Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк педагогикалық университеті Орындағандар: Алшора А.
Әмір Ж.
Батырова З.
Бошағұл Г.
Сатыбалды А.
Тобы: M1504-12
Қабылдаған: Усипбекова А.С.
Жоспар
1. Тұлғааралық қарым-қатынас сипаттамасы
2. Тұлғааралық, топаралық және ұлтаралық қарым-қатынас ерекшеліктері
3. Ұлтаралық қатынас әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде
1. Тұлғааралық қарым-қатынас сипаттамасы
Тұлғааралық қарым-қатынас – білім мен тәрбиенің нәтижесі болып қана қоймай, бүгінгі күннің өте маңызды әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін көкейкесті мәселелерінің бірі. Қарым-қатынасқа түспей тұрып жеке адамды толық түсіну, оның адами қасиеттері мен дамып-жетілуін талдау мүмкін емес.
Қарым-қатынас туралы ұғым:
1-ден Бiрiгiп әрекет ету қажеттiлiгiнен туындайтын, құрамына ақпарат алмасумен өзара әрекеттесудiң бiртұтас стратегиясын жасау, өзге адамдарды қабылдау және түсiну адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуының күрделi көп мақсатты процесi.
2-ден Субъектiлердiң белгiлi құралдарымен жүзеге асыратын бiрiгiп әрекет ету қажеттiлiгiнен туындаған және серiктесiнiң жай-күйiн, мiнез-құлқымен тұлғалық маңыздылық құрылымын едәуiр өзгертуге бағытталған өзара әрекеттесу.
Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз.Макроорта – бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi бар қоғам.
Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн шек – бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi.
Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi: