Тұжырымдамасы Заң жобасының атауы



бет5/30
Дата31.12.2021
өлшемі307,5 Kb.
#21120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде

Бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тікелей басшылардың дербес тәртіптік жауапкершілігін енгізу үшін мемлекеттік қызмет туралы Заңда және басқа мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану мәселелерін реттейтін салалық заңдарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған бағынысты қызметкерлерді бақылау бойынша лауазымды уәкілеттіліктерін орындамаған немесе ойдағыдай орындамағауды тәртіптік теріс қылыққа жатады деп анықтау ұсынылады.


Сонымен бірге, басшының жауапкершілігі бағынысты қызметкердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзышылық жасауының барлық мән-жайы анықталған соң таразыға салынып қарастырылуы тиіс (басшының құқық бұзушылықтың алдын алуды ескертуге мүмкіндігі болуы; бұдан бұрын қабылдаған алдын алу сипатындағы шаралар, бұзушылықтың жүйелілігі; мемлекеттік органдар қызметінің ұйымдастыру ерекшеліктері, құқық бұзушының жеке басының қасиеттері және т.б.)

Аза­маттар мен кәсіпкерлердің құқықтарын жүзеге асыруға заңсыз көмектескені немесе нақты кедергі жасағаны үшін квазимемлекеттік сектор лауазым­ды тұлғаларының жеке тәртіптік жауапкершілігіне тартуға мақсатында тиісті түзетулерді Еңбек кодексінде көзделуі қажет. Атап айтқанда, аза­маттар мен кәсіпкерлердің құқықтарын жүзеге асыруға заңсыз көмектескені немесе нақты кедергі жасағаны квазимемлекеттік сектор лауазым­ды тұлғаларының тәртіптік әрекет болып табылады бекемдеуді қажет.



3. Жекелеген теріс қылық құрамдарын мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық құрамына айналдыру мәселесі туралы

Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметшінің жеке басына қызметтік әдеп нормаларының сақталуына жоғары талаптар қояды.

Мемлекеттік қызметшінің оң үлгісі адамдармен қарым-қатынаста ғана емес жалпы сыртқы келбетінен, сөзінен, мінез-құлық мәнерінен қалыптасады.

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды енгізу сыбайлас жемқорлықты қоса алғанда ең ауыр құқық бұзушылыққа негіз болатын қызметтік тәртіпті бұзудың алдын-алу арқылы сыбайлас жемқорлықты болдырмауды күшейтті.

Атап айтқанда, 2015 жылға қарағанда 2016 жылы (мемлекеттік қызмет туралы Заңының бірінші жыл қолданылуы) қызметтік әдеп нормаларын бұзған үшін жазалағандардың саны 35%-ға азайды (2015 жылы әдепті бұзған үшін 354 мемқызметшілер жазалаған, ал 2016 жылы - 232), бұл алдын алу жұмысының тиімділігін көрсетеді.

Алайда, мемлекеттік қызметшілердің кейбір әдеп бұзулары кең қоғамдық резонанс және қоғам тарапынан орынды сын мемлекеттік қызметтің беделіне елеулі зиян келтіреді және оған кір келтіреді.

Бұндай әдеп бұзушылықтарға жеке мақсатта қызметтік автокөлік пайдалану, азаматтармен өрескел қарым-қатынас, маскүнемдік масандықта автокөлікті жүргізу және мемлекеттік қызметшінің масандық жай-күйде қоғамдық жерде адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлау жатады.

Мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдепті сақтау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді шарасы болып табылатындығын назарға ала отырып қосымша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын күшейту бойынша кешенді шараларын енгізу ұсынылады.

Осылайша, жоғарыда көрсетілген әдептік құқық бұзушылық құрамдарын мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың санатына ауыстыру ұсынылады, бұл өз кезегінде оларды бұзған үшін жауапкершілікті елеулі түрде күшейтеді.

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасаған адамдар туралы мәліметтер арнайы есеп деректер базасына (ҚСжАЕК) енгізіледі және олар тәртіптік жаза қолданылған кезде қызметі бойынша жоғарылауды болмайды. Бұл ретте, тұлға осындай әрекет үшін жұмыстан шығарылса одан кейін оған мемлекеттік қызметіке кіруге бұдан былай жол берілмейді.

Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 44-бабына сәйкес мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін тәртіатік жауапкершіліктің әр түрлері қолданылады (ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту немесе мемлекеттік лауазымын төмендету, атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару).

Бұл ретте тұжырымдамамен ұсынылатын теріс қылықтар үшін ең үлкен жаза – мемлкеттік қызметте төмендету, ал төмен тұрған мемлекеттік лауазым болмаған жағдайда – заңмен белгіленген тәртіпте қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде жаза қолдану.

Ерекшелік ретінде «алькогольдік масаю күйінде автокөлікті жүргізу» болып табылады, ол үшін мемлекеттік қызметтен босату көзделген.

4. Сатып алулар саласында және бақылау-қадағалау органдарында жұмыспен қамтылған мамандармен сатылмайтындық туралы шартты жасасуға қатысты

Енді бір жаңа енгізілім сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамада көзделген сатып алулар саласында және бақылау-қадағалау органдарында жұмыспен қамтылған мамандармен «Сатылмайтындық туралы шартты» жасасу.

Осы шартты жасасу мемлекеттік органдардың басшысымен және осы мемлекеттік органдардың уәкілеттіліктеріне мемлекеттік сатып алулар саласында немесе бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру кіретін лауазымды қызметшілермен (қызметкерлермен) болжамданады.

Осы шарттын мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және басқа заңнаманы басқа да бұзушылықтарын болғызбау, мемлекеттік қызметшілердің өз қарауы бойынша әрекет жасау мумкіндіктерін азайту.

Сондай шартқа қол қоя отырып мемлекеттік қызметші өзіне біріншіден, сатылмайтындығы қағидатын сақтау міндетін алады, екіншіден, шартты сақтамаған жағдайда оған тиісті жазалау шаралар қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет