2.Қозуды өткізгіштік. Қозу толқыны Кис-Фляк түйінінде ерекше ет торшалары - пейсмекерлерде - пайда болады да, жүрекше еттеріне электрлік жолмен тарап, Ашофф-Тавар түйініне жетеді. Одан әрі қозу толқыны Гис шоғыры арқылы бүкіл қарыншаға тарайды. Жүрек еті қозуды әлсіретпей (декрементсіз) өткізеді және оқшауламай бар-лық ет талшықтарына жая таратады.
2.Қозуды өткізгіштік.Қозу толқыны Кис-Фляк түйінінде ерекше ет торшалары - пейсмекерлерде - пайда болады да, жүрекше еттеріне электрлік жолмен тарап, Ашофф-Тавар түйініне жетеді. Одан әрі қозу толқыны Гис шоғыры арқылы бүкіл қарыншаға тарайды. Жүрек еті қозуды әлсіретпей (декрементсіз) өткізеді және оқшауламай бар-лық ет талшықтарына жая таратады.
3.Жиырғыштық. Қозу толқынына жүрек еті жиырылумен жауап береді. Жиырылу деп ет талшықтарының ұзындығының қысқаруын немесе кернеу күшінің (тонус) артуын айтады. Жүрек еті бүлшық еттермен салыстырғанда шабандау - баяуырақ жиырылады.
3.Жиырғыштық. Қозу толқынына жүрек еті жиырылумен жауап береді. Жиырылу деп ет талшықтарының ұзындығының қысқаруын немесе кернеу күшінің (тонус) артуын айтады. Жүрек еті бүлшық еттермен салыстырғанда шабандау - баяуырақ жиырылады.
4.Автоматия.Жүрек етінің сыртқы өсерсіз тек ағзаның өзінде туындайтын қозу толқындарының ықпалымен жүмыс істеу қабілетін жүрек автоматиясы дейді. Жүрек автоматиясы өткізгіш жүйенің қызметіне байланысты.
Жүрек қызметі ырғағының өзгеруі.
Электрокардиография жүрек ырғағының өзгерісін тыңғылықты талдауға мүмкіндік береді. Жүректің қалыпты жиырылу жиілігі минутына 60—80 рет, аса сирек ырғақта- брадикардия кезінде – 40—50 рет, ал аса жиі ырғақта – тахикардияда – минутына 90—100-ден асады және 150- ге жетеді, одан да жоғары болады. Брадикардия спортшылардың тыныштық күйінде жиі тіркеледі, ал тахикардия — интенсивті бұлшықет жұмысы мен эмоционалды қозу кезінде тіркеледі.
Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфаркты, гипотония, т.б. Жүрек ақауы – жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасындағы қан өтетін саңылау тарылып, жүрек қызметінің бұзылуы.