Светское государство и религия
В статье анализируются социально-культурные и политические-правовые аспекты взаимодействия светского
государства и религии, способы совершенствования государственно-конфессиональных отношении в Республи-
ке Казахстан. Автор, акцентируя внимание на полисемантическую природу понятия светскости, определяет ее
культурно-мировоззренческую и теоретико-практическую значимость. Анализируется роль религии как инсти-
тута гражданского общества. Автор, освещая историю становление светского государства, концептуализирует ее
роль в правовом регулировании конфессиональных отношении. Акцентирует внимание на формировании право-
вой культуры и правосознания верующих, так как осознания верующими себя гражданами страны будет способ-
ствовать ее укреплению и процветанию. Государство и религиозные объединения должны прилагать все усилия
на формирование у верующих уважительного отношения законодательно-правовых установлении. Соблюдение
и уважение Конституции страны и ее законов является гарантом толерантности и мирного сосуществования раз-
личных вероисповедании.
Ключевые слова: светскость, религия, конфессиональные отношения, светское государство, диалог,
государственно-конфессиональные отношения.
Зайырлы мемлекет жəне дін
28
ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. №1 (42). 2013
Зайырлы мемлекет пен дін арақатынасы, қазіргі
қоғамдағы діннің орны мен рөлі тəуелсіздігін
жариялаған Орталық Азия мемлекеттері үшін
аса маңызды мəселелердің бірі болып отыр.
Орталық Азия мемлекеттерінің Конститу-
цияларында олардың зайырлы сипаты айқын
көрініс тапты. Бұл конституциялық норма осы
мемлекеттердің азаматтарының басым көпшілігі
тарапынан қолдауға ие болды. Тəуелсіздіктен
соң билікке келген осы елдердегі саяси элита
кеңестік коммунистік партия мен комсомолдың
сүзгісі мен мектебінен өткен еді. Сонымен
қатар, қоғамда үстемдік етіп келген дүниетаным
мен құндылықтар жүйесі де мемлекет зайырлы
сипатта болуы керек деген көзқарасқа күмəн
келтірмеді. Яғни мемлекеттің зайырлы сипа-
ты азаматтардың қоғамдық сұраныстарына сай
келді. Сонымен бірге, Орталық Азияның байырғы
халықтарының өз мəдениеті мен дəстүріне, тілі
мен дініне деген құрметі мен құлшынысы артты.
Себебі, халықтардың өз тарихы мен тегін тануға
қойылып келген шектеулер жойылды. Кеңестік
дəуірдегі «формасы ұлттық мазмұны социалистік
мəдениетті» қалыптастыру, əлеуметтік болмысы
əртүрлі халықтардың арасындағы ерекшелік-
терді ескермей, көптүрлілікті бірегейлендіруге
бағытталған саясат КСРО халықтарының
ұлттық мүдделерін шынайы жүзеге асыруға
мүмкіндік бермеді. КСРО-дағы ар-ұждан бос-
тан дығы туралы Конституциялық норма тек
қағаз жүзінде қалды, ал іс жүзінде дін надан-
дықтың сарқыншағы саналып, халықты діннің
ықпалынан арылту коммунистік тəрбиенің ба-
сты бағыттарының біріне айналды. Сөйтіп,
тоталитарлық жүйе діннің қоғамдағы рөлі
мен орнын дұрыс бағалап, оның өз қызметін
атқаруына мүмкіндік бермеді. Мемлекет діни
ұйымдардың қызметіне араласып, оларға өз
бақылауын орнатуға талпынды. Тəуелсіздік
алғаннан соң Орталық Азия мемлекеттері –
«Діни наным-сенім бостандығы жəне діни
бірлестіктер» туралы заңдарын қабылдады. Осы
заңға сай діни бірлестіктер өз қызметін ашық
жəне жариялы жүргізуге мүмкіндік алды. Бірақ,
«дінмен бүкіл халықтық күрестің» кеңестік сал-
дары халықтардың рухани өмірінде терең жара
қалдырған еді. Өкінішке орай, ғасырлар бойы
халықтың діни білімі мен санасын дəстүрлі ис-
лам іліміне сай қалыптастырып келген мешіт-
медреселер мен басқа да білім ошақтары жабыл-
ды немесе өз қызметін халық сұранысына сай
дəрежеде жүргізе алмады. Орталық Азиядағы
мұсылмандық зиялылық дəстүрі үзіліп қалды.
Дін мен дəстүр мəселесінде оң мен солды ажы-
ратып, халықтың даналығы мен білімділігінің
көзі болған қариялар дүниеден озды. Алайда,
халықтың тарихи-рухани тамырларына, соның
ішінде дінге деген қызығушылығы мен ұмтылысы
зор еді. Бұл діни қатынастар саласындағы негізгі
қайшылықтардың бірі болды. Діни білімдер са-
ласын терең меңгерген зиялы қауымның болма-
уы ақ пен қараны, ақиқат пен адасуды аңғаруға
кедергі келтірді.
Дінмен күресті жəне атеистік тəрбиені мем-
лекеттік идеологияның басым бағыттарының
бірі ретінде қарастыру, дінді ерте ме кеш пе өз
мүмкіндігін сарқитын əлеуметтік институт деп
санау мемлекет пен дін, діни қатынастар жəне
діни шиеленістер мен қақтығыстарды реттейтін,
алдын алатын мамандардың тапшылығын туын-
датты. Сонымен қатар, діннің қоғамдағы орны
мен рөлін объективті бағамдайтын ғылыми
əлеуметтанулық-дінтанулық зерттеулердің жүр-
гі зіл меуі діни жағдайды дер кезінде талдап, оның
кері ықпалдарын залалсыздандыруға мүмкіндік
бермеді.
Қоғамдық өмірдің басқа салалары тəрізді ру-
хани сала, соның ішінде аса күрделі дін саласы
да терең ғылыми зерттеулер мен реттеуді қажет
етеді. Сондықтан мемлекеттің зайырлы сипаты
осы саладағы өзекті мəселелерді асқындырып
алмай, ықтималды əрі тиімді шешу жолдарын
қарастыруда белсенді рөл атқаруын да қамтиды.
Бірақ аталған мəселелерді оңтайлы шешу
орын алып отырған құбылыстарды ұғымдық-
категориялдық тұрғыдан талдауды талап етеді.
Біз зайырлық, діндарлық жəне тағы да басқа
ұғымдарды қолданғанда оларға қандай мəн-
мағына береміз, қандай мазмұнда қолданамыз
осы мəселені анықтап алуда маңызды.
Қазіргі əлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар-
дың, соның ішінде құқықтану мен дінтану
ғылымдарының күрделі категорияларының бірі
– зайырлық. Зайырлық принципі қазіргі заманғы
көптеген елдердің құқықтық мемлекеттердің
ре тінде қалыптасып, əрекет етуінің басты
прин цип терінің бірі болып табылады. Соған
қара мастан зайырлық жан-жақты толық анық-
талмаған ұғым. Осы ұғымның мазмұндық
мағынасының айқындалмағаны əртүрлі пікір-
таластарға əкеп соғады. Біз қарастырып отырған
мəселе төңірегінде «зайырлық» пен «дінилік»
үғымдарының арақатынасы маңызды. Ресей
зерттеушісі И.В. Понкин атап көрсеткендей,
ISSN 1563-0307 KazNU Bulletin. Philosophy series. Cultural science series. Political science series. №1 (42). 2013
Қ.А. Затов
29
зайырлық термині мемлекет пен діни бірлестік-
тер арақатынасына қатысты көп қолданылады.
Мемлекеттің зайырлы сипаты, мемлекеттік жəне
муниципальдық білім берудің зайырлы мазмұны
туралы қоғамдық жəне ғылыми пікір-таластар
қарама-қарсы көзқарастардың бар екенін
көрсетеді [1]. Біреулер зайырлықты мемлекеттің
діннен бөлінгенін, соған сай мемлекеттік
қызмет пен білім берудің діни нышандар мен
мазмұннан еркін екенін алға тартады. Басқалары
зайырлықты азаматтардың конституциялық
құқықтарын, соның ішінде діни бостандықтарын
қамтамасыз ету ретінде бағалайды. Мемлекеттің
зайырлы сипатын түсіндірудегі осындай алуан
түрлілік зайырлық ұғымының сырт қарағандағы
анықтылығының түптеп келгенде соншалықты
күрделі екенін аңғартады. Біз зайырлылықтың
күрделі ұғым екенін ескере отырып, оны
бірнеше аспектіде қарастыруға болатынын алға
тартамыз. Бірінші дүниетанымдық тұрғыдан,
зайырлық діни дүниетанымнан өзгеше принцип-
тер мен ұстанымдарға негізделетін көзқарастар
жүйесі. Бұл тұрғыда зайырлы дүниетанымның
қалыптасуында ғылыми білімдер жүйесі маңызды
рөл атқаруы мүмкін. Алайда, ғылыми таным
зайырлы дүниетанымның маңызды элементі
болғанымен, оның мазмұнын толық қамтымай-
ды. Екіншіден, зайырлық ерекше құндылықтар
жүйе сі ретінде де қарастылуы мүмкін. Зайырлық
мəдени құндылықты феномен ретінде ойлау
мəнері мен машықтарынан бастап киім үлгілеріне
дейінгі мəдени феномендерді қамтиды. Үшінші
саяси-құқықтық тұрғыдан, зайырлық мемлекет -
тік басқару мен əлеуметтік қатынастарды реттеу-
дің діни құқық нормаларынан ажыратылғанын
білдіреді. Мемлекеттің зайырлы сипаты оның
діннен ажыратылғанымен ғана емес, сонымен
қатар атеистік дүниетанымның жəне басқа да бір
дүниетанымның басымдылығын мойындамай-
тынымен де сипатталады.
Зайырлы мемлекет еуропалық өркениеттің
жаңа заманғы туындысы. Оның негізінде екі
үдеріс жатты. Біріншісі – секуляризация, екіншісі
– еуропалық Қайта өркендеудің басты идеясы –
гуманизм жəне антропоцентризм. Еуропалық
адамның санасында төңкеріс жасаған бұл идея
Қайта өркендеу дəуірінің атақты ойшылдарының
бірі Пико делла Мирандолланың «Адамның
абыройы туралы сөздер» еңбегіндегі: «Басқа
жаратылғандардың бейнелері біз белгілеген
заңдар шектерімен айқындалады. Ал, сен Адам,
ешқандай шектермен қысылған жоқсың, сен
өз бейнеңді өзің шешесің. Мен сені əлемде не
барлығын ыңғайлы бағдарлау үшін дүниенің
ортасына қоямын» деген көзқарасында айқын
көрініс тапты [2]. Яғни өз тағдырын өзі айқындау
адамға Жаратушыдан берілген сый. Бұл идея
Жаңа заман ойшылдары тарапынан қызу
қолдауға ие болды. Монтескье, Гоббс, Локк,
Кант, Дидро, Руссо, Вольтер сияқты ойшылдар
діннің əлеуметтік табиғатын ашып, оның тыл-
сым дүниемен емес, қоғамдық өмірдегі қызметі
мен маңызын талдауды мақсат етті.
Зайырлы мемлекет идеясы құқықтық мемле-
кет пен азаматтық қоғам тұжырымдары аясын-
да кеңінен қарастырылды. Буржуазиялық мем-
лекет бірінші кезекте, өз азаматтары арасында
тағаттылық пен тыныштықты қамтамасыз етуге
мүдделі еді. Себебі, экономикалық жетістікке тек
қоғамдық келісім мен бейбітшілік жағдайында
ғана қол жеткізу мүмкін болды. Сонымен қатар,
Еуропа елдерінде осындай көзқарастарды
негіздейтін дүниетаным түрі де қалыптасты. Ол
деизм деген атауға ие болды. Бұл дүниетаным
табиғат пен əлем Құдайдың туындысы, яғни оның
жасампаздық əрекетінің салдары болғанымен,
Құдай əрдайым оның ішкі заңдылықтарына ара-
ласпайды. Бұл жаратылған дүние жаратылыс
актісінен кейін өз заңдылықтарына сай дамиды
дегенді білдіреді.
