Қорытынды.
Қазіргі уақытта «Белдеу мен жол» инициативасының статистикасына барлық көлік-логистикалық, сауда-экономикалық, мәдени қарым-қатынас көрсеткіштері енгізіліп жатыр. Мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастық жетістіктері мен мәселелерінің ішінде «Бір белдеу, бір жолмен» байланыс шекарасы кеңейтілуде. «Жаңа Жібек жолы» жобасының артықшылығы «5С принципі — жылдамдық, сервис, баға, сақталу және тұрақтылықты» жүзеге асыруға негізделеді.
Қазір Жібек жолының тарихын зерттеу, оны жаңғырту, осы жол бойындағы елдердің саяси, экономикалық, мәдени байланыстарын ұлғайту қайта қолға алынып отыр. 1987 жылы ЮНЕСКО-ның бас конференциясының XXIV сессиясы «Ұлы Жібек жолын зерттеудің халықаралық жобасын» қабылдады. Оған Грекия, Португалия, Египет, Италия, Қытай, Индонезия, Моңғолия, Оман, Шри Ланка, бұрынғы Кеңестер Одағы қатысты. «Адамды қоршаған орта, жер мен теңіз қорлары», «Мәдениет және болашақ» атты бағдарламалар бекітілді. Осы бағдарламаларды іске асыруға қатысты. 1991 жылы Қазақстанда «Жібек жолы» атты Ұлттық комитет құрылды. Ұлы Жібек жолы көне дәуірде де, қазір де Еуразия халқы үшін мәдени байланыс, саяси рухани мәселелерді шешуде маңызы үлкен.
Ұлы Жібек жолы халықтардың достығы мен ынтымағының жарасымдылығы деп түсінген жөн. Оның қызметінің тарихынан тағылым ала отырып, бүгіндері жаңа мыңжылдықтың жолына түсе отырып, адамзат баласы қауіпсіздікке, тұрақтылыққа және дамудың беріктігіне ұмтылуда.Ұлы Жібек жолы бүкіл әлемге танымал жол болатын. Батыс пен Шығысты, бітімгерлік пен ынтымақтастыққа ұмтылған халықтарды өзара байланыстырған бұл жол мәдени - экономикалық көпір іспетті еді.Қазіргі уақытта осы көне керуен жолын жаңғыртудың, халықаралық мәдени - экономикалық байланыстағы рөлінің маңызы жөніндегі еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев: «Ежелгі жібек жолының жалпы сұлбасымен XXI ғасырда мұнай - газ құбырлары тартылады, солар арқылы Орталық Азияның мұнай мен газы экспортын дамыту Орталық Азия халықтарына, ежелгі замандағы сияқты, бірыңғай сыртқы экономикалық саясат, бірыңғай кеден, салық бақылауы, бірыңғай қауіпсіздік жүйесі қажет, сол тиімді», - деп көрсетіп берді.
Достарыңызбен бөлісу: |