Ойлаудың дербестігі - адамның жаңа міндеттерді, мәселелерді шығара алуымен және басқа адамдардың көмегінсіз өзі мәселенің дұрыс шешілу жолын табумен сипатталады.
Ойлаудың икемділігі – ойлаудың оны шектейтін жатталып қалған,таптаурын шешу тәсілдерінен тәуелсіздік дәрежесін береді.
Дедукция дегеніміз – жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы
Индукция дегеніміз – жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы.
Аналогия дегеніміз – ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау.Мәселен, И.Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын тапқанда аналогиялық ой қорытындысына сүйенген. Енді ойлаудың қасиеттеріне келетін болсақ, ол сан алуан болады
Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Қозғалысты қабылдау – бұл объектілердің кеістіктегі орны мен қалпының өзгерісін бейнелеу.