Кендір талшықтары беріктігімен қатар ұзын әрі жіңішке, жұмсақ әрі жылтыр келеді. Сондықтан одан тоқыма өндірісінде ланылатын жіп иіріледі. Кендір талшығы кендір паясынан алынады да, сапасына(ұзындығына, жуандығына және түсіне)қарай бөлініп, түту машинасына жіберіледі. Түту нәтижесінде тал, тал ұзын талшықтармен қатар шатысқан қысқа талшықтар да алынады. Бұлар сапасына қарай әр түрлі жұйемен иіріледі. Ұзын талшықтардан жіп иіру үшін түтілген кендір алдымен дестелеуүш машинадан, сонан соң 3-4 лента машинасынан өткізіліп шүйкеленеді. Шүйкеленген талшық иіру машинасында қажетті мөлшерге дейін жіңішкертіледі де, беріктігі тиісті шамаға жеткізіле ширатылады. Қысқа талшықтардан жіп иіру үшін олар алдын ала көпсітіліп әрі тазартылып, білікті түту машинасының көмегімен ленталанады. Бұл лентадан екі, үш лента машинасы мен бір созу машинасынан өткізе отырып шүйке жасайды.
Химиялық талшықтардың табиғи талшықтармен салыстырғанда көптеген қолайлы жақтары бар.
Біріншіден, химиялық талшықтарды жасауға жұмсалатын қаржы табиғи талшықтарға қарағанда аз кетеді. Екіншіден, химиялық талшықты өндіру сияқты географиялық және климаттық жағдайларға байланысты болмайды, оны кез келген жерде және көп мөлшерде өндіруге болады. Үшіншіден, өзінің негізгі қасиеттері мықтылығы, әр түрлі әсерлерге төзімділігі, жылу сақталғыштығы, мыжылмайтындығы жөнінен химиялық талшықтар табиғи талшықтарға қарағанда жақсы болады. Олар шірімейтін болғандықтан, автомобиль доңғалақтарына қосылады, оны әр түрлі арқандар, балық аулайтын аулар жасауға қолданылады.
Химиялық талшықтар алу үшін полимерлер еріген немесе балқыған синтетикалық полимерлер болулары керек. Оларды жоғары қысыммен тар фильерлерден өткізгенде ауа арқылы түзілген талшықтар кебеді, сонан соң оларды орауға немесе созуға келеді.
Жасанды талшық табиғи органикалық полимерлерден синтездеу арқылы алынатын химиялық талшық. Жасанды талшық ең алғаш өнеркәсіптік масштабта 1891ж. Францияда целлюлоза нитратынан өндірілді. Жасанды талшықтарға вискозалы, мыс аммиакты, ацетатты, ақуыздық жасанды талшықтар жатады. Вискозадан мыс аммиакты және ацетатты талшықтарды алуға, көбінесе, мақта целлюлозасы пайдаланылады. Белоктық талшықты алуға өсімдіктекті және жануартекті(мыс. , казеин)ақуызды қолданылады. Жасанды талшықтарты полимер ерітінділерінен құрғақ немесе ылғал әдіспен қалыптап, тоқыма не арқан жіп ретінде шығарады. Жасанды талшықтың кемшілігі гигиеналық және гидроскопиялық қасиеттерінің төмендігі. Алайда берік, төзімді әрі арзан болғандықтан жасанды талшық өндіру артуда.
Ағаш целлюлозасын сілті және күкірт, көміртегімен өңдеп, одан шыққан тұтқыр ерітіндіні өте кішкене тесікті фильерадан сығып өткізу жолымен өте жіңішке жіп алынады. 13м ағаштан 200кг целюлоза, 160кг жіп не 1550 м тоқыма алынады. Вискоза талшықтарын мақта, табиғи жібек, жүн, бір қатар синтетикалық заттармен араластырып, іш киімді, көйлектік, костюмдік маталар, трикотаж даярлауға пайдаланылады
Мыс оксидінің аммиакты ерітіндісінде қысқа мақта талшықтарын ерітіп алады, оны жүнге қосып кілем тәрізді мата алады. Екеуі табиғи талшықтарға ұқсас: беті тегіс, иілгіш, созылғыш, жылтыр, жұмсақ, бірақ мықтылығы, әсіресе, ылғал тигенде нашар. Сондықтан мүмкіндігінше созуға, үйкеуге, ширатуға, ұзақ қыздыруға болмайды. Ал құрғатқан кезде беріктігі бұрынғы қалпына келеді.
Тоқыма талшықтарына қойылатын негізгі техникалық талап-жоғары механикалық беріктік. Ол затта әсер ететін молекула аралық тартылыс күштеріне байланысты. Молекулалар неғұрлым үлкен және бір-біріне жақын орналасқан болса, соғұрлым ол күштер көп болады. Химиялық талшықтар өндірісінде пайдаланылатын полимерлер тәртіпсіз орналасқан сызықты молекулалардан тұрады. Полимерге беріктігі жоғары талшықты структура беру үшін, олардың түзу бойына орналасуын тәртіптеу керек. Полимер макромолекулаларының, олардың қайта орналасу процесінде, көбірек қозғалғыштық пайда болу үшін, алдын ала молекула аралық күштерін кеміту қажет. Бұл заттарды еріту немесе балқыту жолымен іске асырылады. Осыған химиялық талшықтар өндірудің екі әдісі негізделген: ерітіндіден иіру және балқымадан иіру.
Синтетикалық талшықтардың смола балқымасынан қалыптасуы(мысалы: капрон). Ұсақталған смоланы бункерден қондырғының балқу жүретін бас тетігіне береді. Қыздырылып тұратын торда смола балқиды. Қоймалжың балқыма фильерге түседі, одан жіңішке ағым түрінде шахтаға шығады. Шахтаға суық ауа беріледі. Ағым суығанда жіңішке талшықтар алынады. Оларды әр түрлі жылдамдықпен айналып тұратын роликтерге созады және жіпке айналдырады.
Көптеген синтетикалық талшықтарды, пластмассалар қай мономерден алынатын болса, сол мономерден алады (полителен, полипропилен, поливинилхлорид, полистирол және басқа да талшықтар)