Мәселе 3: Түйіндеме кіріспеге ұқсап кетеді. Ол екеуі бір бірімен байланысты, бірақ екеуінің алдарына қойылған мақсат әртүрлі.
Мәселе 3: Түйіндеме кіріспеге ұқсап кетеді. Ол екеуі бір бірімен байланысты, бірақ екеуінің алдарына қойылған мақсат әртүрлі.
Шешім:
Кіріспе мен түйіндеменің мақсатын нақты білу.
Мәселе 4: Өз аудиторясына түсініксіз болуы мүмкін. Түйіндеме тым түсініксіз немес тым қарапайым сөздермен жазылуы мүмкін.
Мәселе 4:Өз аудиторясына түсініксіз болуы мүмкін. Түйіндеме тым түсініксіз немес тым қарапайым сөздермен жазылуы мүмкін.
Шешім: Түйіндемені жалпыға немесе «орта деңгейдегі» оқырманға түсінікті етіп жазу.
Жалпы алғанда, түйіндеме, түйін жасалатын жұмыстың құрылымына байланысты. Сондықтан, барлық түйіндемелердің құрамында мыналар болуы тиіс:
Жазылым негізі.Зерттеудің маңызылығы қандай? Оқырманды көлемді жұмысты оқуы үшін не қызықтыруы мүмкін?
Мәселесі. Зерттеу жұмысында қандай мәселе көтерілген? Жұмыста қолданылған негізгі уәждер мен пікірлер.
Әдістемесі. Ғылыми жұмыс қандай әдістерді қолдана отырып жазылғаны немесе зерттеуде қандай дәлелдер қолданылған жазылады.
Нәтижесі.Зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша жасалған пікірлер мен анықталған жайттар.
Әсері. Жүмыстың нәтижесі салдарынан қандай өзгерістер болуы мүмкін? Жұмыстың өз тақырыбы бойынша зерттеуге қосатын үлесі қандай?
Берілген түйіндеменің құрылымы мен жазылу мақсатын түсіну үшін мынандай ерекшеліктерін анықтаймыз
Зерттеу мазмұнын анықтау. Түйіндеме академиялық жазылымның негізгі құрылымы. Түйіндеме нағыз оқырманның назырын тартушы құрал. Сол себепті де көртеген студенттер түйіндемені жазуды қиын санайды.
Зерттеу тақырыбын/проблемасын анықтау. Бұл мақала мынандай екі мәселені анықтайды. Біріншіден, студенттер жақсы түйіндеменің негізгі құрылымдарының қандай екенін түсінбейді, екіншіден, олар түйіндеме жазудың тәсілдерін қолдана алмайды.
Әдістемені көрсету. Бұл мақаланы анықтау үшін мақалада әр түрлі тақырыптағы 500 тарта академиялық түйіндемелер талданып, 1000 жуық студенттерден сауалнама алынады.
Негізгі анықталған жайтттарды көрсету. Сандық және сапалық талдаулар студенттердің түйіндемені түсіну деңгейінде жүргізіліп, негізгі мәселелер айқындалды.
Негізгі қорытындыны көрсету. Зерттеу нәтижесінде студенттердің түйіндеме туралы түсігінін кеңейту және жазылым барысында оны көбірек талап ету сияқты екі мәселе анықталды.
Кілт сөздер. Академиялық жазылым, түйіндеме, эссе құрылымы, ойды тұжырымдау.