Эвололюциялық дамудың ең жоғарғы сатысына көтерілген, қоршаған ортаға белсенді ықпал етіп, тіршілік сырын танып білу иесіне айналған тұлға мәселесі, оның даму ерекшеліктері қазіргі ғылымда көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады. Тұлға ұғымы әр түрлі ғылыми салаларында зерттелініп жатқанымен, дамып келе жатқан әлеуметтік орта мұны жеткіліксіз деп бағалайды. Қазіргі таңда әлеуметтік және психологиялық ғылым аймақтарының негізгі зерттеу мәселелерінің бірі – тұлғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктері. Профессор Е. С. Кузыминнің тұжырымдамасына сүйенсек, адамның енуі, тұлғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуындағы, оның негізгі қатынастарының көтеріліс беруіндегі, дамуындағы, негізгі бастау көзі болып келеді. Бұл қатынастар іс - әрекеттің мінез – құлықтық, танымдық, эмоционалды және ерік – жігерлік қортындыларды қамтиды. Осындай қатынастар адамның жалпы қоғамға, ақын топтарға және өзіне деген мінез – құлқының стратегиялық, тактикалық және жағдайлық бағдарламасының негізін құрайды. Ғалымдардың пайымдауларына сүйенсек, адамдардың әлеуметтік – психологиялық мінездемелеріне байланысты тұлғаның ең негізгі құрылымдық компоненттері ретінде мыналар есептелінеді: сана; мінез; қабілет, интеллект, темперамент, тәжірибе, өзін - өзі бақылау. Тұлға ұғымы “индивид”, “адам” ұғымдарымен салыстырғанда анықталады. “Адам” ұғымы барлық адамдарға тән қасиеттер мен қабілеттерге мінездеме беру үшін қолданылады. Бұл ұғым адамның жануардан, өсімдіктерден, машинадан айырмасын атап көрсетеді. Хомо Сапиенс – ақылды адам-тарихи дамудың барлық саласындағы, жер шарының барлық нүктелеріндегі адам дегенді білдіреді. Индивид – ол адамзаттың жекелеген (бірлі-жарым, дара) өкілі, адамның ақыл, ерік, қажеттілік, көзқарас, т.б. барлық әлеуметтік және психологиялық сипаттарының нақты таратушысы. Тұлға – бұл адамның қоғамдық бет пердесі.Тұлға – бұл индивидтің дамуының қорытындысы, жемісі, оның аталған қоғамдық жағдайлардағы көрініс. Егер жаңа туған жас егіз баланы алып, оларды әр түрлі жағдайлары, бірін Африка, Қытайда, бірін Еуропа, не Америкада өсірсе, онда бұндай бірдей индивидтерден әр түрлі тұлғалар өсіп шығады. (қалыптасады). Тұлға болып туылмайды, тұлға болып қалыптасады. Жаңа туылған жас нәресте – адам, бірақ жеке тұлға емес. Ол өзінің іс-әректі үшін әлі жауап бере алмайды. Онда ешқандай ұғым жоқ. Сәбидің тұлғаға айналуы дегеніміз – ол мүмкіндіктің шындыққа айналуы. Сөйтіп, тұлға проблемасы өте күрделі, қажет ететін мәселе болып табылады. Тұлғаны философия, психология, социология, т.б. ғалымдар зерттейді. Философия тұлғаны, оның дүниедегі жағдайын әрекеттің, танымның, шығармашылықтың субъектісі көзқарасы тұрғысынан қарайды. Психология тұлғаның психикалық процестердің, қасиеттер мен қарым-қатынастардың: темперамент, мінез, қабілет, ерік, т.б. тұрақты бүтіндігі ретінде зерттейді. Тұлғаны социологиялық тұрғыдан зерттеу тұлғаның әлеуметтік типін бөліп шығарады. Осымен байланысты тұлғаның қалыптасуы, оның түрлі топтар мен ұжымдардағы қажеттілігінің мұқтаждығының дамуы, тұлғаның өзінің мінезқұлқын басқаруы, өзіне-өзі ие бола білуі, айналасындағылармен қарымқатынасы, т.б. зерттеледі.