Еуропалық Жаңа заман ойшылдары діннің
мемлекет істері мен саясаттағы ықпалын
шектеуді қолдағанымен, оның қоғамдық өмір
үшін қажеттілігін теріске шығармады. Шарль
Луи Монтескье «Құдіретті жəне адами заңдар»
туралы жаза келіп, «Дегенмен, қоғам үшін
тұрақты бір нəрсенің болғаны қажет; тұрлаусыз
дүниенің бір тұрағы – дін» деп атап көрсетеді
[3].
Қазіргі позитивизмнің негізін О.Конт діннің
құлдырауы əлеуметтік қатынастардың ыдырауы
қауыпын туғызатынын айтып кеткен еді. Алай-
да, позитивистік рухта ол болашақта діннің
орнын ғылым басады, сондықтан дінге деген
қажеттілікте жойылады деген көзқараста болды.
Бірақ өмір ағымы О.Конттың алғашқы айтылған
қауыпының шындыққа жақындығын айғақтаса,
ғылымға деген үмітінің орындалмағанын
аңғартты.
Неміс классикалық философиясының негізін
салшы И. Кантта теориялық тұрғыдан Құдай
идеясын рационалды танудың мүмкін еместігін
алға тартқанымен, практикалық тұрғыдан,
яғни қоғамдық өмір үшін діннің қажеттілігін
Зайырлы мемлекет жəне дін
30
ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. №1 (42). 2013
мойындайды. Сонымен қатар, Кант этикалық
қауымдастық
пен
саяси
қауымдастықты
ажы ра тады. Этикалық қауымдастық игілік
заңдылықтарына мойынсұнса, саяси қауым дас-
тық көпшілік құқықтық заңдарына бағынады.
Бірінші жағдайда, адам игілік заңдылықтарына
мойынсұнуды ерікті түрде таңдаса, екінші
жағдайда мəжбүрлеу орын алады. Кант адам
статутарлық жəне моральдық сенім мен дінді
ажырата отырып, адамның сенім мен дінге
мəжбүрлеудің немесе дəстүрдің ықпалымен емес,
моральдық таным негізінде келгенін қалайды.
Сөйтіп, ХҮІІІ ғасырдың басында зайырлы
мемлекет тұжырымдамасының алғышарттары
қалыптасты. Адамдардың табиғатынан туын-
дай тын құқықтары мен бостандықтары жəне
сондай-ақ міндеттемелері болады, олар қоғам-
дық заңдардың мəні мен мазмұнын, сипатын
анықтайды. Зайырлы мемлекеттің консти-
туциялық нормалары мен заңдары діни негіздеуді
қажет етпейді. Зайырлы мемлекет ар-ұждан
жəне діни наным-сенім бостандығы принципіне
сəйкес азаматтарының діни тиесілігіне неме-
се дүниетанымдық ерекшелігіне қарамастан
қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуын
қамтамасыз етеді.
Алайда, бұл мұраттар Еуропа елдерінің
заңнамалық актілерінде бірден көрініс таба
қойған жоқ. Идея мен оның əлеумттік шындықта
енуінің арасында ұзақ жылдар мен бірнеше
ғасырлар жатты. Қазіргі халықаралық құқықта
қалыптасқан діни наным-сенім бостандығының
либеральдық түсінігі – батыс елдерінің мем-
лекеттік-құқықтық
эволюциясының
ұзақ
дамуының нəтижесі. Өз мемлекеттерінің ұлт-
тық мүдделерін басшылыққа алған бірқатар
елдер өз заңнамаларында діни наным-сенім
бостандығына белгілі бір шектеулер қойып келді.
Мəселен, 1689 жылы тағаттылық туралы Актіні
қабылдаған Ұлыбританияда католиктердің діни
наным-сенімдері мен азаматтық құқықтары
1832 жылға дейін шектеліп келді, тек 1974
жылы ғана католицизмді ұстанатын тұлғалар
жоғарғы мемлекеттік лауазымдарға тағайындалу
құқына ие болды. Ал Испаниядағы католик емес
испандықтарға қойылған діни наным-сенім
шектеулері Франко қайтыс болғаннан соң, 1975
жылы ғана алынып тасталды [4].
Қазіргі əлемдік тəжірибеде мемлекет пен
дін қарым-қатынасының екі типі кең тарал-
ған. Біріншісіне сəйкес, мемлекет діннен
ажыратылған, екіншісінде мемлекеттегі белгілі
бір дінге (дəлірек айтсақ, конфессияға немесе
діни ұйымға) басымдылық немесе мемлекеттік
мəртебе беріледі. Мемлекеттік мəртебесіне ие
болған дінге (конфессияға немесе діни ұйым)
бірқатар ерекшеліктер тəн. Мəселен, мұндай дін
меншік иелену немесе заңды тұлға құқына ие,
сонымен қатар, мемлекет дінге қаржылық неме-
се басқада материалдық қолдау көрсетеді, дінге
бірқатар заңды өкілеттіліктен беріледі (неке қию,
азаматтық хал-жағдайды тіркеу жəне т.б.), жастар
мен балаларды тəрбиелеу ісіне белсенді араласу,
кейбір елдерде діни қызметкерлер саясатқа ара-
ласу мүмкіндігіне ие болады.
Діннің мемлекеттен ажыратылған сипаты-
на сəйкес, мемлекет дін істеріне араласудан бас
тартады. Барлық діндер мемлекетте тең құқылы
жəне олардың бəріне бірдей талаптар қойылады.
Мемлекеттік органдар діни бірлестіктердің ішкі
ісіне араласпайды (заң бұзылмаған жағдайда),
өз кезегінде діни бірлестіктер мемлекеттік
қызметтерді атқармайды. Конфессиялық ерек-
шелік тер мемлекет тарапынан көмек немесе
қолдау көрсетуге негіз болып табылмайды. Мұн-
дай қатынас түрін сепарационалдық деп атай-
ды. Ресей зерттеушілерінің пайымдауынша, бұл
қатынас түрі АҚШ-тың заңнамаларында баянды
көрініс тапқан.
Діни қатынастарды құқықтық реттеудің
екінші түрі Еуропа елдерінде кең таралаған.
Оны дифференциациялық түрі деп атайды. Бұл
мемлекеттің діни бірлестіктерге қатынасы-
ның əртүрлілігін қамтиды. Еуропалық үлгіде
адамның
наным-сенім
бостандықтарына
шек теу қойылмайды, алайда мемлекеттегі
діни бірлестіктердің мəртебесі бірдей емес.
Ді ни
бірлестіктердің
мəртебесін
реттеу-
дің дифференциациялық түрі мемлекет пен
конфессиялық қарым-қатынастың кооперация-
лық үлгісінің қалыптасуына негіз болады.
Зерттеу шілер осы үлгінің аясында діни бір-
лестіктердің құқықтық қалпының үш түрі бола-
тынын атап көрсетеді. Олар: мемлекеттік конфес-
сия мəртебесі, келісімді (консенсуалды) мəртебе
жəне ресми танылған конфессия мəртебесі.
Қазіргі уақытта мемлекеттік дін мəртебесі
тек бірнеше Еуропа елдерінде ғана сақталып
қалды. Мемлекет пен конфессиялық қарым-
қатынастың кооперациялық үлгісіне сай мемле-
кет пен діни бірлестіктер екі жақты келісім шарт
негізінде өзара əрекеттеседі. Бұл келісім шартта
тараптардың барлық құқықтары мен міндеттері
белгіленеді. Осындай келісім шарт негізінде
ISSN 1563-0307 KazNU Bulletin. Philosophy series. Cultural science series. Political science series. №1 (42). 2013
Қ.А. Затов
31
діни бірлестіктердің қоғамдық қатынастарға
араласуының құқықтық ауқымы анықталады.
Мемлекет пен конфессиялық келісімдердің
ішінде қарым-қатынастарды кең ауқымды
реттейтін кодификациялық келісімдер мен жеке
мəселелерді реттейтін келісімдер ажыратуға
болады. Кодификацияланған келісімнің кең
таралған үлгісі конкордат. Ол католиктік шіркеу
мен тұрғындарының басым көпшілігі католиктер
болып табылатын елдермен жасалады. Италия
жəне Испания мемлекеттері мен Рим католиктік
шіркеуі арасында осындай келісімдер бар. Алай-
да шіркеу мен мемлекет арасындағы мұндай
келісімдер басқа діни бірлестіктермен, діни аз
топтармен келісім жасауға кедергі келтірмейді.
Мемлекет пен конфессиялық қарым-қаты-
настың кооперациялық үлгісінің тағы көрінісі рес-
ми танылған (дəстүрлі) дін мəртебесін беру. Белгілі
бір конфессияны дəстүрлі деп тану оның осы елді
мекендейтін халықтың рухани өміріндегі тарихи-
мəдени маңызын мойындаумен байланысты. Бұл
осындай діни ұйымдарға қосымша құқықтар
беретін мемлекеттік заңнамада көрініс береді.
Алайда, дəстүрлі дін мəртебесінің нақты мазмұны
əр елде əртүрлі болуы мүмкін. Кей жағдайда, бұл
заң нормасы орын алған жағдайды сипаттаумен
ғана шектеледі. Қазақстан Республикасының
«Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы
заңына» сай «халықтың мəдениеті мен діни өмі-
рін дамытуда ханафи бағытындағы ислам жəне
православтық христиан діндерінің тарихи рөлін
танитыны» аталып көрсетілгенімен, бұл конфес-
сияларға ешқандай ерекше құқықтар берілмеген.
Бірақ кейбір елдерде дəстүрлі діндерді бөліп
қарастыратын заң актілерінде оның құқық
салдарлары жан-жақты қарастырылған. Лит-
ва Республикасының «Діни қауымдар мен
қауымдастықтар» туралы заңы мемлекеттегі
тоғыз қауымдар мен қауымдастықтарды дəстүрлі
деп таниды.
Діндерді дəстүрлі жəне дəстүрлі емес деп
бөлу олардың мемлекеттегі құқықтық мəртебесін
жəне оларға деген қарым-қатынасты анықтайды.
Кейбір елдерде тек дəстүрлі деп танылған конфес-
сиялар ғана ғибадатханалар мен ғимраттар сала
алады. Сонымен қатар діни бірлестіктер мəселен,
Литва Республикасының заңнамаларына сай тек
тіркелгеннен жиырма бес жыл өткеннен соң ғана
мəртебесін өзгерту немесе дəстүрлі конфессия
мəртебесін алуға өтініш бере алады, егер діни
ұйымның бұл өтініші қанағаттандырылмаса он
жылдан соң ғана қайтара өтініш түсіреді.
Бельгия
корольдігінің
конституциясына
сəйкес алты деноминация жоғарыда аталған
мəртебеге ие. Олардың қатарына католи-
цизм, ағылшын шіркеуі, протестантизм (басқа
протестанттық ағымдар), православие (гректік
жəне орыс православтық шіркеу), иудаизм мен
ислам кіреді. Аталған конфессиялардың дін
қызметкерлері мемлекет тарапынан жалақы
жəне зейнетақы алады.
Жоғарыда айтылғандардан байқайтынымыз,
зайырлы мемлекеттерде діннің қоғамдағы
мəртебесі заңнамалық негізде бекітілген. Мем-
лекет пен дін құрылымдары қоғамдағы орны
олардың мəні мен мақсатына сай айқындалады.
Осы тұрғыда көрнекті орыс ойшылы И.А.
Ильиннің дін мен мемлекеттің арақатынасына
қатысты: «Шіркеу мен мемлекет өзінің
нақтылығы, рухы, мəртебесі, мақсаты мен əрекет
ету тəсілдері бойынша бір-біріне жат. Шіркеудің
құдіреті мен беделін өзіне таңуға талпынған
мемлекет құлақ естімеген қорлыққа, күнə мен
пасықтыққа жол ашады. Өзіне мемлекеттің билігі
мен күш-қуатын таңуға талпынған шіркеу абы-
ройын жоғалтып, өз мақсатынан таяды. Шіркеу
сенімді орнату үшін де, діннен безген пасық пен
залымды жазалау үшін де, соғыс үшін де қолына
қару алмауы керек... Бұл тұрғыда шіркеу саясат-
тан тыс, саясаттың мақсаты оның мақсаты емес,
саясаттың құралы оның құралы емес, саясаттың
мəртебесі оның мəртебесі емес» деген орынды
ой айтады.
Алайда мемлекет пен діннің ортақ мақсаты –
адам абыройын, ар-намысын сақтау, адамгершілік
нормаларының қоғамдық сана мен болмыста
терең тамыр алуының алғышарттарына негіз
қалау. Адамгершіліктің асыл мұраты алдымен
діни қағидаттарда, кейіннен заң нормаларында
көрініс тапқаны белгілі. Моральдық-этикалық
ұстанымдар – діннің ажырамас бір бөлігі. Діни
канондар жинағы (қасиетті ұстанымдар, ере-
желер) адамзат дамуының алғашқы кезеңінен
бастап қоғамдық қатынастарды реттейтін
негізгі жүйе болды. Əлемдік діндер – иудаизм,
христианшылдық, буддизм, ислам қоғамның
рухани жəне адамгершілік өміріне ғана емес,
сондай-ақ құқықтық жүйелерінің дамуына
да зор үлес косты. Мысалы, христиан діні,
христианшылдықтың діни моральдық канон-
дары ұзақ уақыт бойы əлем халықтарының бір
бөлігінің қоғамдық өміріне зор ықпал етті.
Библия, Құран, Талмуд сияқты қасиетті
кітаптарда діни қағидаттармен қатар жалпы
Зайырлы мемлекет жəне дін
32
ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. №1 (42). 2013
адамгершілік нормалары да көрініс тапқан. Мы-
салы, Библиядағы Мұса уағызындағы өсиеттерде
адамдардың тұрмысына қатысты қабылданған
адамгершілік нормалары мен талаптары жөнінде
айтылады. «Мұса заңдарында» алты күн
көлемінде еңбектеніп, жетінші күні демалудың
қажеттілігі, сондай-ақ ата-ананы құрметтеу, кісі
өлтіруге, ұрлық жасауға, жалған куəгерлікке
тыйым салу, көре алмаушылықты айыптау та-
лаптары белгіленген.
Əлеуметтік нормалар христианшылдықтың
шіркеулік жəне канондық құқықтарында көрініс
тапты. Бұл нормалар – шіркеудің ішкі құрылымын,
шіркеу ұйымдарының өзара қатынастарын, дін
мен мемлекет қарым-қатынасын, сондай-ақ адам
өміріндегі кейбір қатынастарды реттейді.
Діни құқықтың ерекше жүйеленген тарихи
типі – ислам құқы.Исламдағы құқықтың бала-
масы – «фықһ», арабшадан аударғанда терең
түсіну, зеректік дегенді білдіреді. Фықһ адам
мен қоғам жəне сондай-ақ адам мен Жаратушы
қатынасының кең ауқымын қамтиды. Шартты
түрде «фықһ» пəнін екіге бөліп қарастыруға бо-
лады. Біріншісі, «ғибадат» адамның Жаратушы-
мен қатынасын, Алла үкімдері мен адамның Алла
алдындағы парыздарын қарастырса, екіншісі
– «муғамалат» адамның қоғамдағы жүріс-
тұрысын, іс-əрекеттерін, қарым-қатынастарын
қамтиды. Қазіргі заманғы құқықтық жүйелер
діни құқықтың бірқатар принциптерін мұралаған.
Сондықтан адамзаттың құқықтық эволюциясы
діни құқықтың жетістіктеріне де сүйенеді.
Адам мен отбасы, қоғамдық қатынастардың
барлық саласын тек құқықтық нормалар немесе
заңнамалар арқылы реттеу мүмкін емес. Ата-ана
мен бала, туысқандық қатынастардың ауқымды
бөлігі қоғамда қалыптасқан салт-дəстүрлер, діни
нормалар арқылы да реттеледі.
Зайырлы мемлекет азаматтық қоғамның
құрамдас элементі ретіндегі діни бірлестіктердің
қызметінде реттеп отырады. Қазақстан Республи-
касының «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер»
туралы заңының 3-бабының 5-тармағында
«Азаматтардың дінге көзқарасына байланысты
олардың азаматтық құқықтарының бұзылуына,
діни қызметіне заңсыз кедергі келтіруге неме-
се олардың діни сезімдерін қорлауға, қандай
да бір дiндi ұстанушылар қадiр тұтатын заттар-
ды, құрылыстар мен орындарды қорлауға жол
берілмейді» деп атап көрсетілген.
Қазақстанның ата заңы мен діни наным-
сенім бостандығы туралы заңнамалық актілері
елімізде əрбір адамның өз ой еркіндігін, сенімін
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қоғам
типін қалыптастырудың қажетті құқықтық
негіздерін айқындайды. Дегенмен, заңнама тек
осы құқықтарды, наным – сенім бостандығы
принципін жүзеге асырудың, Қазақстанның за-
йырлы мемлекет ретінде дамуының құқықтық
алғышарттарын
ғана
жасақтайды.
Бұл
қағидаттардың іс жүзінде орындалуы əр түрлі
дүниетаным, дін бірлестіктер жəне мемлекет
арасындағы байсалды пікір алмасу, сұхбат бары-
сында ғана мүмкін. Сұхбат əр түрлі тараптардың
арасындағы пікір алмасудан тұрады. Сұхбаттың
мазмұны оның мақсаты мен міндеттеріне бай-
ланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Сұхбат нақты
формальды іс-шаралар: кездесулер, келіссөздер,
конференциялар формасында ұйымдастырылуы
мүмкін. Мұндай іс-шаралар қоғамдық сұраныс-
тан туындайтын мəселелерді шешу үшін
маңыз ды болып табылады. Бірақ қоғамдық
өмірде көптеген мəдени, дүниетанымдық жəне
құндылықты ұстанымдар кездесетіндіктен, осы
қоғам интеллектуалдары мен зиялы қауымының
шығармашылығы барысында дүниеге келетін
идеяларды талдаудан тұратын кең мəтіндік
тұрақты сұхбаттар орын алады.
