Тұлға әлеуметтенуінің үдерісі



Дата19.04.2023
өлшемі149 Kb.
#84705

Әлеуметтену және бірегейлік

  • Тұлға мәселесі

Жоспары:

  • Тұлға ұғымы, өлшемдері
  • Тұлға тұжырымдамалары
  • Тұлға әлеуметтенуі

Адам, индивид, тұлға

  • «Адам» деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
  • «Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы.
  • Ал, «тұлға» дегеніміз, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні.

Адамның өлшемі:

  • Биологиялық өлшем –ағзаның құрылысын және формаларын зерттейді, оның атқаратын, орындайтын қызметін, шығу негізін, ми, жүйке жүйесін, т.б. қамтиды.
  • Психологиялық өлшем –саналы және санадан тыс құбылыстар мен үдерістер, адамның еркі мен сипатын (бейнесін) темпераментін, т.б. қамтиды.
  • Әлеуметтік өлшем – адамды тұлға ретінде қарайды.

Тұлға туралы тұжырымдамалар

  • «Айнадағы Мен» Кули (Коули) Чарльз Хортон (ХХ ғасыр) «шағын кіші» топтар теориясының негізін салушылардың бірі.
  • “Өзін өзі бағалау” - әрбір адамның өзін-өзі жеке тұлға ретінде тануы, өз орнын анықтауы.

«Айнадағы мен» имиджі:

  • а) Сізді өзгелердің қалай қабылдайтынын елестетіңіз;
  • ә) Жұрт сізге қандай баға береді, сіз туралы не ойлайды;
  • б) Пайымдауларды саралап, қорытынды жасайсыз. Қабылдайсыз немесе қабылдамайсыз.
  • Рөлдік тұжырымдама, Джордж Герберт Мид (1934ж.)
  • Мидтің пікірінше, адамның тұлғаға айналу үдерісі үш түрлі сатыдан тұрады: иммитация, ойын сатысы, ұжымдық ойын
  • Тұлға туралы рөлдік теориясында адамның әлеуметтік мінез-құлқы негізінде екі ұғыммен түсіндіріледі: «әлеуметтік мәртебе» және «әлеуметтік рөл».
  • Әлеуметтік рөл рөлдік күту және рөлдік мінез-құлық болып екіге бөлінеді.
  • Бір адам бірдей уақытта бір-біріне қарама-қайшы келетін рөлдерді атқарған жағдайда рөлдік конфликт тууы мүмкін.
  • Әлеуметтік мәртебе – көпшілік мойындаған құндылықтар жүйесі тұрғысынан адамға берілген баға, адамның қоғамдағы орны.
  • Әлеуметтік мәртебе туа біткен және жүре пайда болған деп екіге бөлінеді.
  • Тұлғаның психоаналитикалық теориясы, австриялық психиатр Зигмунд Фрейд;
  • Фрейд бойынша тұлғаның құрылымы үш деңгейден тұрады:
  • Ол - ид (ол, санасыздық, адамның биологиялық, психологиялық қажетінен туындайды) суперэго (жоғары мен, рухани құндылықтар, тәрбие, адамгершілік принциптер), эго (мен, саналық деңгей, ол және жоғары меннің арасындағы делдал),

Тұлға әлеуметтенуі

  • Әлеуметтену – тұлғаның қоршаған орта құндылықтарын меңгеру үдерісі.

Өмір жолындағы әлеуметтену:

  • Балалық шақ; (моторика, ақыл-ой қабілеті, тілдік дағды, айналасындағы құндылықтар, мінез-құлық).
  • Жастық шақ; (ата-анасынан тәуелсіздік алу, алдын-ала әлеуметтену).
  • Ересек өмір; (жұбай, ата-ана болу, жұмыскер, кәсіби әлеуметтену,)
  • 65 жас және одан жоғары (зейнеткерлік, ата-әже болу, жаңа өмір);
  • Қайта әлеуметтену – кез келген жаста адамның қоғамдағы орны түбегейлі өзгереді, өмірді бұрынғыша бағалаудан, өмірлік ұстанымдардан бас тарту, яғни өмір салтын тез және еріксіз өзгерту.

Әлеуметтенудің агенттері:

  • Отбасы (сөйлесу, ойнау, танысу, аяқ киімнің бауын байлау, мақсат қоя білу, сенім білдіру тағы с.с.);
  • Мектеп (білім алу, қоғамдағы басым мәдениетке үйрену, бәсекелестік, достық және т.б.);
  • Дос, құрдастар (құндылықтар, өмір салты, субмәдениет және т.б.);
  • Бұқаралық ақпарат құралдары (қоғамға қатысты дүниетаным, көзқарас, қарым-қатынас және т.б.);
  • Қауымдастықтар, бірлестіктер (дін, саясат, мәдениет, спорт және т.б.).

Адамның типтері:

  • Идеалист, реалист, гедонист
  • Сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик
  • Романтик, прагматик, циник және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет