Тжтә Базарбаев Бекзад жхм – 911 Деңгейлік тапсырмалар


Жиналыста нақты шешімдердің қабылдануын қадағалаңыз



бет2/5
Дата07.01.2022
өлшемі37,86 Kb.
#19120
1   2   3   4   5
Байланысты:
ТЖТӘ №12 Базарбаев Бекзад ЖХМ

Жиналыста нақты шешімдердің қабылдануын қадағалаңыз.

  • Сынып жетекші ата-аналар жиналысында өзін қалай ұстаған дұрыс?

  • Ең алдымен көңіл-күйіңіз жақсы болсын.Түріңізден шаршаңқылық, немқұрайлылық байқалмауы керек..

  • Сөзіңіз, интонация, іс-қимылыңыздан ата-аналарға деген сыйластығыңыз, құрметіңіз байқалып тұрсын.

  • Ата-аналарды алаңдатып жүрген мәселе немесе сұрақтарды шешуде әрдайым қолдауға, көмектесуге дайын екендігіңізді айтыңыз.

  • Барлық баланың ата-анасымен (үлгілі оқушылар немесе қиындық келтіріп жүрген оқушылар) бөліп-жармай бірдей қарым-қатынас жасаңыз.Әр баланың жеке ерекшелігін, жақсы жақтарын айтып өтіңіз.

  • Ата-аналар жиналыстан жақсы әсер алып, бала тәрбиесінде сізге және басқада ұстаздардарға үнемі сенім арта алатынындай сенімділік қалыптастыра біліңіз.

2-деңгей сұрақтары

1. Жанұяның педагогикалық процесінің дұрыс ұйымдасқанын анықтаудағы көрсеткіштерді көрсетіңіз



Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, құралдары, формалары жэне әдістерін, тәсілдерін ажырата білуі керек.Құралдары формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады (Н. Д. Хмель).
Материалистік диалектика адам табиғатын биологиялык пен әлеуметтіктің (тұқымқалаушылық мүмкіндіктер мен әлеуметтік ортаның) бірлігі деп түсіндіреді. Адам, басқа да тіршілік иесі сияқты, табиғат және қоғаммен өзара әрекеттестікте болады, оларды өзінше қабылдайды, яғни осы әрекеттестіктің белсенді қатысушысы.
Қоршаған дүниені өзгерте отырып, адам өзін де өзгертеді (К. Маркс). Бұл ретте әр түрлі іс-әрекеттің орны ерекше. Адамның психикасы мен санасы қоршаған ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет барысында дамиды. Бұл ретте индивидумның іс-әрекеті жеке дара емес, басқа адамдардың (ата-ана, мұғалімдер, оқушылар т.б.) іс-әрекетімен тығыз байланыста жүзеге асады. Сондықтан жалпы адамзаттық мәдениетті игеру үшін бала қоршаған ортамен басқа адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-қатынас жасауы қажет. Осылайша, іс-әрекет пен қарым-қатынас жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады. Педагогикалық ықпал етудің амалдары да осылар.
Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғанын қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық құралға жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдызқ, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек, т.б.) жатады.
Педагогикалық құралға қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері-әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.
Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады:
- қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай);
- тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия);
- таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (бірлесіп жасайтын жұмыс, аз топпен жұмыс, білімді тексеру, оқу жағдайындағы кездесу т.б.)
- оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.).
Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Тәрбие әдістері дегеніміз тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәсілдері мен нақты әрекеттері, оқушылардың белсенді іс-әрекетінің ынталануы тәрбие мақсатына бағытталуы керек. Тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл дегеніміз әдістің жеке көрінісі. Әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады.
2. Педагогикалық процестің зандылықтары мен принциптерінің жанұядағы бала тәрбиесінің ықпалын сипаттаңыз

Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту-тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңдар, заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту-тәрбиелеу жұмысын педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістері бағыт береді.Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Заңдылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрауда болжауға болады. Педагогика тәрбие туралы ғылым ретінде дамиды, сол қоғамдық қызметіне сай биологиялық мұра болмайтын, өткен ұрпақтың әлеуметтік тәжірибенің өсіп келе жатқан мұрагерлердің меңгеруіне байланысты. Демек, тәрбиенің мәні және оның мақсаты индивидтің, адамның барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі ретіндегі қалыптасуы болады. Әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесі барысында қалыптасатын қоғамдық болмыстың барлық жақтарымен қатынастары. Осыдан педагогикалық процестің мынадай заңдары болуы мүмкін:

-бала өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибелерінің мұрагері-тек қана өзінің белсенді творчестволық шығармашылық іс-әрекетінің арқасында ғана бола алады;

-индивидтің өзін жүзеге асыра алатын және өз орнын таба алуға дайын белгілі бір әлеуметтік-азаматтық дәрежесі бар (барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі тұлға ретінде дамуы, әлеуметтену процесі барысында, әлеуметтік белсенділік кеңістігінің бірте-бірте қеңеюі барысында жүзеге асады;

-ұстаздар мен оқушыларды біріктіретін ұйымдастырылған бірлесіп бөлінген іс-әрекеттері педагогикалық процесс қатысушылардың әрбіріне және барлығына жетістіктер мен қамтамасыз етеді.Әлеуметтік жүйенің қандайы да сияқты педагогикалық процесс ашық болады, яғни ортаның ықпалын сезеді, бірақ ішкі белсенділік пен өзін- өзі реттеушілігімен көзге түседі. Осыған байланысты әлеуметтік жүйенің бір түрлілігі сияқты педагогикалық процестесолардың тегіндегідей белгілері болады (Абрамова Н. Т., Афанасев В. П., Блауберг И. В., Садовский В. Н. Және т.б)


  • қоғамның ұсынуымен жүйе жалпы мақсаты, оның қызметті атқаруы тиімділік сипат әкеледі;

  • жүйе өзара байланыстағы және өзара тәуелді элементтерден (компаненттерден) бөліктерден тұрады;

  • жүйе тиым салушылық әкелетін арада өмір сүреді

  • жүйенің белгілі бір қоры бар, ол оған қызмет істелуімен тұрақтылықты қамтамасыз етеді;

  • жүйенің ішкі құрылымы оның деңгейінің иерархиясы мен ортамен байланысын көрсетеді;

  • жүйеге тән ішкі қайшылықтар есебінен жүйе дамуға қабілетті;

  • жүйе басқару орталығы арқылы басқаруындағы көрсетілген белгілер не себепті әрбір жеке бөлініп алынған педагогикалық деректі тек қана сипаттарға болатындығын, бірақ егер басқалардың арасында оның орнын анықтап және “ұстаздар- оқушылар” жүйесінде жеке бөліктерінің өзара әрекеттері туралы анық ұғым болғанда қалай әрекет етіп шешім қабылдау қиын.

3-деңгей сұрақтары

1. Жанұяның педагогикалық процесінің құрылымын қалай ашуға болады

Педагогикалық процес - тәлім-тәрбиелік қарым-қатынастарды ұйымдастырудың тәсілі. Педагогикалық процесті ұйымдастыратын педагог. Педагогикалық процес - бірнеше элементтен құрылатын жүйе. Педагогикалық процестің үш құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық.Педагогикалық процестің педагогикалық құрылымы: мақсат - принциптер - мазмұн -әдістер - құралдар - түрлер.Мақсат - ұстаз бен шәкірт арасындағы педагоги-калық қатынастардың нәтижесі Принциптер мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Мазмұн - мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің бөлігі. Әдістер - мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру-қабылдауға арналған іс-әрекеттері. Құралдар - мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен әдістер. Педагогикалық процестің әдістемелік жүйесін жасау үшін мақсат бірнеше міндеттерге бөлінеді. Әрбір міндет ұстаз бен шәкірт іс -әрекеттерінің кезеңдерін анықтайды. Мысалы, сабақтың әдістемелік құрылымы: сабаққа дайындалу, сабақты өткізу, сабақты талдау; экскурсияның әдістемелік құрылымы: дайындық, керекті жерге бару, бақылау, көргенді бекіту, нәтижені талдау. Педагогикалық процестің психологиялық құрылымы: танымдық процестер (қабылдау, ойлау, есте сақтау, ақпарат сіңіру), оқуға қызығушылық (оқуға қызығуды, қабілетті, ынтаны айқындау), қуат (көтеріңкі не түсіңкі дене мен жан күш-қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не шаршау динамикасы).Оқыту адамның қызметінің бір ғана түрі, ол екі жақты сипатта болады. Ол мұғалім мен оқушылар арасында оқудың мақсат - міндеттерін жүзеге асыруға байланысты бір мезгілде өзара қарым-қатынастары мен оқу әрекеттерінен тұрады. Оқу әрекеті дегенде: мұғалімдер тарапынан білім беру қызметіне басшылық болса, оқу - бұл оқушылар тарапынан білімдерді белсенді түрде меңгеруі, таным әрекеті. Мұғалім оқушыларға білім беруде қаншалықты белсенділік танытқанымен, егерде ондай белсенділік оқушылар тарапынан қолдау таппаса оқыту нәтижелі болмайды. Сондықтан, белгілі бір мақсатқа бағытталған бұндай өзара қарым-қатынаста біржақты көзқарас болмауы тиіс. Оқыту процесі тек мұғалім мен оқушылар арасындағы оқу әрекетінен құралмайды, сонымен бірге оқытудың басқа да элементтері бар. Олар мыналар: Оқытудың мақсаттылығы. Мұнда мұғалімнің оқылатын тақырыптың мақсат-міндеттерін айқын қарастыруы көзделеді.Оқытудың мазмұны. Жас ұрпақты ғылымның жетістіктерін меңгеруді, білімдерін дамытуды міндеттейді.Оқыту формалары мен тәсілдері. Оқыту мазмұнын қандай амал-тәсілдермен, нақтылы практикалық жолдармен меңгеруді баяндайды.

Оқыту нәтижесін талдау және бағалау. Мұғалімнің және оқушының оқу әрекетінің құрылымын бірлесе отыра сараптама жұмыстарын жүргізуі, оқушылардың оқу әрекетінің сапасына көзқарасын білдіріп, бағалап және білім деңгейін тексеріп отыруы. Оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы.Мектеп тарихының бастапқы кезеңінен оқыту, білімдер жүйесін оқушылардың меңгеруі белгілі бір дидактикалық буындардан немесе кезеңдерден тұрады:Оқушыға берілетін білім мақсаты мен қажетін түсіндіру және оларды әрекетке бағыттайтын мотивтерді туғызу. Осыған орай оқу міндеттерін (тапсырмаларды) анықтау.Оқушыға жаңа берілетін білімді баяндау және оны қабылдауға жағдай туғызу.Оқушының білімді қабылдауы және оның санасында жаңа білімнің қорытылып, ғылыми ұғымдар мен тұжырымдардың қалыптасуына мүмкіндік беру.Берілген білімді бекітуге басшылық ету. Білімді практикада қолдануға қаракет ету.


 Оқушының білімі мен дағдысының сапасы және деңгейін есепке алу, тексеру және бағалау. Оқыту процесінде мұндай басқару жүйесі оқушы-лардың білім алудағы таным әрекетінің ерекшеліктеріне байланысы, білімді жүйелі түрде ұғынуға мүмкіндік туғызады.
 Демек, білімді бекіту кезінде жаңа білімді қайталау, жаттығу, практикада қолдану т.б. оқыту процесінің элементтері қолданылады.Ұйымдастыру жағынан алғанда, дидактикалық әр кезеңнің өзіне тән ерекшелігі болатынын ұмытпаған жөн. Білім алудың мотиві мен мақсатын анықтау -белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады. Сөйтіп, ол оқушының білім алудағы әрекеті де мотив пен мақсатқа сәйкес іске асады.

2. Педогогтың ата-аналар комитетімен әрекеттестігін талдаңыз





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет