Тұлға дамуының мәдени-тарихи тұжырымдамасы. Орындаған: Батырхан Кымбат Тексерген


Кемістік пен онын орнын толтыру туралы ілімі



бет3/3
Дата02.10.2023
өлшемі0,96 Mb.
#112467
1   2   3
Байланысты:
1 МӨЖ тұлға дамуының мәдени тарихи тұжырымдамасы

Кемістік пен онын орнын толтыру туралы ілімі
А.Адлерден кейін Л.С. Выготский де функционалдық позициядан алғанда қандай да бір органикалық кемістік баланың кеміс екендігіне дәлел еместігіне назар аударады. Кемістіктің әсері ылғи да екі жақты: бір жағынан, ол ағзаның қалыпты әрекетін қиындатады, екінші жағынан – кемістіктің орнын толтыратын басқа функциялардың қарқынды жетілуіне жағдай жасайды. Л.С.Выготский былай деп жазды: «Жалпыға бірдей бұл заң ағзаның биологиясына да, психологиясына да бірдей қатысты: кемістік минусы компенсация плюсіне айналады».
Психикалык функциялардың кемшілігі мен закымдануларын компенсациялау тек жанама жолмен жузеге асырылады. Жанама жолга жататындар

жүйе аралық, мысалы, соқырлардың оптикалық заңдылықтарды меңгере алмауы
жойылған функциялардың сау компоненттерін пайдалану
жүйеішілік қайта құрулар
Тұжырымдауы

Л.С.Выготский баланың мәдени дамуының жанама жолынан емдік педагогиканың негізін көреді: «Кеміс баланың өзіндік дұрыс келбеті оның қандай да бір функциясының жоғалуынан қалыптаспайды, сол жоғалған функцияның бала дамуында жаңа бір құрылымдарды туғызатындығынан» деп айтып кеткен едi.

Қорытынды


Психологияда "жеке тұлға” деген ұғымның әр түрлі түсініктері бар: жеке тұлға – әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері: оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогресс тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және арнайы көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады.
Л.С.Выготский пікірі бойынша, адамның тұлғасы өзінің енген қарым-қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды.
Сонымен тұлға - бұл біріншіден, әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен анықталып және де біріккен әрекет пен қарым-қатынаста қалыптасып отырады.
Л.С.Выготскийдің ілімі бойынша, онтогенетикалық даму кезінде бала санасының жүйелік құрылысы өзгереді. Осы теориялық пайымдауды жалғастыра отырып, біз адам тұлғасы да жоғары интерактивтік деңгейдегі тұрақты салыстырмалы психологиялық жүйе екенін мойындауымыз керек. Және бұл жүйенің де өзіндік даму кисыны мен заңдылықтары бар.
Әдебиеттер тізімі:
  • Выготский Л.С. Психология личности том.2.М.2000.
  • Асмолов А.Г. Психология личности
  • Жарықбаев Қ. Психология. Алматы: Білім,
  • Намазбаева Ж.И., Психология, оқулық Алматы-2005.
  • Выготский Л.С. Избранные психологические труды.-М.:Институт практической психологии.1995
  • Выготский Л.С. Психология развития человека


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет