Қарын жіті кернелуі. Негізінен жылқы мен итте байқалады, бірінші және екінші кезекті процесс ретінде туындайды. Сапасыз, тез бөртетін, тез ашитын азықтан болады. Аурудың туындауы қарынның жиырылуы және секрециялық қызыметінің бұзылуымен тығыз байланысты. Пилорустың кенеттен құрыса жиырылуынан қоректік заттың ішекке көшуі тоқтап, ол тез бөртеді. Аурудың тікелей себебі-пилорустың кенеттен құрыса жиырылуынан қоректік заттың ішекке көшуі тоқтап, ол тез бөртеді. Аурудың тікелей себебі-пилорустың құрысуы. Қарынның жіті кернеулі екінші кезекті сырқат ретінде ішектің түйілуіне, химо-және капростазға байланысты туындайды.
Өлекседе тым қампайған құрсақ қуысының қабырғасы тырсиып тұрады. Жаншылған құрсақ қабырғасының ет қабаты кейде трқалады да, ішек ілмекерім терінің астына өтеді. Өлексені сойып зерттегенде жалпы көрініс мес қарынның жіті кернелуінен өлген күйіс малдарын сойып зерттегенде байқалатын көрініске ұқсас.
Достарыңызбен бөлісу: |