Альфред Адлер 1870 жылы 7 ақпанда Венада дүниеге келген. А.Адлердің ойынша, адам біртұтас ағза ретінде қарастырылады. А.Адлер психологиясының негізгі алғышарты - оның өз теориясына “индивидуалды психология” түсінігін енгізуі (лат. “іndіvіdum” - “бөлінбейтін”). Индивидиум дене мен ми арасындағы байланыстың қатынасында да, психикалық өмірлік қатынаста да бөлінбейтін біртұтастықты құрайды. Адлердің негізгі принципі индивидуалды өмір стилінің бірлігі, бүтіндігі, әлеуметтік қызығушылықтар, қоғамдық сезім, іс-әрекеттің мақсатқа жетудегі бағыныштылығы болып табылады. А.Адлер бойынша, адамдар әрқашан жетуге құштарланады, олар әрқашан алдыға жылжиды, мақсаттарды жүзеге асыруға тырысады. Оның ойынша, барлық адамдар шығармашылық күшке ие және осы шығармашылық күш адамның әрбір тәжірибесіне әсерін тигізеді. Ол әрбір адамды өзін-өзі анықтаушы индивидиум, өз өмірінің сәулетшісі қылады. “Индивидуалды психология” индивидиумды қоғамға қосылған қоғамның бір бөлігі ретінде қарастырады және зерттейді. А.Адлер теориясының басты мақсаты - адамның барлық жүріс-тұрысы әлеуметтік ортада болғандықтан, адам табиғатының мәнін түсіну тек қана әлеуметтік қатынастарды түсінгеннен кейін барып қалыптасатындығын дәлелдеу. З.Фрейдке қарағанда, А.Адлер тұлғаның әлеуметтік қызығушылығын қалыптастырды. Оларды жеті бөлікке бөледі:
1) толымсыз сезім және компенсация;
2) жетілуге құштарлық;
3) өмірлік стилі;
4) әлеуметтік қызығушылық;
5) “мен” шығармашылығы;
6) туылу тәртібі;
7) фикционды финализм.
З.Фрейдпен бірлесе жұмыс жасап жүрген жылдары А.Адлер “толымсыз” мүшені зерттегенде мынадай теорияны дамытты: неге бір адамды бір ауру көбірек мазасыздандырады, неге кейбір ауруды басқаларға қарағанда тез жұқтырады. Оның ойынша, әрбір индивидиумның қандай да бір мүшесі, басқасына қарағанда, әлсіз болады. Сонымен қатар әрбір адамның туылғаннан жетілмей қалған немесе дамымай қалған мүшесі ауруға шалдығады. А.Адлер бойынша, ағзасы әлсіз адамдар жиі жаттығу жасау арқылы конпенсациялауға тырысады, компенсация процесі психологияда орын алады.
Сонымен, А.Адлер “толымсыздық комплексі” терминін енгізіп, балалық шақтан өзінің бастауын алады. Оның ойынша, барлық балалар толымсыздық сезімін бастан кешіреді, яғни ол - физикалық жетіспеушілік және мүмкіншіліктері мен күш-қуаттың аздығы. Осы толымсыз сезімнің пайда болуы аса басымдыққа жетудегі ұзақ күрестің бастамасы болып табылады. А.Адлер тұжырымдамасы бойынша, аса басымдыққа құштарлану адам өміріндегі негізгі мотивтік күш болып табылады.