ТұЛҒаның Қасиеттерін қалыптастыру жолдары орындаған


Жеке тұлғаның 3 ерекшеліктерін атап өткен жөн



бет5/7
Дата07.01.2022
өлшемі69,77 Kb.
#17261
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Курс жұмысы Әбілқасым Сымбат

Жеке тұлғаның 3 ерекшеліктерін атап өткен жөн:

Біріншіден, жеке тұлғаның қасиеттерінің тұрақтылығы. Жеке тұлғаның психикалық көріністерінің өзгермелілігіне қарамастан, оның психикалық келбетінің салыстырмалы тұрақтылығы анық байқалады.

Екіншіден, бұл – жеке тұлғаның бірлігі, жеке тұлғаның психикалық үрдістерінің, психикалық қалыптың және психикалық қасиеттердің тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі. Жеке тұлға біртұтас бірлікті білдіреді, әрбір қасиет басқалармен тығыз байланысты. Мәселен, табандылық мақсатқа жету ептілігі ретінде қиындықтар мен кдергілерді жеңе отырып, жо,ары моральдық сезімдерімен, дамыған ұжымдық сезімдермен бірлікте ғана жағымды мәнге ие болады. Сондықтан да жеке тұлға “жеке бөліктерге” бөлініп қалыптаспайды, тәрбиеленбейді, әруақытта да жеке тұлға тұтас, бірлікте қалыптасады, тәрбиеленеді.

Үшіншіден, бұл – жеке тұлғаның белсенділігі, қоршаған дүниені өзгертуге,түрлендіруге бағытталған көптеген және жан-жақты іс-әрекетте бейнелейді.

Психологияның басқа ғылымдардан ерекшелігі (философия, этика, заң және т.б) жеке тұлғаның рухани бейнесін, оның қылықтары мен мінез-құлқын зерттейді. Психология ең алдымен жеке тұлғаның себептерін, сезімін, қажеттілігін, қызығуын зерттейді. Психология іс-әрекетті ойдағыдай орныдаудыңпсихологиялық алғы шарттарын және темпераменті мен мінез-құлқының психолгиялық еркешеліктерін қарастырады. Сонымен қатар психология жеке тұлғаның қалыптасу және даму үрдісін зерттейді.

Кез-келген құбылыс сияқты жеке тұлғаның психикалық өмірі белгілі құрылымнан тұрады. Адамның дара психологиялық ерекшеліктеріне байланысты және жеке тұлғаның өзіне тән құрылымын белгілеуге болады. Тұлга кұрылымын карастырғанда оған кабілеттерді, темпераментті, мінезді, мотивацияны және әлеуметтік нұскауларды енгізеді.

  Ондай жағдайда бағыттылық бөліктерінің бірі үстемдік етеді және басты мәнге ие болады, сол уақытта басқалары тірек қызметін тақарады. Үстемдік ететін бағыттылық жеке тұлғаның бүкіл психикалық қызметін анықтайды. Мәселен, танымдық қажеттіліктің үстемдік етуісоған сәйкес еріктік өз кезегімен интеллектуалдық іс-әректтің белсенділігін арттырады. Бір уақытта табиғи қажеттіліктер біршама тежеліп, күнделікті тіршілік күйді кейінге, екінші кезекке ығыстырады.

Жеке тұлға өзінің айналысқан қызығуының мақсаттылығын негіздей бастайды, оған ерекше қоғамдық және жеке мән береді.

Жеке тұлғаның психологоиялық құрылымының екінші бөлігі жеке тұлғаның мүмкіншілігін айқындайды және белгілі бір іс-әрекетті нәтижелі қамтамасыз ету үшін қабілеттіліктерді қамтиды. Қабілеттер дегеніміз – бұл тұрлі әрекеттердегі табыстарын анықтаушы адамның жеке басының тұрақты касиеттері. Қабілеттіліктер өзар байланысты және бір – бірімен өзара әректе етеді. Тәртіп бойынша қабілеттіліктердің бірі үстемдік етеді, басқалары оған бағынады. Мәселен, А.С.Пушкинде ақындық өнер үстемдік етеді, бірақ ол өзін тарихшы және талантты суретші ретінде де таныта білді. Сол сияқты М.Ю.Лермонтов туралы да айтуға. Қабілеттіліктердің арақатынасының сипатына бағыттылықтың құрылымы әсер етеді. Өз кезегімен қабілеттіліктерді даралау жеке тұлғаның шындыққа қатынасының таңдамалылығына әсер етеді.

Жеке тұлғаның құрылымының үшінші бөлігі мінез болып табылады немесе әлеуметтік ортадағы адамның мінез-құлық стилі. Мінезде бір адамның басқа адамдарға катынасын анықтайтын касиеттер бар. Мінез күрделі синтетикалық құрылым, адамның рухани өмірінде мазмұн мен түр бірлігінде аңғарылады. Мінез жеке тұлғаны тұтас көрсете алмағанмен, бірақ оның қасиеттерінің, бағыттылығы мен ерік-жігерінің, интеллектуалдық және эмоциялық сапаларының, темпераментте байқалатын типологиялық ерекшеліктерінің күрделі жүйесін білдіреді.

Мінез жүйесінде сонымен қатар басты қасиеттерді бөліп көрсетуге болады. Оларға ең алдымен – моральдық, екіншіден – ерік-жігер сапалары жатады, олар белгілі мінез-құлық стилін және практикалық міндеттерді шешу тәсілін қамтамасыз етеді. Сондықтан да моральдық – ерік-жігер сапаларын мінездің негізін құрайды деп айт аламыз.

Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, тарих т.б. қоғамдық ғылымдардың көптен айналысып жүрген көкейтесті мәселелері. Бұл жөнінде кейінгі жылдары жарық көрген философиялық, педагогикалық, психологиялық, этикалық, ұлтаралық қарым-қатынастарға арналған еңбектерден басқа П.И.Подласыйдың, М.Ф.Харламовтың “Педагогика” (М. 1995-1997) атты еңбектері, Н.Козлованың “Тәрбие теориясына кіріспе” (М. 1990), В.М.Гинецинскийдің “Педагогика теориясының негіздері” (М.1994), Б.С.Гершунскийдің “XXI ғ. білім берудің философиясы” (1998), В.А.Сухаевтың “Біз әр түрлі тілде сөйлейміз” (1998), А.Ф.Малышевский, В.А.Корпунин, К.С.Пироговтардың “Философияға кіріспе” (1995), А.С.Арсеньевтің “Жеткіншектер философтар көзқарасымен”, А.М.Қасабеков пен Ж.Алтаевтың “Қазақ философиясының тарихына кіріспе”, Д.Кішібековтың “Философия” (1994), Г.К.Нүрғалиеваның “Тұлғаның құндылық бағытын қалыптастырудың методологиясы, практикасы” (Алматы, 1995) секілді ондаған монографиялық аса құнды ғылыми еңбектер жарық көрді.

Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына физиологиялық, психологиялық, биология. ерекшеліктеріне байланысты. Мәселен, біреулердің нәрсені жасауға іскерлік қабілеті болса, екінші адамда оның болмауы, біреудің ұйымдастырушылық қабілеті күшті болса, екінші бір адамның ұйымдастыру ісіне қабілетсіз болуы, біреуі білімді тез қабылдаса, екі адамның білімді сылбыр, баяу қабылдауы, біреудің дене күші дамыған болып келсе, екінші адамның абстракциялық ойлау қабілетінің баяу дамуы, біреулеі сурет салуға немесе ән салуға бейімділігі болуы мүмкін. Жеке бастың бұл ерекшеліктері адамдардың басқалар ұжымдық қарым-қатынасында байқалады.



Міне, осы жағдайлардың бәрін ескере келіп, К. Маркс жеке тұлғаның ерекшелігі жөнінде “Адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуын оның өзінің мінез-құлқы жағынан белсенді әрекетіне және әр түрлі әсерленуіне қарамастан, саяси-экономикалық, идеологиялық, адамгершілік-эстетикалық, діни т.б. қоғамдық қатынастардың бірлігінде қарастыру керек” — деген қорытындыға келді. Оның себебі, ол қатынастардың өзара байланысы, бір—біріне ықпалы қоғамдық ортада біркелкі болмайды да, ол адамдарға әр түрлі дәрежеде әсер етеді, сондай-ақ адамдардың басқалардың көзқарас, ой-пікірлерін қабылдау дәрежесі де түрліше болады.

Ғылымда бұрыңғы заманнан берi келе жатқан жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының биологиялық және әлеуметтiк факторларының ара қатынасы туралы пiкiрталас бiтер емес. Осы бiр көпғасырлық айтыс нәтижесiнде әртүрлi көзқарастар пайда болды. Осы көзқарастардың бiрiн жақтаушылар адамның дамуын, негiзiнен, табиғи ерекшелiктер анықтайды деп санайды. Ал тәрбиенiң маңызы аз деп есептелiнедi. Жеке тұлғаның дамуын түсiндiретiн осындай (биологизаторлық) бағыт ерте заманнан бастау алады. Сонау Платон (427-347 ж.ж. б.з.б.) мен Аристотель (384-322 ж.ж. б.з.б.) өз кездерiнде-ақ адамдардың қоғамдық мiндеттерiн олардың табиғаты анықтайды деп санаған. Аристотельдiң пiкiрiнше, туылған сәтiнен бастап-ақ кейбiр адамдар бағыну үшiн, ал кейбiреулерi билiк ету үшiн жаралған.

XVI ғасырда пайда болған преформизм (латынша – қайта құру, өзгерту) деген философиялық ағым төмендегiдей ойды ұстанған: адамның ұрығында болашақ жеке тұлғаның барлық қасиеттерi бар, ал даму олардың тек сандық жағынан артуын ғана бiлдiредi. Бұл орайда әлеуметтiк факторлар мен тәрбиенiң маңызы жоққа шығарылған.

Бихевиоризм бағыты да жеке тұлғаның дамуының биологиялық бастауларын жақтайды. Осы бағыттың негiзiн салушы американдық психолог және педагог Э. Торндайктiң (1874-1949 ж.ж.) пiкiрiнше, жеке тұлғаның барлық қасиеттерiн (соның iшiнде сана-сезiмiн, қабiлеттiлiгiн) тек тектiлiк, тұқым қуалаушылық қана анықтайды. Оның ойынша, ақыл-ой қабiлетi балаға “көздерi, тiстерi және саусақтары” сияқты дүниеге келгенiнен-ақ берiледi. Ол адамды ұрпақтан ұрпаққа сол қалпында берiлетiн және жеке тұлғаның барлық қасиеттерi мен келешегiн толығымен анықтайтын “гендердiң жинағы немесе батареясы” ғана деп санаған. Жеке тұлғаның дамуын биологизаторлық жағынан түсiндiру прагматизм бағытына да тән. Прагматизм грекше – прагма дегенiмiз – iс-әрекет, тәжiрибе. Бұл бағыттың негiзiн салушы – Джон Дьюи (1859-1952 ж.ж.).

Ендiгi бiр көзқарастың негiзiн классикалық түрде ағылшын философы Джон Локк (1632-1704 ж.ж.) салып, француз материалистерi оны ары қарай дамытқан. Бұл бағыт бойынша адам өмiрiнiң жағдайлары мен тәрбие жеке тұлғаның қалыптасуының шешуші факторы деп есептелген. Д. Локктiң белгiлi бiр пайымдауы бойынша баланың жаны дүниеге келген сәтiнде таза тақтаға ұқсас (tabula rasa) болып келедi және тек оның өмiр жағдайлары мен тәрбие ғана жеке тұлғаның белгiлi бiр қасиеттерiнiң пайда болуына себепшi болады. Осыдан кейiн бұл көзқарас социологизаторлық бағыт болып қалыптасты, ал оның өкiлдерi жеке тұлғаның қалыптасуына әлеуметтiк ортаның әсерiн бiрiншi орынға қойып, оның дамуының iшкi заңдылықтарын жоққа шығарады. Олар адамның рөлін төмендетеді.

Жеке тұлғаның дамуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалын бiрiншi орынға қойып, тәрбиенiң күшiн жоққа шығаратын бұл теориялар XIX ғасырдың аяғында психологиялық-педагогикалық зерттеулердегi ерекше бiр бағыттың пайда болуына себепшi болды, бұл бағыт “педология”, яғни тура аударғанда “балалар туралы ғылым”, “балатану” деген атқа ие болды. Қазiргi уақытта ғалымдардың көбiсi педологияны индивидтiң сәби, жас өспiрiм, жастық шағындағы дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым ретiнде қарастырады. Социалистiк құрылыс жағдайларында бiздiң елiмiзде педология өкiлдерi баланың дамуының биогенетикалық заңын белсендi түрде насихаттаған және соған сүйене отырып балалардың әлеуметтiк теңсiздiгiн түсiндiруге тырысқан. Осы мақсатта оқушылардың ақыл-ойының дамуын зерттейтiн кең көлемдегi жүйе құрылған болатын. 1936 жылы ОК БК(б)П “сол заманғы педологияның теориясы мен практикасын” “жалған ғылыми антимарксистiк ережелерге” сүйенген деп айыптаған. Бұндай ережелерге, ең алдымен, сол заманғы педологияның басты заңы – балалардың тағдырының биологиялық және әлеуметтiк факторлармен, тұқымқуалаушылықтың бiр тұрақты ортаның ықпалының фаталистiк түрде алдын ала анықталып қойылу заңы жатады.

Сол уақыттарда балалардың психологиялық дамуын зерттеуде сауалнама және тест жүргiзу сияқты ?дістер ерекше сенiмсiздiк туғызған. Шынында да тәжiрибесiз практик-педологтар қолданған бұл ?дістер сол уақыттарда көп зиян келтiрген. Алайда педологияны ғылым ретiнде түбегейлi шектеу қате болған едi. Педология баланы барлық жағынан және жанама зерттейдi, бұл туралы өз кезiнде К. Д. Ушинский: “Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегiсi келсе, онда оның адамды барлық жағынан тануы да керек”, – деген болатын.

Жеке тұлғаның даму факторлары туралы философиялық және психологиялық-педагогикалық ойдың тарихы материалистiк iлiмде және оның бiр бағытында – материалистiк диалектикада өз жалғасын тапқан. Бұл бағыттың өкiлдерi жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететiн факторларды тереңiрек зерттеп қана қоймай, сонымен қатар ол факторлардың өзара байланысымен олардың адамның даму процесiне ықпал ету тетіктерін де ашып көрсеттi. Қоғамның тарихын талдай отырып, олар адамдардың шығармашылық-қайта құру әрекетi өндiрiстiң дамуы мен көркеюiне, әлеуметтiк қатынастардың қалыптасуына, ғылыми бiлiмнiң молаюына, рухани өмiр мен өнегелiлiк-эстетикалық мәдениеттiң баюына себепшi болды деп көрсеттi.

Осылайша қоғамдық игiлiкке ие болып және оны дамыта отырып, адам әлеуметтiк тiршiлiк иесi ретiнде, жеке тұлға ретiнде қалыптасады.

Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына сыртқы, қоршаған орта ықпалының мәнi зор екендiгiне сене отырып, философ-материалистер адамның биологиялық табиғатын жоққа шығармады. Олардың ойынша, адам тiкелей табиғи тiршiлiк иесi, сондықтан ол бойына бiткен нышандар ретiнде көрiнiс тапқан табиғи күштерге ие деп сендi. Алайда ол нышандар оның бойында тек лайықты орта мен мақсатты тәрбие бар кезде ғана дами алады.

Сонымен қатар, адамды әлеуметтiк тiршiлiк иесi деп қарастыра отырып, философ-материалистер тұқымқуалаушылық бағдарламасымен еш байланысы жоқ индивидтiң “әлеуметтiк тұқымқуалаушылығы” туралы ойды ұстанады. Егер биологиялық нышандар адамға да, жануарларға да тән болса, әлеуметтiк тұқымқуалаушылық тек адамға ғана тән.

Материалистiк философия орта мен биологиялық нышандар қатарында тәрбиеге ерекше орын бөледi, тәрбие – жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының үшiншi факторы. Бұндағы айта кететiн жағдайдың бiрi – материалистiк түсiнiкте жеке тұлға тек объект ретiнде ғана емес, сонымен қатар, ең бастысы, тәрбиенiң субъектiсi ретiнде, өзiндiк қайта құру қызмет-әрекетiнiң субъектiсi ретiнде қарастырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет