Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.
Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына араласқан заманы, Ресей патшалығының Қазақстанның батысы мен орталық аймағын отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре бастаған кез.
Құнанбай өз заманында ел басқарған адам болды. Ол ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды.
Абайды оқудан ерте тартып, оқудан шығарып алуы да сол билікке ұлын қалдыру мақсатында еді. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан да ерте айырылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік өнеріне құлақ салып, өзінің ерекше талантымен бойына сіңіре білді.
Елі үшін әділет жолын ұстанған Абайдың үстінен арыз да жазылып, үш-төрт ай тергеліп, ақталып шықты.
Әке-шешесінің қасында жүрсе де жас Абай оқудан қол үзбейді, бос уақытында қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс әдебиетінің алыптары Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули т. б. ақындарының өлеңін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов т. б. шығармаларымен танысады. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын кеңітіп, білімін шыңдай береді.
Абай бала кезінде ширак, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Оның ағасы (әкесі Тұрланның інісі) Тонтайдың өлерінде кожа-молдаларға карап: "Жазыла-жаэыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек болмас",—дегені халық аузында мәтел болып кеткен. Құнанбай кажыныңда кеңінен толғап сөйлер тереңдігі, өз тұстастарының ғана емес, шетелдік саяхатшылардың да назарына іліккен; Құнанбай қажы "Ескітам" деген қоныстан медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын окытқан. Абай сегіз жасында өуелі сол "Ескітам" медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабит-ханнан оқыған. Әкесі онын зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқо толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл окыған, Медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы "Приходская школаға" да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бұл тұста М.О. Әуезовтің "Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал жөне ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір окып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кі-тапка қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек бола-ды. Сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағүрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. ...Оқуға кірген соң-ак, тез есейіп, ілім қуған кісінің калпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сынмен карай білетін, сезімді окушы бола бастаған. Өзінің әбден сүйіп, тандап оқыған ірі акындары болады. ... Сол бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, көрілікке жеткен уақытына шейін есінен шықпаған, ұмы-тылмаған" деген тұжырымы болашақ ұлы ақынның калып-тасу кезеңін айғақтайды. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы басқаларды оқыса, екінші жаганан А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенов, Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зертгеулер жүргізілді. Есейген шағында, осы өзі оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударған. Аударған өлеңдері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та жатады. Құнанбай Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі карай оқытпай кайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды.
Сөйтіп 13 жастағы Абай әке ықпалымен әкімшілік-билік жүмыстарына араласады. Ол әке касында болған жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан-жақты тани түседі. Патша үкметінің отаршылдық саясаты мен пара-қор орыс әкімдерінің, жергілікті жарамсақ болыстар әрекеттерінің халық тағдырына кеселді, зияндылығын айқын түсініп, соған карсы батыл қимылдар жасаған. Алайда оның тамыры тереңде жатқанын, отарлау жүйесінің бел алып, елдің кұрсауда қалғанын сезіп күйзелген. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен оның аярлығын түсінбей өзара қым-қиғаш айтыс-тартыска түскен, танымы таяз болыстар мен ел билеушілеріне қарсы күресуге бел буған Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875 — 78 ж. Қоңыркекше еліне болыс болады. Бұл жылдары ез қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең үстауға кұш салды. Абай кейіннен, 1886 ж. Е.П. Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 ж. И. Долгополов, А. А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым-қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарыңда әділеттілгімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі."
1885 ж. мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Карамола деген жерде Семей ген.-губ. Цеклинскийдің басқаруымен Семей губ-на қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға "Семей казақтары үшін қылмыстық істерге карсы заң ережесін" өзірлеу тапсырылды. Абай бастаған комиссия барлығы 93-баптан тұратын ережені 3 кұн, 3 түнде әзір етті. Бүл казақ кауымындағы әдет заңдарына да, патша өкіметінің халықгы канаушылыққа, зорлық-зомбылықка негізделген заңынада үқсамайтын, езгеше кұжат еді. Оның, әсіресе, ұрлық, қылмыс пен өйел мөселелер-не арналған баптары ерекше құнды. Бірақ Абайдың беделін өсірген Қарамола съезінен кейін оның қарсыластары көбейіп кетеді. 1890ж. Байғұлақ, Күнту деген кісілер бас таған 16 атқамінер Жиренше қыстауының шетіндегі Ши деген жерде Абайға карсы дұшпандық әрекетке сөз байласады. 1891 ж. Оразбай бастаған дау 1897 жылға дейін созылады. Бұл шиеленістің аяғы 1898 жылғы Мұқыр сайлауындағы жанжалға, Абай өміріне қастандық жасауға әкеп соқтырады. Ақын бұл жанжалдың барша жиренішті сырын, өзінің ақ екендігін Сенатка жазған хатында айғақты деректермен дәлелдеп береді". (Абай. Эн-циклопедия. А., 1995,49-бет). Ел баскару қызметінде барын-ша әділ болып, халық камын ойлаған, "тура биде туған жок, принципті ұстанған. Ғұмырының соңына қарай пенделік шаруалардан бойын аулақ салып, уақытының көбісін шығармашылыкка арнаған.
Абай үш әйел алған. Бәйбішесі Ділдәдан-Ақылбай, Әбді-рахман, Күлбадан, Әкімбай, Мағауия, Райхан; екінші өйелі Әйгерімнен - Тұрағұл, Мекайыл, Ізкайіл, Кенже, барлығы 7 ұл, 3 қыз сүйген. Келіндей алған әйелі Еркежаннан - ұрпақ, көрген жоқ.Абай өлең жазуды 10 жасында ("Кім екен деп келіп ем түйе қуған...") бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері -"Йузи-рәушән", екіншісі - "Физули, Шөмси". Өлеңдерін кағаз бетіне 80-жылдардың ортасында түсіре бастайды. "Сап, сап, көңілім", "Шәріпке", "Абыралыға", "Жақсылықка", "Кең жайлау" өлеңдері 1870 - 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы - "Қансонарда" 1882 ж. жазылган. Бастан-аяқ динамикалық суреттерден тұратын бұл өлең казак өдебиетінде калыптаскан дәстүрлі ұғымдардан өзгеше, ішкі ой иірімдері терең. Абай лирикасы жанрлық ерекшеліктері жағынан алғанда көп салалы,көп кырлы болып келеді. Ол казақ поэзиясында тіл кестесіне, сөз қолдануына да жаңа сипат дарыткан ақын. Абай поэзиясының тілінде адамның жан тебіренісін, көңіл толғанысын, жүрек лүпілін, сезімнің сан қүбылып ойнақшуын көрсететін сипаттамалар, эпитет, метафора және баска да бейнелі сөздердің жаңа, өзі шығарған соны үлгі - өрнектері мол. Мыс., "жүректің көзі", "жүректің оты", "көңілінің көзі ашық", "көңілдің жайлауы", "ой өлкесі" деген ауыспалы мағына туғызатын бейнелі сөздерді -метафораларды қолданады. Бірде ақын жүрегі кейіптеу бейне арқылы сипатталады: "Жүрегім менің - қырық жамау". Осындағы жұлқыланып, кескіленген, қырықка бөлінген, парша-парша болып бөлектенген жүрек бейнесі акынның өкінішін, арманын, қастандық-өшпенділіктен шеккен азабын, сүйенерге тірек таппай күйзеліп налуын, т.б. көркемдік шеберлікпен жеткізіп тұр. Абайдың ұлылығын танытатын өлеңінің бірі - "Өлсе елертабиғат, адам өлмес". Осы өлеңнің бастапқы тармағындағы сөздердің мәнісіне үңілсек, табиғат сөзін қалыпты мағынада алып, аспан мен жер, күн мен айды айтып отырған сияқты. Олардың өмірі адам өмірінен үзақ екені талассыз. Ескі филос. еңбектерде табиғат өлсе де, адам өлмейді деп, осы екеуін біріне-бірін қарама-қарсы қою кездеседі. Мыс., Сократ адамды табиғатқа қарсы қойып, әділдік, ізгілік секілді адамның жақсы қасиеттерін зерттеу қажет те, ал табиғатты зерттеу деген көңіл бөлуге түрмайды деп санаған. Таби ғат өзгереді, құриды, мәңгі өзгермейтін жаратушы бір Алла ғана деген үғым бар.
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы ХХІ ғасырда әлемдік танымалдылықтың шекарасын едәуір кеңейтті. Грузияның Бас ғылыми редакциясы ресми басылымдар қызметінің «Достастық» деген аталымы бойынша Грузиядағы қазақстандық мәдени-ақпараттық орталық пен Шота Руставели атындағы Грузин әдебиеті институты және «Әлемге қызмет ететін кітап» Халықаралық ағартушылық қорының дайындауымен «Абай – Илья» кітап-альбомы жарық көрді. Грузияның Мәдениет және ескерткіштерді қорғау министрі Николозо Руруаның алғысөзі мен Шота Руставели атындағы Грузин әдебиеті институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ирма Ратианидің «Абай – Илья. Параллельдер» деп аталатын тыңғылықты мақаласы болашақта салыстырмалы зерттеулер жүргізіп, әдебиетаралық диалог орнатуды көздейді.
Абай поэзиясы мен прозасының оқырмандар аясы жаңа елдер мен континенттерді қамтып дүние жүзі бойынша өз кеңістігін кеңейтіп келеді. Әлемдік әдеби кеңістік аса көрнекті ойшыл ақын Абай Құнанбаевтың мәңгі әрі өзекті терең философиялық ойларымен, оның классикалық әдеби мәтінінің эстетикасымен баюда.
Әуезов іргесін қалап кеткеннен бергі уақыт ішінде әдебиетте ізін қалдырған талай ұрпақ хакім творчествосын өз дәуірінің биігінен бағалап, сөз өнерін өрге сүйреген әр буын кемеңгер туындыларының тереңіндегі құндылықтарды тауып, жаңалық ашты.
Абайға қарап бетке ұстар бағытымызды анықтап, ойымызды түзедік. Кемеңгердің шығармалары ғана емес, өлеңінің әр жолын сана сүзгісінен өткізіп, сарапқа салдық. Тереңірек зерттеген сайын, қазақта ұлы ақынның мұрасынан артық рухани байлықтың жоқ екеніне көзіміз анық жетті. Ұлттық рухымыз тірі тұрғанда қазақтың Абайға деген махаббатының мәңгі сөнбейтінін түсіндік. Аласапыран замандардың алашапқыны жанымызды көкпарға салып, халықтығымызды тамырымен жұлып тастай жаздаған алмағайып замандарда Абай тағылымынан алған тәліміміз арқылы біз халықтық қасиетімізді жойып алмай, аман сақтап қалдық. Өткен ғасырдың басындағы Алаш арыстары Ахмет пен Міржақып, Әлихан мен Мағжандар жанын пида ете отырып бізге Абай рухына адал болуды аманаттап кетті. Ұлы ақын дүние салған бір ғасырдан астам уақытта Абайсыз өмір сүрген дәуіріміз болған жоқ. Құдайға шүкір! Бәрі жақсы. Бәрі дұрыс. Бәрі заңды.
Дей тұрсақ та поэзия пайғамбарының қайталанбайтын талантын, өнердегі даралығын, тұтас бір ұлттың санасына сәулесін шашқан данышпандығын, келешекке жол салып кеткен кемеңгерлігін мойындағанымызбен, ішкі бір түйсікпен әлем әдебиетінің төрінен өзіне лайық орындарын еншілеп алған алыптардың қатарында Абай есімінің аталмай жататыны ащы да болса – шындық. Мысалы, өркениетті елдерде испан жазушысы Сервантестің есімін білмейтін адам жоқ шығар. Ұлы қаламгердің «Дон-Кихот» романы тұтас бір халықты әлемге танытқан ұлттық брендке айналды. Тургеневтен бастап күні кешегі Борхес пен Маркестерге дейінгі ғұламалардың «Дон-Кихот» жайында майын тамызып жазған, оқымасыңа қоймайтын қаншама ғажайып эсселері бар.
Ағылшын ақыны Шекспирді ешбір елдің драматургі де, жазушысы да ескерусіз қалдыра алмайды. Тіпті, орыстың суреткер жазушысы Толстойдың ұлы драматург туындыларына көңілі толмай сынаған зерттеуінің әлемде үлкен дау-дамай туғызғаны Шекспир есімінің барша адамзатқа ортақ тұлғаға айналғанын аңғартқандай. Әлемді қаламымен бағындыруға серт еткен француз Бальзакты оқымаған пенде зиялы азамат саналмайды, мәдениеті дамыған мемлекеттерде. Дүниежүзілік әдебиет деген ұғымды қолданысқа енгізіп, өзі де соның символына айналған немістің ойшыл ақыны Гетені кім білмейді. Атақты «Фаусты» тілге тиек етпеген әйгілі суреткерді таба алар ма екенсіз. Ал орыс жазушылары Гоголь, Толстой, Достоевский, Чехов туындылары ХХ ғасыр прозаиктеріне үлгі-өнеге болып, жаңа заман әдебиетінің бет-бейнесін айқындап берді. Соңғы елу жылдың ішінде сөз өнеріне көп өзгерістер алып келген Ресей мен Батыстың жаңашыл ақындары мен жазушыларын да әлем оқырмандары жеткілікті дәрежеде танып үлгерді.
Ал Абай ше? «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген гуманистік идеяның ұрығын сепкен кемеңгерімізді өзімізден басқа кім біледі? Суреткер Әузовтен кейін ұлы ақынымыздың дүниежүзілік әдебиеттегі орнын белгілеп беру үшін іргелі істер жасалды ма? Әлем оқырмандарының қазақ Абайға қарағанда беларусь Быков пен қырғыз Айтматовты көбірек білетінін өкінішпен болса да мойындауға тура келеді.
Осы тұрғыдан алғанда Абай шығармалары өз Отанының шекарасынан алыстап кете алмаған Пушкин туындыларымен тағдырлас. Қаза тапқанына екі ғасырға жуық уақыт өтіп, ұлы ақынның творчествосы жайында Ресейде мыңдаған еңбектер жазылса да Пушкин есімі де әлем оқырмандарының санасына мықтап орныға алмай қойды. Кезінде орыс жазушысы Владимир Набоков шетел оқырмандарына Пушкинді жақынырақ таныстырмақ ниетпен «Евгений Онегинді» прозаның тілімен ағылшын тіліне аударғаны мәлім. Сондағы ішкі ойы дүние жүзіне кеңінен таралған ағылшын тілі арқылы Пушкинді ең алдымен Батыс жұртшылығына, одан әрі әлем оқырмандарына таныстыру болды. Бірақ жазушының бұл ойы жүзеге аспай, сәтсіздікке ұшырады. Орыс әдебиетінің негізін салған ұлы ақынның шәкірттері болып саналатын Толстой мен Чехов шығармашылығына тәнті болған әлем оқырмандары бәрібір проза тілімен жазылған «Евгений Онегинді» қабылдай алмай қойды. Неге?
Тамырын тым тереңге жіберген ұлттың ақыны болғандықтан Пушкиннің музасында орыс халқы ғана қабылдай алатын жұмбақ тылсымдар көп. Өте көп. Соған қарамастан ұлы ақынның қазақ тіліне сәтті аударылған шығармалары аз емес. Хакім Абайдан бастап ұлтымыздың көптеген талантты шайырлары Пушкин туындыларының шымқай бояуын солғындатып алмауға бар күшін салып, ана тілімізге аударды. Бір ғана «Я помню чудное мгновеньені» қазақша сөйлетуге тырысқан талантты ақындарымыз қаншама. Қалай десек те Пушкин жырларының Алаш жұртына тараған насихаты кемшін болған жоқ. Сәтті шыққан талай аудармалардың арқасында орыстың ұлы ақынын қазақ оқырмандары жылы қабылдап, жүрегінің төрінен орын сайлап берді.
Ал біздің Абайымыздың тылсымы терең поэзиясына үңіліп, оның барша адамзатқа ортақ гуманистік идеяларының маңызын халқының санасына сіңіруге тырысқан қандай атақты орыс ақынын айта аласыз? Сұрау салып, зерттеп көрсек миллиондаған ресейліктердің ішінен Абайдың бір өлеңін оқыған жалғыз орысты таба алар ма екенбіз? Әй, қайдам. Танымалдығы жағынан 10 миллионнан астам қазағы бар данышпан Абаймен салыстырғанда авар жұртының талантты ұлы Расул Ғамзатов әлдеқайда бақыттырақ. (Мысалы, авар ақынының «Тырналар» өлеңін алыңызшы. Аударма да қалай сәтті шыққан. Жеңіс күніне орай «Тырналар» әні Мәскеудің аспанында қалықтағанда көңілі тебіреніп, көзіне жас алмайтын пенде жоқ. Ғамзатов жайында орыс тілінде жазылған қаншама зерттеулер бар. Ақынның таланты мен адамдық табиғаты мейлінше шынайы ашылған Ресей киногерлері түсірген фильмнің өзі неге тұрады.
Жиырмасыншы ғасыр басынан бергі жазылған жүздеген еңбектерде Пушкин шығармашылығы жеріне жеткізіліп дәріптелді, бір ауыз сөзбен болса да орыс ақынының рухани мұрасына тоқталмай кеткен қазақтың сыншысы мен әдебиет зерттеушісі кемде-кем. Міне, осы тұрғыдан алғанда: