Тұлға өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді



Дата29.09.2022
өлшемі17,41 Kb.
#40881
Байланысты:
Тұлға


Тұлға - өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді.
Тұлға биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.
Тұлғаның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан, оның «дамуы мен қалыптасуы» ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады
Даралық түсінігі бір тұлғаны екіншісінен айырып, оған өзіндік қайталанбас сән беретін жалпылық және жалқылық қасиеттерді білдіреді. Даралық бір адамның екіншісіне ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі мен өзгешелігін сипаттайды.
Тұлға даралығы – индивид тұлғасының және психологиялық өзіндік ерекшелігі, қайталанбастығы, оның темпераментінен, мінез-құлықтарынан, интеллектуалдығынан, қабілеттерінен көрініс береді.
Тұлға ол субъект, объект те бола алады. Себебі, субъект тұрғысынан алатын болсақ тұлға саналы іс-әрекет ете алатын қабілетті тұлға болып табылады. Әлеуметтік ортада тұлға объекті ретінде білім, тәрбие ала отырып, әлеуметтенеді.
Қазіргі таңда тәрбиенің негізі басты бағыты – тұлғаны қалыптастыру. Тұлғаны қалыптастыру ол үздіксіз жүргізілетін педагогикалық үдеріс
Тұлға өзінің қалыптасу барысында өзіндік дамуының обьектісі ғана емес, сонымен қатар субьектісі екенін ескеру керек.
Тұлғаның даму күрделі қайшылықтары бар үрдіс болып табылады, бұған негізгі үш фактор әсер етеді:
• Тұқым қуалаушылық;
• Орта;
• Тәрбие.
Тұқым қуалаушылық – ұрпақтарда ата-аналарға тән биологиялық ұқсастықтың болуы.
Адамның дамуына орта ықпал етеді, олар: географиялық орта, үй-іші ортасы, әлеуметтік орта және ұжымдық орта болып бөлінеді
Отбасының өзі ондағы баланың қалыптасуына әртүрлі әсер етеді. Тіпті бірдей ортадағы әртүрлі отбасыларда тәрбие алған балалар әртүрлі болады. Оған отбасының мынадай белгілері әсерін тигізеді:
-отбасының құрамы;
- отбасындағы адамдардың жас мөлшері мен баланың отбасындағы реттік саны;
- отбасындағы әлеуметтік-материалдық жағдай;
- отбасындағы психологиялық климат және өзара қарым-қатынас;
Әлеуметтік орта – тұлғаның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады - отбасындағы қолданылатын салт-дәстүрлер.
Адам жеке тұлға болып қалыпты өсуі және дамуы үшін тек қана адамдар арасында өмір сүруі қажет.
Тұлғаны дамытудағы басты факторлардың бірі - тәрбие.
Сыртқы орта мен тәрбие тұлғаның дамуының сыртқы факторына жатады.
Ішкі факторға бейімділік пен әуестік, адамның сезімдері мен күйзелістері және сыртқы ортаның ықпалынан пайда болатын қажеттіліктер жатады.
Тәрбие үдерісінде тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» бір - бірімен тығыз байланыста дамиды.
Даму дегеніміз, ең алдымен адам ағзасындағы физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер
Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдармен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Қарым-қатынас жасау белсенділігі – жеке тұлға қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Педагогика баланың дамуын – өте нәзік, күрделі диалектикалық процесс деп қарастырады. Баланың ойлау, сөйлеу, сезім, сияқты психикалық процестерінде бірте-бірте өзгерістер пайда болады. Осының нәтижесінде баланың ақыл-ойы дамудың жаңа кезеңіне көшеді.
Әр жастағы баланың өсіп-жетілу дәрежесін білу мұғалімдерге оқу-тәрбие жұмысының әдістерін дұрыс таңдап алуға, оқушылардың ішкі жан дүниесін, мінез-құлқының ерекшеліктерін жақсы түсінуге көмектеседі
Акселерация – адамның өсіп жетілуіндегі белгілі заңдылық болып табылады. Бұл заңдылық әр балада әр қалай болады
Баланың дене дамуындағы ең маңыздысы – орталық жүйке жүйесі, өйткені адамның психикалық әрекеттері осы орталық жүйке жүйесіне байланысты болады. Балалардың дене және психикалық дамуында соңғы жылдары айқындалған күрделі өзгерістердің бірі – ағзаның жедел дамуы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет