2014 жылы Ассамблея мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің хатшылығы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жөніндегі қазақстандық модельдің бірқатар артықшылығы қалыптасты.
Біріншіден, еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясатының арқасында адамдардың этникалық және діни наным-сенімінің әртүрлігіне қарамастан, азаматтық құқықтың тең болуын қамтамасыз ету тетіктері құрылып, жетілдірілуде. Екіншіден, қазақстандық этностардың өз мүддесін білдіруі және іске асыруы жоғары мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылады – Ассамблеяның Төрағасы еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы. Ассамблеяның жоғары органы – Сессияның шешімдерін барлық мемлекеттік орган қарауға міндетті. Үшіншіден, еліміздегі Парламентте этностар мүдделерін кепілді түрде қорғау үшін Ассамблея Мәжілістің 9 депутатын сайлайды. Төртіншіден, жалпы азаматтық қағидаттарға, жалпы рухани-мәдени құндылықтар мен жалпыұлттық тарихи санаға негізделген құндылық негізі қалыптасты. Бесіншіден, Мемлекет Қазақстан халқының дәстүрлерін, тілдері мен мәдениетін дамыту үшін барлық жағдай жасап, қолдау көрсетуде. Алтыншыдан, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі азаматтық бастама және азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің сындарлы диалогы негізінде дамуда. Жетіншіден, Қазақстанның қағидатты ұстанымы – этникалық мәселелерді саяси мақсатта пайдалануға жол бермеу.
Қазақстанда этносаралық қатынастар саласында көпшілік мақұлдаған нормалар енгізілді. Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасында тиімді өзара іс-әрекеттер жүзеге асады. Ассамблеяның алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуде этномәдени бірлестіктердің күш-жігері біріктіріліп отыр.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі әлемдегі ең табысты жобалардың бірі болып танылды.
Достарыңызбен бөлісу: |