Сұхбат барысында əртүрлі көзқарастар мен
идеялардың арасындағы қарама-қайшылық-
тарының айқындалуы, бір-біріне ықпал етуі,
толықтырылуы мүмкін. Дегенмен, сұхбатдың
басты мақсаты – көтерілген мəселеге қатысты
тараптардың позициясын анықтап, басқаны
тыңдап, мəселені ұшықтырмай бейбіт жолмен
шешудің алғышарттарын қарастыру. Сондықтан
сұхбат оң нəтиже беру үшін оған қатысушы та-
раптар белгілі бір принциптерді басшылыққа
алуы қажет. Бірінші шарт, сұхбат субъектілері
тараптарының тең құқын мойындау. Яғни, та-
раптар өз пікірі мен ұстанымын басқаға таңудан,
үстемдік ету мен бағыныштылық позициясында
болудан сақтануы абзал. Сұхбаттың маңызды
шарттарының бірі – оған қатысушының өз
көзқарастарын қорғауы, яғни басқалар оның өз
көзқарастарынан бас тартуға міндетті емес екенін
мойындауы тиіс. Сондықтан сұхбатта өзара
түсіністікке, басқаның көзқарасын сыйлауға
бағытталған психологиялық ахуал өте маңызды.
Сұхбат адамдарды жақындастыруға жəне сон-
дай – ақ ой бөлісе отырып, мəселені жан-жақты
қарастыруға, өз позициясының мүмкіндіктері мен
кемшіл тұстарын болжамдауға бағытталған. Осы
айтқандарымызды түйіндей отырып, сұхбатға
ISSN 1563-0307 KazNU Bulletin. Philosophy series. Cultural science series. Political science series. №1 (42). 2013
Қ.А. Затов
33
төмендегідей анықтама беруге болады: сұхбат
– оған қатысушылардың теңдігі мен еркіндігіне
негізделген,
ұстанымдарды
айқындауға,
жақындастыруға, өзара толықтыруға бағытталған
əлеуметтік қатынастың ерекше формасы. Сұхбат
азаматтық қоғам мен демократиялық мемлекет
арасындағы өзарақатынастың негізгі механизмі
десек артық айтпаймыз. Сол арқылы мемлекет
пен қоғамның бірлігі мен тұтастығы қамтамасыз
етіледі. Алайда сұхбат қоғамның салауаттылығы
мен өркениеттілігіне тікелей қатысты. Сондықтан
ол байсалды тəрбие мен терең білімділікті талап
етеді.
Енді қоғамдағы дін мəселесіне қатысты
сұхбатқа қатысушылар кімдер екенін анықтап
алайық. Кең мағынасында сұхбатқа Қазақстан
қоғамының барлық азаматтары қатысады.
Өйткені қазақстан қоғамы əр түрлі этностардан,
мəдениет жəне дін өкілдерінен тұрады. Алай-
да, нақты мағынасында сұхбатдың субъектілері
төмендегілер болып табылады: а) əр түрлі діни
наным, ұйым, конфессия өкілдері, олардың
арасында Қазақстан қоғамындағы орны мен
рөлі төңірегінде əлеуметтік қатынастар мен
өзара əрекеттесулер орын алады; б) сұхбаттың
субъектілері бір жағынан əр түрлі діни
бірлестіктер, екінші жағынан өкілетті органдар
ретіндегі мемлекет болып табылады; в) Қазақстан
қоғамы тұтастай əр түрлі діни сенімдегі адамдар
мен топтардан тұрмайды. Қоғамның белгілі бір
бөлігі діни сенімді қабылдамайтындар мен атеи-
стерден тұрады. Сондықтан сұхбаттың тағы да
бір субъектілері өкілетті органдар ретіндегі мем-
лекет жəне діни сенімді қабылдамайтын азамат-
тар мен атеистер болып табылады; г) сұхбатдың
келесі субъектілері – діни ұйымдар ретіндегі
дінге сенушілер мен діни сенімді қабылдамайтын
азаматтар мен атеистер. Сұхбатдың мақсаты
не дейтін болсақ, мақсат – Қазақстанды да-
мыту, елімізде демократия мен əділеттілікке
негізделген азаматтық қоғамды қалыптастыру,
қоғамда басқа дүниетанымдық ұстанымдарды
жəне адамдардың рухани – адамгершілік бағ-
дарларын жүзеге асыру құқын сыйлау жəне оған
тағаттылықпен қарау ахуалын қамтамасыз ету.
Осы бағытта еліміздегі дəстүрлі діндердің
əлеуметтік үйлесімділікті сақтаудағы əлеуетін,
еліміздің бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз
етудегі мүмкіндіктерін ұтымды жүзеге асыра
білудің маңызы зор болмақ. Еліміздегі əр түрлі
діни бірлестіктер түрлі мəселелер бойынша,
соның ішінде сенім негіздері төңірегінде пікір
алмасуды жүзеге асыра алады. Бұл да қоғамдағы
тыныштықты сақтауға оң ықпал етуі мүмкін.
Алайда, біз ар-ұждан бостандығы жəне Қазақстан
мемлекетінің зайырлы сипаты принциптерін
жүзеге асыруға бағытталған сұхбатқа басты
назар аударуымыз қажет. Діндердің қоғам
өміріндегі орны мен маңызын мойындай оты-
рып, бір діни сенімнің басқалардан артықшылғы
мен ерекшелігін дəріптеуіне, өзін басқалардан
жоғары қоюына жол бермеуге тиіспіз. Сондай-
ақ, қоғамның ішкі бірлігіне нұқсан келтіріп,
ыдыратуға бағытталған тенденциялардың да
алдын алатын шараларды жүзеге асыруымыз ке-
рек. Бұл бағыттағы маңызды шара – Қазақстан
халықтарының дəстүрлі мəдениетін, салт-
дəстүрлерін, тарихын, рухани дамуында ерекше
орын алған тұлғаларының шығармашылығын,
осындай дəстүрге негізделген бірлік пен елдікті
кеңінен насихаттау. Діни бірлестіктердің өкілетті
органдар ретіндегі мемлекетпен сұхбатының
мақсаты – барлық діни ұйымдардың заңнамалық
жəне құқықтық теңдігін іс жүзінде қамтамасыз
ету, олардың діни əдет-ғұрыптарын, рəсімдерін
орындауына, өз діни нанымдарының негіздерін
оқып-үйретуге мүмкіндіктер жасау. Дегенмен,
мемлекеттің зайырлы сипаты мемлекеттің билік
құрылымдары өздерінің жекеленген мүдде-
лері үшін діни бірлестіктерді, діни бірлес-
тіктер мемлекеттің билік құрылымдарын
пайдалануға талпынбаған жағдайда қамтамасыз
етілетінін естен шығармаған жөн. Соны мен
қатар, мемлекеттің діни сенімдегі адамдар дың
дүниетанымдық жəне адамгершілік ұстаным-
дарын жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер беретін
заңнамалық актілерді қабылдайтындығын атап
өткеніміз де абзал. Бұл бір жағынан, олардың
толыққанды еркін азаматтар ретінде əрекет етуін,
өздерінің азаматтық құқықтарын жүзеге асыру-
ын қамтамасыз етсе, екінші жағынан Қазақстан
Республикасының рухани өрлеуіне өз үлестерін
қосуға мүмкіндік береді. Қазіргі Қазақстан
жағдайында ұлттық жəне азаматтық бірліктің
маңызы өте зор.
Яғни, əрбір азамат шыққан тегі мен діни
нанымына қарамастан өзінің тағдыры мен
болашағының Қазақстан елі жəне мемлекетімен
тығыз байланысты екенін терең түсіне білуі
қажет. Дəстүрлі жəне əлемдік діндер мен діни
бірлестіктердің көп ғасырлық тəжірибесі,
сұрыпталған құндылықтары мен білімі, діни
дəстүр мен тəжірибені жүзеге асыра алатын білгір
мамандары мен дағдылары бар екенін естен
Зайырлы мемлекет жəне дін
34
ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. №1 (42). 2013
шығаруға болмайды жəне осы əлеуетті мемле-
кет қоғамның рухани кемелін арттыруға тиімді
қолдануы тиіс. Қоғамда рухани құндылықтар
мен идеалдар, адамгершілік бастаулар туралы
жиі айтылып, олардың мазмұны БАҚ беттерінде
жарияланып тұрса, сол арқылы олар қоғамдық
санаға еніп, руханилыққа деген сұранысты ту-
дырады. Діни бірлестіктер мен діндар адамдар
қоғам мен жеке тұлғаның өмірлік ұстанымдары
мен дүниетанымын өзгертуге, тұтынушылық пси-
хологиядан арылып, рухани ізденуін қамтамасыз
етуге қабілетті. Бұл өз кезегінде мемлекеттегі
тұрақтылықты, əлеуметтік серіктестікті жетіл-
діріп, қылмыскерлікті құрықтауға ықпалын
тигізері сөзсіз. Діни бірлестіктердің қоғамдық
өмірге етене араласуының бір бағыты – қайы-
рымдылық іс-шараларын ұйымдастыру жəне
жүзеге асыру. Бұл əрекет аумағында діни
бірлестіктер бейбітшілікті сақтауға, мəдени
ескерткіштерді қалпына келтіруге, əлеуметтік
қорғалмаған топтарға немесе əр түрлі стихиялық
жағдайлардан зардап шеккендерге көмектесе
алады. Бұл қоғамдағы рухани-адамгершілік
ахуалды жақсартып, əлеуметтік қатынастарды
үйлесімді дамытуға мүмкіндік береді.
Себебі, адамдар басқаға қол ұшын беру,
жанашырлық таныту сияқты гуманистік прин-
циптердің қалай іске асатынына тікелей куə
болады. Бірақ ескере кететін бір жайт, діни
бірлестіктер бұл саладағы мемлекеттік функция-
ларды атқармауы жəне өздерінің қайырымдылық
шараларын діни ілімдерін таратуға пайдаланба-
уы керек. Қазіргі заманда барлық адамдардың
діни сенімде болуы жəне діни ілімдер мен
ондағы құндылықтарды бөлісуі шарт емес.
Сондықтан «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер
туралы» заңда атап көрсетілгендей, Қазақстан
Республикасы азаматтары жəне азаматтығы
жоқ тұлғалар кез-келген дінді ұстануға не-
месе ешқайсысын ұстанбауға құқықты. Діни
сенімді ұстанбайтын адамдардың өкілетті ор-
гандар ретіндегі мемлекетпен сұхбаты, ең ал-
дымен, діни сенімді ұстанбайтын адамдардың
өз дүниетанымдық позицияларын ұстануын
қамтамасыз ететін конституциялық құқықтарын
қорғауға бағытталуы тиіс. Заң шығарушы жəне
билік құрылымдары арқылы мемлекет діни
сенімді ұстанбайтын адамдардың адамгершілік
ұстанымдарын жүзеге асыруына жəне өз балала-
рын түрлі ұйымдардың ықпалынсыз тəрбиелеп,
білім алуына жағдай жасайды. Яғни, мемлекет
кез-келген діннің жеке адамның өзінің қалауынсыз
тұрмысы мен өміріне араласуына жол бермейді.
Өз кезегінде діни сенімді ұстанбайтын адамдар
мемлекеттік құрылымдарды дінмен күрес үшін
қолданбауы керек. Қоғамдық дамудағы секуляры
сананың жетістіктері де адамзат игілігіне қызмет
етіп келгені белгілі. Рухани байлық пен прогресс
туралы айтқанда осы салада жинақталған бай
мұраның оң ықпалы да назардан тыс қалмағаны
жөн.
Сұхбаттың
маңызды
тараптары
діни
бірлес тіктер мен ұйымдарға кіретін немесе
кірмейтін діни сенімдегілер мен діни сенімді
ұстанбайтындар болып табылады. Бұл жердегі
негізгі мəселе – өзге дүниетаным мен сенімді
дұрыс бағалап, қабылдаудың алғышарттарын
қалыптастыру, санада тұрақталып қалған
біржақты стереотиптерден арылу. Дінге илан-
байтындар дінді қоғамның дамуына кері ықпал
ететін реакцияшыл күш, «сананы улайтын апи-
ын» деп қарастыратын, діндарлардың сеніміне
нұқсан келтіретін көзқарастардан алыс болғаны
абзал. Ал діни сенімдегі адамдар атеизмге деген
көзқарастарын өзгертіп, идеология ретіндегі ате-
изм мен өз көзқарастарында тылсым күш идея-
сына орын бермейтін жəне дүние суреттемесінде
ғылыми
негіздерді
басшылыққа
алатын
дүниетанымдық позиция ретіндегі атеизмді ажы-
рата білуі тиіс. Сонымен қатар, діни сенімдегі
адамдар Құдайға деген сенімсіз адамгершіліктің
болуы мүмкін емес деген ұстанымнан бас тар-
тып, адамгершіліктің діннен тыс негіздерінің де
болатындығына құрмет қарауы керек.
Дінге сенбеу рухани құндылықтардың маңыз-
дылығын жоққа шығару болып табылмайды.
Бұл мəселеде көп нəрсе адамның білімі мен
тəрбиесінің сипатына байланысты болмақ. Дінге
сенетіндер мен сенбейтіндердің айырмашылығы
олардың адам өміріндегі рухани құндылықтарды
мойындауында
немесе
мойындамауында
емес, осы құндылықтарды қалай түсінетіндігі
мен түсіндіретіндігінде. Сондықтан, олар-
ды түйістіретін құндылықты ұстанымдардың
əлдебір ортақ негіздерін анықтап алған абзал.
Біздің пікірімізше, гуманистік құндылықтар
осындай ортақ негіз бола алады. Республика-
мызда жүргізілген əлеуметтік зерттеулер де осы-
ны айғақтайды. «Құдайға сенушілер мен атеи-
стер ортақ тіл тауып, гуманизм, толеранттылық
жəне басқа да жалпы адамзаттық құндылықтар
принципі негізінде өзіндік ерекше қоғамдық
келісім – шартқа келуі мүмкін» [5]. Гуманистік
құндылықтар адам өмірі мен бостандығын,
ISSN 1563-0307 KazNU Bulletin. Philosophy series. Cultural science series. Political science series. №1 (42). 2013
Қ.А. Затов
35
оның өзін шындықта жүзеге асыру, қоғамдық
игіліктерді өндіру мен тұтыну құқын қамтиды.
Яғни, түрлі дүниетаным мен сенімді ұстанатын
адамдар ең негізгі құндылықтың осылар
екендігін мойындап, өз əрекеттерінде солар-
ды басшылыққа алса ғана олардың арасында
өзара сұхбат мен ынтымақтастық, серіктестік
қатынастар орнығады. Мемлекет осындай
қатынастарды жүзеге асырудың механизмдерін,
саяси-əлеуметтік жəне құқықтық алғышарттарын
қалыптастырады. Жоғарыда қарастырылған
мəселелер еліміздегі мемлекет пен дін, зайыр-
лы қоғам арасындағы қарым-қатынастарды
үйлесімді дамытып, əлеуметтік тұрақтылық пен
ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге маңызды
үлес қосады деп ойлаймыз.
Көріп отырағанымыздай, зиялылық түсінігінің
ауқымы кең. Зиялылық пен мемлекеттің зия-
лы сипаты дінді теріске шығармайды. Қазіргі
заманғы зиялылық ең алдымен гуманистік
құндылықтарды, соның ішінде адамның ар-ұждан
жəне наным-сенім бостандығын еркін жүзеге
асыруды қамтиды. Зиялылық діни дүниетаным
мен құндылықтарды мойындамауды немесе
олардың қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлі
мен маңызын кемсітуді білдірмейді. Зиялылық
əр адамның дүниетанымдық еркіндігін құптай
отырып, қоғамның рухани саласындағы ой-
сананың көптүрлілігін мойындау. Ал зиялы мем-
лекет осы көптүрліліктер арасындағы қарым-
қатынастың құқықтық негіздерін қамтамасыз
етеді. Мемлекеттің зиялы сипаты азаматтық
қоғам субъектілерінің заңдар мен құқықтық нор-
маларды қатаң сақтауын жəне өз қызметтерін
осы құқықтық, заңнамалық шеңберде жүзеге
асыруын талап етеді. Мемлекет пен қоғам үшін
діни алауыздық пен тағатсыздықтың өршуі
қаншалықты қауіпті болса, заңдардың, адам
құқықтары мен бостандықтарының аяққа ба-
сылуы да соншалықты қауіп туғызады. Бірінші
жағдай діни фанатизмді туындатса, екінші
жағдайда құқықтық нигилизм өріс алады. Сұх-
батқа, өзараынтымақтастық пен түсіністікке
негіз делетін зиялылық жəне заңдылық пен құ-
қыққа негізделетін зайырлы мемлекеттілік атал-
ған қауіптерден арылуға мүмкіндіктер ашады.
Əрине, бұл бір күннің ішінде немесе бір
заңның аясында жүзеге аспайды. Қоғам осы
мақсаттарды жүзеге асыру үшін жүйелі жұмыс
жасауы қажет. Құқықтық мəдениет пен гуманистік
руханилықты қалыптастыру, дамыту еліміздің
тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
басты стратегиялық бағыттарының бірі ретінде
бағаланып, қазақстандықтардың азаматтық са-
насында ұялануы қажет. Бүгінгі күннің ауырда,
абыройлы міндеттерінің бірі осы.
Достарыңызбен бөлісу: |