Тлеуова Бақытгүл Дүйсеналықызы Химия-биология пәні мұғалімі



бет3/3
Дата17.10.2023
өлшемі3,39 Mb.
#117442
1   2   3
Байланысты:
zhasandy-talshyktar-56cc599376915 (1)

Целлюлоза (лат.cellula— клетка)-полиглюкопираноза,негізгі құрам бөліктері өсімдіктер клеткаларының қабығын түзетін үлкен молекулалы көмірсу (полисахарид). Целлюлоза өсімдік тіндеріне механикалық беріктік, серпімділік қасиет береді. Ол өсімдіктерде қарапайым көмірсулардан күрделі биохимиялық синтез нәтижесінде түзіледі. Целлюлоза макромолекуласының қарапайым бунақтары глюкозаангидриді (глюкопираноза) болып саналады. Целлюлоза негізінен кейбір өсімдіктер талшықтарының құрамында болады, мысалы, (мақта талшығында ағашта ), тінді дақыл талшықтарында (зығырда және талшықты көп жылдық өсімдік), т.б. көп. Целлюлозаның молекулалық массасы қай өсімдіктен алынғанына байланысты бірнеше миллиондаған көміртектік бірлікке дейін барады. Оның молекуласының құрылымы сызықты тармақталған, сондықтан, бір жылдық өсімдік сабақтарында (қамыс, жүгері, астық тұқымдастарда 30 — 40,қалақайында 80 — 90, мақта, зығыр, кендір т.б. талшықты материалдардың) целлюлозадан түзілетіндігі осыған байланысты.
  • Табиғи талшықтарда Целлюлоза макромолекулалары бір бағытта түзу орналасқандықтан талшықтары механикалық берік болады. Тоқу кезінде мақта, зығыр талшықтарынан ұзын және берік жіптер ширатылады. Ағаштан алынған Целлюлоза молекулалары да сызықты тармақталғанымен ретсіз орналасып, бірыңғай бағытталмайды, сондықтан ағаштан жіп ширатылмайды. Табиғи және синтездік үлкен молекулалы қосылыстар сияқты Целлюлоза да жартылай дисперсті. Оның себебі — кіші молекулалы фракциялардың болуы. Целлюлозаны химиялық жолмен қайта өңдеу одан жасалатын бұйымдардың қасиеттеріне күшті әсер етеді. Целлюлоза молекулалары күшті созылған, бірақ мықты емес, молекуласының пішіні әр түрлі әдістермен өңдеу кезінде көп өзгереді. Целлюлоза суда, сілті ерітіндісінде ерімейді, суда ісінеді, сілтілік металдар гидрототығының ерітінділерінде және кейбір тұздар мен қышқылдар ерітінділерінде күштірек ісінеді. Ағашты ауа қатыстырмай қыздырғанда Целлюлоза термоядролық жолмен ыдырап, органикалық ұшқыш заттар және су, көмір түзеді. Түзілген органик. өнімдерде метил спирті, сірке қышқылы, ацетон болады. Табиғатта таза күйінде Целлюлоза кездеспейді. Целлюлоза азот қышқылы эфирлерінің маңызы зор, ол күкірт қышқылы қатысында Целлюлозаға азот қышқылымен әсер еткенде түзіледі. Целлюлоза механикалық беріктігіне байланысты кеңінен қолданылады, одан түрлі бұйымдар дайындалады,Мата тоқылады, арқан есіледі, қағаз жасалады. Целлюлозаны гидролиздеу және одан түзілген глюкозаны ашыту арқылы этил спирті алынады. Оның химиялық өңдеу жолымен алынған эфирлері жасанды талшық, жұқа пленка, сыр, пластмасса, мылтық дәрісін өндіруде қолданылады.


  • Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет