Қорытынды Осы тақырып аясында мен биологиялық жүйелердегі фотохимиялық реакциялардың сатысын және негізгі түрлерін , алғашқы фотобиохимиялық реакциялардың өнімін, бос радикалды қышқылдануын, ДНК құрылысына ультракүлгін сәуленің әсерін , люминесцентік таңбалар мен сорғыларды медицинада қолдану туралы мол ақпарат алдым . Фотобиологиялық процесстердің биофизикалық негізін зерттеу кванттық биофизиканың басты бөлімдерінің бірі екеніне көз жеткіздім . Бұл процесстердің көп сатылы екенін және де олардың әрқайсысы жарық квантын жұту процесінен бастап ағзада өтетін күрделі физиологиялық реакциялармен аяқталатын көптеген топтардан тұратынын білдім . Оларға фотосинтез , фототаксис , фототропизм , көру , ультракүлгін сәуленің әсері жататынын оқыдым .
Жылулық сәуле шығарумен қатар энергияның түрлену нәтижесінде басқадай жарық шығады . Ол жарықтар – суық жарықтар , оларды люминесценция деп атайды екен . Осы суық жарық оны тудыратын энергияның түріне байланысты хемилюминесценция , электролюминесценция , фотолюминесценция деп бөлінетінін білдім . Алғашқы фотоөнімдерді алудың анықтау әдістерінің көп түрлілігі таң қалдырды . Осы тақырып барысындам мен біршама құнды мағлұмат алып , өзімнің білім қобдишамды толтырдым .
Пайдаланылған әдебиеттер мен дереккөзер
Көшенов.Б Медициналық биофизика Алматы .Қарасай 2008
Владимиров Ю.А. с соавт. Биофизика. М., Медицина, 1983.
Костюк П.Г. с соавт. Биофизика. Киев, 1988.
Рубин А.Е. Биофизика. 1-2 том. М.,1987.
Рубин А.Е. Биофизика: Теоретическая биофизика -1 том. – М. Книжный дом «Университет», 2000
Рубин А.Е. Биофизика: Биофизика клеточных процессов -2 том. – М. Книжный дом «Университет», 2000
Релиуов А . Н. Медицинская и биологическая физика , Дрофа , 2008
Арызханов Б. С. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған , Алматы , Қайнар , 1990