Тұлғалар: Ә. Бөкейханов «Қазақ» газетінде «Тағы соғыс»


 1979 жылғы санақ бойынша Алматы қаласында 11% ғана қазақтар тұрды. 296



бет37/122
Дата22.04.2023
өлшемі0,7 Mb.
#85760
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   122
Байланысты:
АВТОРЛАР

295. 1979 жылғы санақ бойынша Алматы қаласында 11% ғана қазақтар тұрды.
296. 1959 жылы жергілікті ұлт өкілдерінің үлесі 29%-ға өсті.
297. 1971 жылы жергілікті ұлт өкілдерінің үлесі 32,6%-ға өсті.
298. 1979 жылы орыс ұлты өкілдерінің үлесі 40,8% болды.
299. 1960 жылдардың ортасынан 1980 жылдардың ортасына дейінгі кезеңдегі қазақстандықтардың тұрмысы өзге кеңестік республикалардағыдай, әркелкі және қайшылықты болды.
300. Республика жұмысшылар мен қызметкерлерінің орташа айлық табысы 1971-1989 жылдар арасында 89%-ға, 123,7 сомнан 233,7 сомға дейін, өнеркәсіп жұмысшыларының табысы 93,6%-ға, 133,9 сомнан 259,3 сомға өсті. Кеңшар жұмысшыларының жалақысы 247 сомға, ұжымшар мүшелерінің кепілді жалақысы 210 сомға жетті. Жасына байланысты төленетін айлық орташа зейнетақы 51,1 сомнан 93,2 сомға дейін көтерілді.
301. 1985 жылы өнеркәсіптік таза өнімдегі жалақының үлесі төмендеп 36%-ды ғана құрады.
302. 1985 жылғы 1 сом 1960 жылдардың ортасындағы 54 тиынға тең болды.
303. 1980 жылдардың ортасына таман медициналық қызмет көрсету, білім беру, әлеуметтік салаларда артта қалушылдық жыл өткен сайын айқын көрініс бере бастады.
304. 1949 жылы Жалпыға бірдей міндетті жетіжылдық білім беру қайта қолға алынды.
305. 1948 жылы республикада оқуға тартылмай жүрген 15 жасқа дейінгі 200 мың бала болды.
306. 1955 жылы республикада оқуға тартылмай жүрген 15 жасқа дейінгі бала саны 16 мыңға түсті.
307. 1950 жылдар ішінде мектептерде политехникалық білім беру, оқушыларды өндірістік еңбекке араластыруға, мектептің өмірімен байланысын нығайтуға бағытталған шаралар жүргізілді.
308. 1959 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Мектептің өмірімен байланысын нығайту туралы және Қазақ КСР-інде халыққа білім беру жүйесін одан әрі дамыту туралы» заң қабылдады. Жаңа заң бойынша, 1962-1963 оқу жылынан бастап, жалпыға бірдей міндетті 98 жылдық білім беруге көшу, 11 жылдық еңбек-политехникалық мектептерін құру, жұмысшы жастар мектептерін көбейту, мектеп-интернаттар жүйесін кеңейту шаралары көзделді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет