Тіршілік қауіпсіздігі негіздері мақсаттары мен міндеттері


Экология және қоршаған ортаны қорғаудың тіршілік қауіпсіздігі үшін маңызы



бет3/3
Дата18.04.2023
өлшемі16,89 Kb.
#83759
1   2   3
Байланысты:
1.Тіршілік қауіпсіздігі негіздері мақсаттары мен міндеттері 2.Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі саласындағы заңды және құқықтық актілер 3.Экология және қоршаған ортаны қорғаудың тіршілік қауіпсіздігі үшін маңызы

3.Экология және қоршаған ортаны қорғаудың тіршілік қауіпсіздігі үшін маңызы

Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау болашақ ауыл шаруашылығы саласына баратын мамандарға табиғи қорларды, атап айтқанда жер, су ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану үшін өте маңызды.


Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау көптеген ғылымдар сияқты қоғам және табиғатты танып білген заңдардың теориялық және тәжірибесінің нәтижелеріне сүйенеді. Бұл заңдар үнемі даму үрдісінде, нақты жағдайға қарай жылжып отырады. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың ең тиімді вариантгарын анықтау мақсатында өндіріс дамуы және адамдардың өмір сүруінің өзгерістерін, яғни әлеуметгік жағдайының өсуін байқатты.




Қоршаған ортаға сырттан қандай да бір әсер болып, зиян келетін болса, онда табиғат аясындағы тіршілік иелері зардап шегеді. Экологиялық жағдай нашарлап, табиғаттың тепе-теңдігі бұзылады. Соның ішінде адам денсаулығына зиян тигізеді. Адамға қажетті ауа мен судың тазалығы табиғаттың тепе-теңдігіне, экологиялық жағдайдың тұрақтылығына тікелей тәуелді. Тазалық сақталмаған жерде эпидемиялық аурулар пайда болуы мүмкін. Адам ауру-сырқауға ұшырауы ықтимал. Негізінен қоршаған ортада табиғаттың тепе-теңдігін сақтайтын жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі болып табылады. Зер салып қарасақ, табиғаттағы әрбір тіршілік иесінің табиғат тепе-теңдігін сақтауда алатын өзіндік орыны бар. Өзен мен көл, теңіз де солай. Біздің табиғат аясындағы аңдар мен құстарды, теңіздегі балықтарды қорғауымыздың басты себебі, міне, осында.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет