Тұлға және оны түсіндірудың тұжырымдамалары


Тұлғаның әлеуметтенуінің негізгі формалары мен кезеңдері



бет5/6
Дата24.10.2022
өлшемі57,24 Kb.
#45192
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Социология 1 сж

Тұлғаның әлеуметтенуінің негізгі формалары мен кезеңдері

Адам әлеуметтену процесінде әлеуметтік нормаларды меңгеріп, әлеуметтік рөлдер, қоғамдық мінез дағдыларын пайдаланудың тәсілдерін үйренеді. Тұлға әлеуметтенуі тұлғаның әлеуметтік шындықты тануына негізделеді.


Тұлға әлеуметтенуінің көзі болып табылатындар:
1) сәбилік жастағы тәжірибесі – психикалық функциялар мен мінездің элементарлық формасының қалыптасуы;
2) әлеуметтік институттар – тәрбиелеу, оқыту мен білім беру жүйелері;
3) қарым-қатынас пен іс-әрекет процесінде адамдардың өзара әсері.
Әрбір әлеуметтік роль өзі көптеген мінездің мәдени нормалары, ережелері, стереотиптерін ендіреді. Өмір сүру барысында әлеуметтік рольдің біреуін ғана емес, бірнешеуін немесе көптеген әлеуметтік рольдерді жастық және қызметтік баспалдаққа байланысты меңгеруге тура келеді.
Әлеуметтену мазмұнына қарай екі жақты процесс. Бір жағында әлеуметтік тарихи тәжірибелер, символдар, құндылықтар, нормалар жатыр. Екінші жағында оны индивидтің меңгеру, интериоризациясы жатыр.
Интериоризация – бұл қоғамдық өмір сыртқы формасындағы процестердің сананың ішкі процесіне ауысуымен:талдап қорыту, вербалдану, ары қарай даму қабілеті.
Мен-құрылымы әлеуметтік хабарларды қалай өңдейтінімізге қатты әсер етеді. Бұл өзімізді және өзгелерді қалай қабылдауымыз жадымызды сақтауымыз және оларды бағалауға ықпал етеді. Егер студент болу Мен –тұжырымның орталық бөлігі болып есептелінсе, онда біз «студенттік» дағдыларды меңгереміз. Кезеңге тән білім, білікті өзімізде және өзгелердегі деңгейін белгілеп, байқаймыз, бағалаймыз. Біз өз кезегінде студенттік өмірге байланысты барлық жаңалықтар мен хабарларды жинақтап отырамыз. Яғни, бұл біздің Мен-құрылымға сол уақыттағы мұратына лайық келеді. Мен –құрылымы мынадай өзіне тән қасиетерді жинақтайды.

  • Өзіне деген сенімнің болуы;

  • Өзіне тән қатысты хабарларды ұйымдастыру және оны ауысып отыруға бағыттау;

Мен–құрылымы өзіне қатысты хабарлар мен тәжірибелерді жинақтап, реттеп отыруды Осы тұрғыдан келгенде кітапханашының кталогтарды жинақтауына және қайта реттеп отырушы ретіндегі қызметіне теңейді. Дьюннің психикалық ондық жүйесі ретінде қарастырға болады.
Сервантес «Назидательные новелла» атты еңбегінде адам-шыны ол мөлдір, нәзік, әрі оның құрылымынан дүниені тануға балады деп көрсетеді.
Шындығына келгенде адам күрделі жаратылыс иесі.Бірақ сіз-бірегейсіз, жаратылыс иесі.Бірақ сіз-бірегейсіз, өзіңіз сияқты, өзіңізді кейбір жақтатарыңыздың ұқсастығы бар адамдарды кездестіресіз.Соған қарамастан нақ өзіңіздей адамның бұрын және болашақтада қайталанбайтынына сенімдісіз.Сондықтан, әр адамның қайталанбас, өзгеше «Мен»-бейнесі бар. Әрқайсымыз «Мен» сөзін түрліше толықтырамыз «Мен кіммін деген сұраққа берген жауабыңыз Мен –тұжырымын »құрайды.
«Мен» тұжырымы бірнеше элементтерден жинақталған Соның бірі «Мен»-құрылымы Мен –құрылымы –бұл, біздің өз өмірімізді ұйымдастырудағы психикалық модел болып табылады.
1.Адамды белігілі бір жынысы, күйші, скульптар т.б. өзіне сай қызығушылығы бар жан ретінде сезінеді.
2.Өз мұратына лайық белгілі бір кәсіп иесі оқушы, студент, аспирант, ізденуші, малшы, кәсіпкер,мойындайды.
Мен-құрылымы әр адамда әртүрлі болады. Ол негізінен сол адамның Мінез құру бағытына тікелей байланысты болып келеді. Мен бейнесі бір ситуациядан екенші бір, ситуацияға өзгеріп отырады.Мысалы жолдасымен беріліп ойнап отырады да, екінші біреумен әңгімелеседі.
Мен-бейнесі үнемі өзгеріс үстінде болады және сол бір бейне екі рет туындамайды және одан өзін айқын байқап отырады.Өз бойымыздағы ерекшеліктерді, айырқша қасиеттер жиынтығын яғни, өзімізді өзіміз бағалаймыз.Өзіміздегі «Менге »баға беріп сынаймызМіне, бұл да «Мен» тұжырымының элементтерінің біріне жатады. Мұны «Өзім сүйнетін нәтиже » деген атпен аламын.Адам өзіне өзінің берген бағасымен жектелмейді.Өзіне өзінің берген бағасының қандай деңгейде екенін анықтап білу үшін, айналасындағы адамдардың өзіне берген бағасымен салыстырып көреді.Ол мына, схемадағыдай болып шығады.
Тұлғаның әлеуметтену процесінің ең маңызды кезеңі сәбилік шақ болса, бұл кезеңде өзінің әлеуметтік орнын іздеуге көмектесу. Оның негізгі тіректері:
1)өзінің «Мен» мәнін түсіну; 
2)өзінің «Менін» жете түсіну.
Өзінің «Менін» жете түсіну мен мәнін түсінумен олардың дербестігі, «Мен - образы» қалыптасады.
Өзінің «Менін» жете түсіну – 2-5 жас аралығында, сәбилік кезеңде жүзеге асады. Жүру, сөйлеу, ойлаудың дамуы, тану, еңбек, сурет салу т.б. күрделі іс-әрекеттерді меңгеру дағдыларымен көрінеді және оларды мектептің орта және жоғарғы балалық шағында өзінің «Менін» жете түсінуі негізгі кезеңі болады.
Өзінің «Мен» мәнін түсіну – бұл процесс орта балалық шақта пайда болады және өзіне баға беруі «өзге» адамның «Менін» салыстыру негізінде жүзеге асады. Осы процесс барысында жақсылық, жамандық, өмірдің мақсаты мен мәні, рухани-адамгершілік, дүниетанымдық ұстаным туралы түсініктері қалыптасады. Сондықтан, бұл процесс тұлғалық құндылықтық өзегінің қалыптасуы.
Әлеуметтену процесінде анықталатындар: мазмұны, кеңдігі, әлеуметтену механизмі, әлеуметтік институттар, факторлар мен кезеңдері.
Әлеуметтену мазмұны – тұлға әлеуметтік және мәдени «дәзір» ретінде нені ұсынады және әлеуметтену процесінде индивидтің қандай әлемді суреттеу, мақсаттары, стереотиптері, құндылықтары қалыптасуымен мәнді.
Әлеуметтену мазмұнын екі жақты анықтауға болады. Біріншісі, барлық әлеуметтік құбылыстар: саяси бағдарлар мен доктрина, көпшілік ақпарат құралдары, мәдениет жиынтығы; екіншісі, индивидтің осының барлығына қатынасы. Ал бұл қатынас тұлғаның өзінің ерекшелігінен және сол тап болған әлеуметтік ситуацияға байланысты.
«Тұлғаның әлеуметтік мазмұны мінезінен, әдет, еліктеуінен, көзқарасының қалыптасуынан көруге болады» - дейді Т.Шибутани.
Демократиялық мемлекетте әлеуметтену мәнін «Мен» жүзеге асыру, тұлғалық мүмкіндігі мен сол мүмкіндіктерінің ашылуымен қорытындыланады.
Тоталитарлық мемлекетте барлығы керісінше болады. Мұндай жағдайда Э.Фроммның пікірінше, әлеуметтенудің мынадай, тәсілдері: мазохизм, садизм, деструкция, конформизм мүмкін болады.
Мазохизм – бағынуға талпыну, моральдық кемсіну. Садизм – басқа адамдарды өзіне жағдайына байланысты тәуелдендіру, олардың алдындағы өлшемсіз билігі мен қорыту арқылы үстемдігін құру. Деструкция - өзінің қауқарсыздығы арқсында айналадағы дүниені күйретумен көрінетін әлеуметтену тәсілі. Э.Фромм пікірінше, айналадағы дүниені күйрету, ол – қарсы тұрудағы жан кешті соңғы тәсілі. Конформизм - өзінің «Менін» қабылдамай, роботқа айналдыру.
Сонымен,әлеуметтену дегеніміз – бұл индивидтің әлеуметтік құндылықтар жүйесін иеленуі (интернализациялануы) мен әлеуметтік институттардың мақсатты ықпал ету жағдайында мінездің әлеуметтік адаптациялануы,тұлғаның түрлі өмірлік жағдайларда стихиялы ықпал ету жағдайы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет