Басқа аңдар: Жоқ! Түлкінің туған күні! Түлкінің… Мыстан кемпір: ендеше, мен қоянды алып кетейін!
Қоянды қолынан тартады! Маша:
Балалар, қоянды мыстан кемпірден құтқарайық.
Ол үшін: Мыстан кемпір кет! Мыстан кемпір кет деп айғайлық! Балалар: Мыстан кемпір кет! Мыстан кемпір кет! Мыстан кемпір: Менің бір шартым бар!!! Егер соны орындасаңдар мен кетемін!!! Маша;
Мыстан кемпір, айтыңыз қандай шарт, біздің балалар өте ақылды олар орындайды.
Мыстан кемпір:
Менің сиқырлы сандығымның ішінде сендерге арналған тапсырма бар. Соны орындасаңдар мен кетемін.
Балалар:
Орындааймыз! Орындаймыз!
Маша:
Балалар тапсырманы тездетіп орындайық. Ол үшін сендер екі топқа бөлініңдер менің қолымдағы қызыл және жасыл алмаларды алыңдар.
(БАЛАЛАР ЕКІ ТОПҚА БӨЛІНЕДІ) 1-ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН. «ҚАЙСЫ КІМНІҢ ҚҰЙРЫҒЫ» БАЛАЛАР А4 ҚАҒАЗЫНА ЖАБЫСТЫРЫП СОЛ ЖАБЫСТЫРҒАН ҚАҒАЗДАРЫН МЫСТАН КЕМПІРГЕ КӨРСЕТЕДІ. 2-ДИДАКТКАЛЫҚ ОЙЫН « ҮЙ ЖАНУАРЛАР МЕН АҢДАРДЫ АЖЫРАТУ» (БАЛАЛАР ТАҚТАҒА ТЕК АҢДАРДЫҢ ҒАНА СУРЕТІН ІЛУІ КЕРЕК) МЫСТАН КЕМПІР.
Балалар, сендер ақылды екенсіңдер мен қоянды қалдырып кетейін деп кетіп қалады.
(Қатысып тұрған балалар ғана айғайлайды. Аю мен жолбарыс мыстан кемпірді қолынан сахнадан жетектеп шығарып жібереді). Достар әні: Музыка 5
Бір, екі, үш Достық деген Ұлы күш! Достығымыз мәңгіге Бірге айтамыз әнді де! Маша: -Осылайша бәрі тату-тәтті өмір сүріпті!
- Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
-
ҚҰРМЕТТІ ҚОНАҚТАР БІЗДІҢ ЕРТЕГІМІЗДІ ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!