МАХОРИН ИВАН ФЕДОРОВИЧ (1916-1997) РОМАНОВ АЛЕКСАНДР ДМИТРИЕВИЧ (1922-1945) Александр Романов 1922 жылы 18 қаңтарда Жаңақорған ауданының Төменарық селосында темір жол жұмысшысының отбасыңда дүниеге келді.
Соғыстың басталған алғашқы күндерінде Александр әскери училищені бітіріп, майданға аттанды. Ал 1942 жылдың маусым айынан бастап қан майданға араласып кетті. Батыл да өжет офицер ұрыс кезінде өзінің жеке басының ерлігімен жауынгерлерді жеңіске рухтандырып отырды, Берлин-Лихтенбад майданында Романовтың ротасы өздерінен күші әлдеқайда басым жаудың 6 рет қайта шабуылына төтеп беріп, оларды көп шығынға ұшыратты. 1945 жылдың 23 сәуірінде Романовтың ротасы Тельт каналынан бірінші болып өтіп, дұшпанның плацдармын басып алды. Сөйтіп, жауынгерлердің кідіріссіз өтуіне жол ашты. Берлин көшесінде болған қиян-кескі соғыс кезінде Александр Романов ерлікпен қаза тапты.
Отанға шексіз берілгендігі, ерекше ерлігі мен батылдығы, жауынгерлік тапсырмаларды орындаудағы ержүректілігі үшін лейтенант Александр Дмитриевич Романовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
А.Д.Романов 1945 жылы 28 көкекте Берлин қаласының Бниндеп-Страссе кешесінде жерленген, кейін сол жерге ескерткіш қойылды.
1914 жылы 25 мамырда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Қамысты ауылыңда дүниеге келген. 1936 жылы Алматы малдәрігерлік-зоотехникалық инсгитутын бітіргеннен кейін Қызылорда облысына жұмысқа жіберіледі. Қызылорда қаласында малшылар мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, ауыл шаруашылык техникумында мұғалім, облыстық ауыл шаруашылық басқармасында нұсқаушы болып қызмет істеген.
1941 жылы Қызылорда қалалық әскери комиссариаты арқылы майданға аттанды. Соғыстың алғашқы күнінен бастап қан майдаңда болған атты әскер дивизионының командирі Е.Ниеткалиев Жауынгерлік Қызыл Ту және Қызыл Жұлдыз ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Ерденбек Ниетқалиев Польша Республикасы аумағында Рарцебург тас жолын қорғау кезінде, соңғы демі біткенше соғысып, нағыз ерлерше қаза тапты.
Аса үздік ерлігі үшін эскадрон командирі, гвардия капитан Ниетқалиев Ерденбекке КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумынын 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.