Тобы: атп-17б дайындаған: Муханбетов Мақсат Жаңаөзен қаласы



бет2/4
Дата02.06.2023
өлшемі30,39 Kb.
#98281
1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-104078

Метрология туралы ұғым
Метрология («метро» – өлшем, «логос» – ғылым деген грек сөзінен
шыққан) өлшемдер, олардың бірлігін және қамтамасыз ету әдістері мен
құралдары, қажет дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым.
Өлшеу деп тәжірибе жолымен, өлшеу құралдарының (арнаулы техникалық құралдар) көмегімен физикалық шамалардың сандық мәнін
анықтауды айтады. Табиғаттың тылсым сырларын ашу жолдарының бірі
өлшеу жүргізу болып табылады. Әртүрлі өлшеу әрекетін жүргізу арқылы біз
айналамыздағы материалдық дүниені сандық жағынан сипаттап, табиғаттың
түрлі заңдылықтарын ашамыз. Метрологияның негізін қалаушы Д.И.
Менделеев былай деген: "Ғылым өлшеуден басталады. Өлшеусіз дәл
ғылымдардың болуын елестету мүмкін емес".
Шынында да өлшеулер жүйесінсіз ғылым мен техниканың ешқандай
саласы өмір сүре алмайды. Мәселен, зерттеуші – химик, технолог - химик,
инженер-химиктердің қызметі түрлі өлшеулерді жүргізумен байланысты
болатыны белгілі.
Ұзындық, аудан, көлем, масса, температура және уақыт сияқты
физикалық шамаларды өлшеу ерте заманнан басталған. Қазіргі кезде
өлшенетін шамалардың саны әлдеқайда көп. Мысалы, механикалық,
жылулық, электрлік, оптикалық, магниттік және басқа физикалық
шамаларды айтуға болады.
Халық шаруашылығында метрологиялық жұмыстар бірнеше бағытта
жүргізіледі. Соған байланысты метрологиялық жұмыстар да бірнеше түрге
бөлінеді. Соның бірі - өлшем жағдайларын талдау. Өлшем жағдайын талдау
жұмыстары халық шаруашылығының әртүрлі саласында пайдаланылатын
өлшем құралдары мен өлшем әдістерінің қазіргі заман талаптарына
сәйкестігін анықтау және кәсіпорындар мен өндірістің метрологиялық
қамтамасыз етілуін жетілдіру мақсатында жүргізіледі.
Өлшем жағдайларын талдап зерттеу өлшемді тексеруден басқаша.
Талдау жұмыстары кемшіліктері үшін кәсіпорындарға жазалау шараларын
қолдану мақсатын көздемейді, талдау нәтижесінде метрологиялық
қамтамасыз етудің жолдары белгіленіп, оларды іске асырудың нақты
мезгілдері тағайындалады. Талдау жұмыстарының жүргізілуін басқарып
бақылайтын органдар салалық метрологиялық ұйымдар болып табылады.
Салалық кәсіпорындарды метрологиялық қамтамасыз етуді талдауды
министрлікте тағайындалған арнайы комиссия жүргізеді. Комиссияның
құрамына министрліктің, метрология және стандарттау мекемелерінің,
талданатын кәсіпорынның және мемлекеттік қадағалаудың метрологиялық
институттары мен аумақтық органдарының өкілдері кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет