы  (20  оқушы)  оқу  мотивациясының  3-ші  деңгейін  көр- 
сетті.  Олардың  мектепке  оңды  қатынасы  байқалады.  Бірақ  бұл  оқушылар 
сабақтан  тыс  шараларға  қызығатыны  аңғарылады.  Бұл  деңгейдегі  оқушылар 
мектепте өздерін жақсы сезінеді, бірақ мектепке достарымен, мұғаліммен қарым-
қатынас  жасау  үшін  баратын  сияқты.  Оларға  оқушы  ретінде  өздерін  көрсету, 
оқу  құралдарының  әдемілігі  ұнайды.  Бұл  деңгейдегі  оқушылардың  танымдық 
мотивтері  жеткілікті  дәрежеде  дамымаған,  оларды  оқу  үдерісі  аса  қызықтыра 
қоймайды. 
Оқушылардың 13,4%-ы (8 оқушы) оқу мотивациясының төмен деңгейін, яғни 
2-ші  деңгейді  көрсетті.  Бұл  оқушылар  мектепке  келуге  ниетсіз,  сабақты  көп 
босататындарды  құрайды.  Сабақ  кезінде  көбінесе  бөгде  істермен  айналысып, 
ойнап  отырып,  танып-білуге  құлықсыз  болады.  Оқу  әрекетінде  көптеген 
қиындықтары бар оқушылар осы топта болады. Олардың мектепке бейімделуі 
күрделі болып табылады.
Зерттеуге қатысқан оқушылардың арасында мектепке деген қатынасы әсіре 
теріс, бейімделе алмайтын балалар болмады. 
Оқушылардың  мектепке  қатынасындағы  деңгейлерін  диаграмма  түрінде 
көрсетуге болады (1-сурет).
1-сурет – Зерттеуге қатысқан балалардың оқу мотивациясының деңгейлері
Зерттеуге  қатысқан  оқушылардың  жауаптарын  сапалы  талдағанда,  1-4 
сұрақтар  бойынша  53,3%-ында  (32  оқушы)  мазасыздықтың  жоғары  деңгейі 
байқалды. Ал оқушылардың 66,7%-ы (40 оқушы) қорғаныс механизмінің жоғары 
дәрежеде қалыптасуымен сипатталады. 
Сонымен қатар 5-сұрақ жауабын сапалы талдағанда,  оқушылардың 53,3%-
ынан (32 оқушы) оқу жүктемесінен қажығандарын аңғаруға болады.
9-шы  және  10-шы  сұрақтар  бойынша  жауаптар  орта  мектептің  алғашқы 
буынындағы оқушылардың оқу ұжымындағы жағдайын, олардың оқу ұжымына 
эмоциялық  қатынасын  көрсетеді.  Сонда,  зерттеуге  қатысқан  оқушылардың 
арасында 73,3%-ы (44 оқушы) ұжымды жатсынып, одан оқшауланып, жекеленіп 
ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ

190
№ 3 (55), 2012   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
жүрген  балалардың  қатарында  болмағаны  қуантарлық  жағдай.  Дегенмен 
9-шы  және  10-шы  сұрақ  жауаптарының  комбинациясы  бойынша  зерттеуге 
қатысқан  балалардың  13,4%-ы  (8  оқушы)  басқа  балалармен  қарым-қатынас 
жасауға  өздері  ұмтылғанмен,  бірақ  белгілі  бір  себептерге  қатысты  байланыс 
жасай  алмайтындығы,  шын  мәнінде,  шеттетілетіні  көрінеді.  Ал  оқушылардың 
арасында 6,7%-ы (4 оқушы) басқа балалармен қарым-қатынас жасауға қабілетті 
болғанмен, ұжымға, сыныптастарына көңілі толмайтындығын көрсетті. Сондай-
ақ оқушылардың арасында 6,7%-ы (4 оқушы) ұжымда қарым-қатынас жасауға 
тым таңдампаз сыңаймен ерекшеленді.
2-ші,  3-ші  және  7-ші  сұрақтардың  жауаптарын  салыстырмалы  талдағанда 
оқушылардың  33,3%-ы  (20  оқушы)  қаншама  жасырып,  «жақсы»  жауап  беруге 
тырысқанымен, олардың мектептегі оқуға теріс қатынастары байқалады.
8-ші сұрақ бойынша оқушылардың 20%-ы (12 оқушы) мұғалімдерге қатысты 
өз ойларын ашық көрсетпеуге тырысқан. Ал зерттеуге қатысқан оқушылардың 
жартысына жуығы (46,7%-ы – 28 оқушы) өздерінің бар болғаны орта буынның 
алғашқы  кезеңіне  сәйкес  жас  шамасына  қарамастан,  ата-аналарымен  мектеп 
жайлы  қарым-қатынасының  талапқа  сай  еместігін  көрсетті:  олар  ең  жақын 
адамдарымен  мектептегі  өз  жағдайлары  мен  оқиғалар  жайлы  сенім  білдіріп, 
әңгімелесу, талдап, анықтау сияқты байланыс жасамайтындығы белгілі болды.
Оқушылардың  мектептегі  жағдайларына  қанағаттану  дәрежесін  анықтау 
үшін  А.А.  Андреевтің  сауалнамасы  бойынша  зерттеу  қорытындысын  сипат-
тайық. 
Оқушылардың баршасы өздерінің сынып жетекшілерін «жақсы» деген баға-
лауға толық келісетіндіктерін білдірген. Сонымен қатар оқушылардың барлығы 
берлік өздерінің жақсы көретін мұғалімдерінің бар екендіктерін білдірді. Зерттеуге 
қатысқан оқушылардың 93,3 %-ы «жақсы көріп оқитын пәндерім бар» деген пікір-
ге келіссе, 6,75%-ы (4-оқушы) «олай айтуға болмас» деген жауапты таңдаған. 
Бірақ жыл соңында оқушылардың «жазғы демалыс кезінде мектепті сағынамын» 
деген пікірді баршасының оңымен құптамауы байқалады. 
Оқушылардың  мектептегі  жағдайларына  қанағаттану  дәрежесін  диаграмма 
түрінде көрсетуге болады (2-сурет).
2-сурет – Зерттеуге қатысқан балалардың мектептегі жағдайларына қанағаттану дәрежесі
Зерттеуге қатысқан оқушылардың жартысынан артығында (53,3%-ы – 32 оқу-
А.Р. Ерментаева, Ш.О. Сағатова

191
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 3 (55), 2012
шы) өздерінің мектептегі жағдайларына қанағаттану дәрежесі өте жоғары болды. 
Ал  оқушылардың  қалғандары  мектептегі  жағдайларына  қанағаттанудың  орта 
дәрежесін көрсетті. Бұл зерттеу әдістемесі бойынша мектептегі жағдайларына 
қанағаттанудың төмен дәрежесін көрсеткен бала болмады. Сонымен қатар мұн-
да өздерінің мектепке қатынасын, мектептегі жағдайларын қанағаттанарлықсыз 
дәрежеде деп санайтын оқушылардың болмағандығы анықталды. 
Зерттеудің  келесі  сатысында,  оқушылардың  мектеп  мотивациясын  нақты 
анықтап  алу  мақсатымен  «Менің  мектебім»  деген  тақырыпта  сурет  салуды 
ұсындық. Оны 52 оқушы орындады. Сонда бұл зерттеудің проективті әдістеріне 
қатысқан  оқушылардың  69,2%-ы  (36  оқушы)  сыныптағы  тақта  алдындағы 
мұғалімдерді,  өздерін,  сабақ  барысын  және  басқа  да  оқу  үдерісін  салған.  Бұл 
жағдай  осы  оқушылардың  оқу  мотивациясының  барынша  жоғары  екендігін 
көрсетеді.  Ал  оқушылардың  23%-ы  (12  оқушы)  мектептегі  жағдайға  қатысты, 
бірақ оқу үдерісіне байланысты емес бейнелерді суреттеген. Олар спортзалды, 
мектептің ауласын, мектептегі мереке сәтін бейнелеп, мектепке оңды қатынаста 
екендіктерін  көрсетті.  Дегенмен  оларды  мектеп  оқу-сабақ  үдерісімен  емес, 
сабақтан  тыс  жағдайлармен  қызықтыратыны  байқалады.  Ал  оқушылардың 
7,7%-ы  (4  оқушы)  салған  сурет  мектепке,  оқу  үдерісіне  қатысы  жоқ  бейне 
болды. Бұл оқушының мектепке теріс қатынаста екендігін, мектептегі жағдайға 
жыл  соңына  дейін  бейімделе  алмағандығын  көрсетеді.  Мұндай  оқушылардың 
салған суреттері олардың жеке-дара ішкі әлемін бейнелейді. Сондықтан сынып 
жетекшісі, мұғалімдер, мектеп психологі, ата-ана бұл топтағы балаларға ерекше 
назар аударып, көмек беру керек.
Олай  болса,  орта  мектептің  алғашқы  буынындағы  балалардың  оқуға 
қатынасының  түрлі  сипаты  анықталды.  Көп  жағдайда,  оқушылардың  оқу 
мотивациясына сынып жетекшісі, мектеп мұғалімдері, олардың ұжыммен және 
әр баламен жұмыс жүргізе алу мүмкіндіктері шешуші рөл атқарады. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Асеев В.Г. Мотивация поведения и формирования личности / В.Г. Асеев. – М., 1976.
2. Божович л.И. Проблемы формирования личности / л.И. Божович. – М., Воронеж, 1997.
3. Маркова А.К. Формирование мотивации учения в школьном возрасте / А.К. Маркова. – М., 
1983.
ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ

№ 3 (55), 2012   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
АВТОРЛАР ТУРАЛЫ МӘЛіМЕТ 
СВЕДЕНИЯ ОБ АВТОРАХ
Абдрешов Шамиль Аскарович – старший преподаватель кафедры «Безопасность 
жизнедеятельности и экология» Казахской академии транспорта и коммуникаций имени 
М. Тынышпаева, г. Алматы.
Абдыгалимова  Арайлым  Серикказиевна  –  магистрант  2  курса  специальности 
6М011100, ВКГУ имени С. Аманжолова.
Абдыкерова Гизат Жанарбековна  к.т.н., старший преподаватель кафедры «Фи-
нансы, учет и налогообложение» ВКГТУ имени Д. Серикбаева.
Алексеева Ольга Петровна – врач-лаборант, высшей категории, ВК ОМО. лабора-
тория иммунологии и аллергологии, г. Усть-Каменогорск.
Амангелді Айнұр Амангелдіқызы – қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының 
аға оқытушысы филология ғылымдарының кандидаты, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ.
Аубакирова  Жанат  Канашовна  –  психология  ғылымдарының  кандидаты,  қауым-
дастырылған  профессор,  жалпы  және  педагогикалық  психология  кафедрасының 
меңгерушісі, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ.
Аубакирова Роза Аблакимовна – кандидат химических наук кафедры химии ВКГУ 
имени С. Аманжолова.
Ауренова Мадина Даулетхановна – психология ғылымдарының кандидаты, қауым-
дастырылған профессор, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ.
Ахметжанова  Фарзана  Рафикқызы  –  филология  ғылымдарының  кандидаты, 
қауымдастырылған профессор, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ.
Базарбеков Аргынгазы Байжуманович – доктор физико-математических наук ка-
федры математики и информатики, ВКГУ имени С. Аманжолова.
Балтабаева  Гауһар  Саяділқызы  –  филология  ғылымдарының  докторы,  Қазақ 
қыздар мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, Алматы қ.
Бектасова Гульсым Сафуановна – кандидат физических наук, доцент, заведующая 
кафедрой физики, ВКГУ имени С. Аманжолова.
Бурунбетова Қарлығаш Қабдрахмановна – биология ғылымдарының кандидаты, 
биология  кафедрасының  қауымдастырылған  профессоры,  С.  Аманжолов  атындағы 
ШҚМУ.
Дюсюпова Алмагуль Дауткановна – кандидат юридических наук, заведующая ка-
федрой теории государства, политики и права ВКГУ имени С. Аманжолова.
Ердембеков Бауыржан Аманкелдіұлы – филология ғылымдарының докторы, про-
фессор,
 С. Аманжолов атындағы ШҚМУ.
Ерментаева  Ардах  Ризабекқызы  –  психология  ғылымдарының  докторы,  доцент, 
психологиялық-педагогикалық  мамандықтар  кафедрасы,  Абай  атындағы  Казақ  ұлттық 
педагогикалық университеті, Алматы қ.
Ерментаева Жанным Мұхтарқызы – медицина ғылымдарының кандидаты, морфо-
логиялық пәндер кафедрасы, Казақстан-Ресей медициналық университеті, Алматы қ. 

193
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 3 (55), 2012
Еңсебаева Күләш Кенжебекқызы – филология ғылымдарының кандидаты, қауым-
дастырылған профессор. С. Аманжолов атын. ШҚМУ.
Епифанова Евгения Валерьевна – магистрант 1 курса специальности 6М011300 – 
«Биология» ВКГУ имени С. Аманжолова, младший научный сотрудник ТОО «Опытное 
хозяйство масличных культур», г. Усть-Каменогорск.
Кабдрахманова Зауре Гадыльжановна – математикалық үлгілеу және компьютер-
лік технологиялар кафедрасының оқытушысы, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ.
Кадырова Айнагуль Сабеновна – кандидат педагогических наук, ст. преподаватель 
кафедры  математического  моделирования  и  компьютерных  технологий,  ВКГУ  имени 
С. Аманжолова.
Калиева Канша Саветкановна – кандидат историчеких наук, асс. профессор кафе-
дры международных отношений и истории зарубежных стран, ВКГУ имени С. Аманжо-
лова.
Карменова Мархаба Ахметоллиновна  математикалық үлгілеу және компьютерлік 
технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ.
Картаева Айжан Маратбековна – филология ғылымдарының докторы, С. Аманжо-
лов атындағы ШҚМУ қауымдастырылған профессоры.
Кожанова Рауан Сабырбековна – магистрант кафедры математики и информатики, 
ВКГУ имени С. Аманжолова.
Колесникова Татьяна Николаевна – старший преподаватель кафедры физики, до-
цент ВКГУ имени С. Аманжолова.
Қонбаева  Қарлығаш  Түймебековна  –  қаржы  және  есеп  кафедрасының  аға 
оқытушысы,
 С. Аманжолов атындағы ШҚМУ.
Кузьмина Галина Николаевна – кандидат сельскохозяйственных наук, старший пре-
подаватель кафедры биологии, ВКГУ имени С. Аманжолова.
Кукенова Меруерт Ануарбековна – врач-стоматолог 1-ой категории, КГКП «Детская 
стоматологическая поликлиника», г. Усть-Каменогорск.
Құрманбаева Шынар Қапантайқызы – педагогика ғылымдарының докторы, қазақ 
тілі және әдебиеті кафедрасының профессоры, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ.
Лавриненко  Ирина  Петровна  –  заведующая  службой  реабилитации,  физиотера-
певт, врач лФК высшей категории, Восточно-Казахстанский Областной онкологический 
диспансер, г. Усть-Каменогорск.
Мирзадинов Ильяс Рашидович – магистрант кафедры «Биоразнообразия и биоре-
сурсов» Казахского национального университета имени аль Фараби, г. Алматы.
Мирзадинов Рашид Абу-Аскарович – доктор биологических наук, профессор кафе-
дры «Безопасность жизнедеятельности и экология» Казахской академии транспорта и 
коммуникаций имени М. Тынышпаева, г. Алматы.
Михайлова  Надежда  Ивановна  –  кандидат  геолого-минералогических
 
наук,  про-
фессор ВКГУ имени С. Аманжолова.
Мырзалимов Руслан Муратбекович – Кыргызский Национальный университет име-
ни Жусупа Баласагына, Кыргызстан, г. Бишкек.
Нестерова Светлана Георгиевна – доктор биологических наук, профессор кафедры 
«Биоразнообразия и биоресурсов» Казахского национального университета имени аль 
Фараби, г. Алматы.
Нурмухаметов Нурбакыт Нурбопаевич – кандидат экономических наук, декан фа-
культета экономики и бизнеса, ВКГУ имени С. Аманжолова.
Нурпейсова Куаныш Бекболатовна – доктор PhD., магистр истории, начальник от-
PhD., магистр истории, начальник от-
., магистр истории, начальник от-
дела ОНИР ВКГУ имени С. Аманжолова.
Омариева  Лунара  Акылбековна  –  С.  Аманжолов  атындағы  ШҚМУ  «6М020500  – 
Қазақ филологиясы» мамандығының ІІ курс магистранты.
АВТОРЛАР ТУРАЛы МӘЛіМЕТ • СВЕДЕНИя ОБ АВТОРАХ

194
№ 3 (55), 2012   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
АВТОРЛАР ТУРАЛы МӘЛіМЕТ • СВЕДЕНИя ОБ АВТОРАХ
Орсаева  Райса  Ануарқызы  –  заң  ғылымдарының  кандидаты,  қылмыстық  құқық 
және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының қауымдастырылған профессоры, С. Аманжо-
лов атындағы ШҚМУ.
Өскембай Әлия Ақымқызы – тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы 
кафедрасының аға оқытушысы, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ.
Сағатова Шынар Оралбекқызы – № 65 орта мектеп мұғалімі, Алматы қ.
Саденова  Гульмира  Шыныбаевна    врач-стоматолог  высшей  категории,  КГКП 
«Детская стоматологическая поликлиника», г. Усть-Каменогорск.
Сейпутанова  Айымгүл  Қамзақызы  –  филология  ғылымдарының  кандидаты, 
С.  Аманжолов  атындағы  ШҚМУ  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  кафедрасының  аға  оқы-
тушысы.
Сейтқазина Назгүл Зейнелғабденқызы – № 34 орта мектеп, қазақ тілінің мұғалімі, 
филология магистрі, Семей қ.
Тебегенова  Алтынарай  Темірханқызы  –  филология  ғылымдарының  кандидаты, 
қауымдастырылған профессор, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ қазақ тілі мен әдебиеті 
кафедрасының меңгерушісі.
Торгаев Абиш Алипович – старший преподаватель кафедры «Безопасность жиз-
недеятельности  и  экология»  Казахской  академии  транспорта  и  коммуникаций  имени 
М. Тынышпаева,
 г. Алматы.
Турова Лидия Петровна  кандидат исторических наук, ассоц. профессор кафедры 
истории Казахстана, ВКГУ имени С. Аманжолова.
Удалова  Наталья  Михайловна  –  заведующая  гинекологическим  отделением  КГП 
ПХВ «Восточно-Казахстанская областная больница», г. Усть-Каменогорск.
Хасенов  Сяхат  Саттарович    педагогика  ғылымдарының  кандидаты,  профессор, 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ.
Хачатрян Армеда Гургеновна – соискатель кафедры русского языкаАрмянский го-
сударственный педагогический университет имени Х. Абувяна, г. Ереван, Армения.
Хурмет Жигер  қаржы және есеп кафедрасының аға оқытушысы, экономика магис-
трі, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ.
Шайымова Бақытгүл Мұстафиновна – жоғары санаттағы биология пәні мұғалімі, 
Өскемен қалалық әдіскерлік басқарма әдіскері.
Шарипханова Анаргүл Сайлаубековна  биология ғылымдарының кандидаты, био-
логия кафедрасының қауымдастырылған профессоры, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ.

Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 3 (55), 2012
МАЗМҰНЫ • СОДЕРЖАНИЕ
Ескендиров М.Г.
ИНТЕГРАЦИЯ НАУКИ И ОБРАЗОВАНИЯ  ........................................................................... 3
Техника, технология және физика-математика ғылымдары
Техника, технология и физико-математические науки
Бектасова Г.С., Колесникова Т.Н. 
АНАлИЗ СОДЕРЖАНИЯ УчЕБНОГО ПлАНА НА СТАДИИ ПОДГОТОВКИ 
К АККРЕДИТАЦИИ  ................................................................................................................ 8
Карменова М.А., Кабдрахманова З.Г. 
ADOBE FLASH CS4 PROFESSIONAL БАҒДАРлАМАСЫНДА ҮШ ӨлШЕМДІ 
АНИМАЦИЯлАРДЫ ҚҰРУ  .................................................................................................. 12
Кожанова Р.С., Базарбеков Ар. 
МАТЕМАТИчЕСКИЕ МОДЕлИ ТОчЕчНЫХ ИСТОчНИКОВ ЗАГРЯЗНЕНИЯ 
ПОВЕРХНОСТНЫХ ВОД  .................................................................................................... 19
Экология және жаратылыстану ғылымдары
Экология и естественные науки
Михайлова Н.И. 
ПРОШлОЕ И БУДУЩЕЕ ВОДНОЙ СИСТЕМЫ ИРТЫШ – ЗАЙСАН  ................................ 24
Мирзадинов Р.А., Мирзадинов И.Р., Абдрешов Ш.А., 
Торгаев А.А., Нестерова С.Г. 
ОПАСНОСТЬ ГРЫЗУНОГЕННОГО ОПУСТЫНИВАНИЯ В ЮЖНОМ КАЗАХСТАНЕ  ..... 31
Епифанова Е.В., Кузьмина Г.Н.
ГЕТЕРОЗИСНАЯ СЕлЕКЦИЯ ПОДСОлНЕчНИКА В УСлОВИЯХ 
ВОСТОчНОГО КАЗАХСТАНА  ............................................................................................. 37
Саденова Г.Ш., Кукенова М.А. 
МЕТОДЫ лЕчЕНИЯ ТРАВМ ВРЕМЕННЫХ ЗУБОВ  ......................................................... 41
Лавриненко И.П.
ВОСТАНОВИТЕлЬНОЕ лЕчЕНИЕ БОлЬНЫХ РАКОМ МОлОчНОЙ ЖЕлЕЗЫ  ............ 44
Удалова Н.М.
СИМУлЬТАННЫЕ ОПЕРАЦИИ В ГИНЕКОлОГИИ  ........................................................... 48
Алексеева О.П.
ОЦЕНКА ИММУННОГО И ГОРМОНАлЬНОГО СТАТУСА 
БОлЬНЫХ АУТОИМУННЫМ ТИРЕОИДИТОМ  ................................................................. 51

196
№ 3 (55), 2012   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
Экономика және құқық
Экономика и право
Нургалиева А.Е., Нурмухаметов Н.Н.
К ВОПРОСУ РАЗВИТИЯ ТУРИЗМА В РЕГИОНЕ
(НА ПРИМЕРЕ ВОСТОчНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБлАСТИ)  ............................................ 55
Абдыкерова Г.Ж. 
ИННОВАЦИОННАЯ ДЕЯТЕлЬНОСТЬ В КАЗАХСТАНЕ
НА СОВРЕМЕННОМ ЭТАПЕ И ПЕРСПЕКТИВЫ ЕЕ РАЗВИТИЯ  .................................... 60
Хурмет Ж., Қонбаева Қ.Т.
АГРАРлЫҚ СЕКТОРДА КӘСІПКЕРлІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ӘлЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАлЫҚ 
ТИІМДІлІГІ ЖӘНЕ ДАМУЫ (МОҢҒОлИЯ РЕСПУБлИКАСЫНЫҢ БАЯН-ӨлГИЙ 
АЙМАҒЫНЫҢ МЫСАлЫНДА)  ........................................................................................... 67

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет