Тобы: хб-21 Студент: Ақжигитов Жасулан Тексеруші



Дата06.01.2022
өлшемі16,53 Kb.
#15339
Байланысты:
Ақжигитов Жасулан ХБ-21 №1 СӨЖ



СӨЖ

Тақырыбы: Химиянның негізгі түсініктері мен заңдары.

Факультеті: Жаратылыстану және ақпараттандыру

Тобы: ХБ-21

Студент: Ақжигитов Жасулан

Тексеруші: Нүркенова Әйгерім Дауылбайқызы


Химиянның негізгі түсініктері мен заңдары.

ЭССЕ

Химия десе көбіміздің ойымызға түсініксіз теориялар мен қиын есептер келеді. Ал шыны мәнінде химия деген ол өз алдына бір әлем. Химия – заттарды және олардың бір-біріне айналу заңдылықтарын зерттейтін жаратылыстану ғылымы. Химия элементтерді (атомдарды), жай және күрделі заттарды, олардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін, химиялық өзгерістер мен оған әсер ететін жағдайлар мен өзгерістер кезінде байқалатын құбылыстарды зерттейді. Химиялық жеке заттар бір-бірінен химиялық құрамы мен қасиеттері бойынша ажыратылады. Әр зат белгілі жағдайдағы физикалық қасиеттері (түсі, тығыздығы, балқу, қайнау температуралары, жылу мен электр өткізгіштігі, тағы басқа) және химиялық қасиеттері (басқа заттармен әрекеттесу, белгілі бір өнімге айналу қабілеті) жағынан ерекшеленеді. Заттар құрамына қарай жай және күрделі болып бөлінеді. Олардың формуласын химиялық таңбалар көмегімен өрнектеп, химиялық қосылыстар деп атайды. Химиялық элементтер жерде шашыранды түрде таралған, әрбір химиялық элемент – атомдардың, ал химиялық қосылыс молекулалардың белгілі бір түрі. Материя қозғалысының химиялық өзгеру процесі химиялық реакциялар деп аталады. Химиялық реакцияға атомдар, молекулалар қатысып, оның нәтижесінде жаңа заттар түзіледі. Реакцияға қатысқан атомдардың тек сыртқы қабаттарындағы электрондардың тығыздығы өзгеріп, ішкі қабат пен ядро өзгеріссіз қалады.

Зерттелетін нысанына қарай химия негізгі екі топқа бөлінеді:

-органикалық химия;



-бейорганикалық химия.

Органикалық химия негізінен көміртек атомдарынан тұратын заттардың құрылысын, химиялық қасиеттерін, құрамын, қолданылуын, табиғатта таралуын, тағы басқаларды зерттейді.

Бейорганикалық химия немесе анорганикалық химия барлық қалған химиялық элементтер түзетін қосылыстардың құрылысы мен қасиеттерін және олардың бір-бірімен әрекеттесу заңдылықтарын зерттейді.

Химия-экспериментпен тығыз байланысқан ғылым. Химиянның маңызды мақсаттарынның бірі-керекті қасиеттерге ие жаңа заттарды синтездеу әдістерін зерттеп табу. Белгілі химиялық қосылыстардың саны орасан көп: ХХ ғасырдың аяғында оларлың саны он миллионға жетті.



Химиянның аса маңызды міндетті-күні бұрын қасиеті белгіленген заттар алу және өнеркәсіп өндірісін жеделдету, қалдықсыз технологиялар жасау. Кейінгі кезде адамзат алдында тұрған аса маңызды міндеттеріннің бірі-қоршаған ортаны қорғау болып табылады. Шайынды суды тазалау, су мен атмосферанының тазалығын бақылау, қалдықсыз өнеркәсіптерді жасау т.б тәрізді мәселелерді шешуде химия ғылымы мен өнеркәсібі үлкен ролі атқарады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет