Қорытынды
Қорыта айтқанда, метрология өлшем нәтижелерінің дәлдігін, дұрыстығын, сенімділігін қамтамасыз етеді, өлшем техникасының ғылыми негізі болып табылады, сонымен қатар өлшемнің бірегейлігін, технологиялық процестің және өнеркәсіп өнімдерінің сапасын бақылау жолдарын заңды түрде анықтайды.
Өлшем бірегейлігінің сақталмауы, өлшем нәтижелерінің дәл болмауы және өлшем жұмыстарын ұйымдастырудағы метрологиялық қызметтің кемшіліктері халық шаруашылығына үлкен зиян келтіреді.
Халық шаруашылығында жүргізілетін түрлі өлшем жұмыстарының тиісті деңгейде болуын қамтамасыз ететін және метрологиялық қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелер бар. Бұл мекемелер өлшемнің бірегейлігін, дұрыстығын, өлшем құралдарының дәлдігін қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезеңдегі метрология ғылым пән ретінде өзінің және шет елдердің өлшем бірліктерін сипаттаумен айналысқан пайда болу сатысын, ең соңында эталон жасалатын өлшем туралы ғылым деп аталатын өскелең шақты бастан өткеріп, есейе келе құдыретті физиканың тарауына айналды, сонымен бірге математикалық әдістерді игеріп, қоршаған әлемді дұрыс бағалайтын өлшем құралдарымен қамтамасыз ететін аспап жасауды басқаратын болды. Академик А.П. Александров: «Метрология біздің уақытымызда өте қажет, адамның көзқарасының іргетасының қалануы, сонымен бірге еңбекшілердің әл-ауқаты да соған байланысты» — деп жазды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Адамбаева Р.С. Метрология және метрологиялық қамтамасыз
ету: Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2014 – 224 б.
2.Сергеев А.Г., Крохин В.В. Метрология. Учебник для вузов.- М.: "Логос" , 2002.
Интернет желісі:
https://kk.wikipedia.org/wiki/Метрология
http://ikaz.info/metrologiyany-negizgi-ymdary/
http://euko.kz/publ/referaty_na_kazakhskom_jazyke/standarttau_metrologija_zh_ne_sertifikattau/metrologija_p_ni/30-1-0-634
http://helpiks.org/1-42535.html
Достарыңызбен бөлісу: |