Тоғызқұмалақ ойыны. Мен де сабақ барысында, үзіліс кезінде Тоғызқұмалақ ойынын ойнап, өз логикамды жетілдіремін. Бұл ойын адамды тапқырлыққа үйретеді, миды шыңдайы. Менің хоббиім жүзу



Дата10.06.2023
өлшемі15,03 Kb.
#100336

Мен Көпбай Нұрман Алмасұлы Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласындағы №16 жалпы білім беретін мектебінің 9 сыныбында білім аламын.


Биылғы оқу жылы біз үшін ерекше болмақ, себебі мектебімізге ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының есімін алу жоспарлануда.
Заман талабына сай, қолдануға ыңғайлы жоба бойынша салынған мектеп ғимаратындағы әрбір оқу бөлмесі кең, әрі жарық.

Мектеп балаға жан әлемінің есігін ашып беріп рухани жетілуіне негіз болады.


Жахандану заманында баланы еңбекке баулу, білім алуға құштарлығын арттыру және оны өмірінде қолдана білуге баулу басты міндет деп білемін.
Мектебімізде үйірме, секция жұмыстары жақсы жолға қойылған.
Мектепте өзімді дамыту мақсатында «Азамат өзін өзі басқару» ұйымының «Ұшқыр ой» пікірталас дебат клубының министрімін.

Дебат ойыны өз ойыңды нақты жеткізуді және әр түрлі тақырыптарды талқылай отыра өмірге деген көзқарасыңды өзгертеді. Мұндай пікірсайыстардың маңызы зор деп білемін. Дебат үшін түрлі ақпарат жинап, жан жақты білім аламыз. Сыни ойлау қабілетіміз дамиды.



Менің сүйікті істерімнің бірі тоғызқұмалақ ойыны. Мен де сабақ барысында, үзіліс кезінде Тоғызқұмалақ ойынын ойнап, өз логикамды жетілдіремін. Бұл ойын адамды тапқырлыққа үйретеді, миды шыңдайы.
Менің хоббиім жүзу. Мұндай спорт түрінен ешқашан жалықпайсыз, тек қана ләззат аласыз. Жүзу тыныс алу жолдарын жақсартады.
Өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келеді. Мен де еректілердің қатарынанмын.
Қоғамға пайдалы шара болса, белсене қатысамын. Себебі мен патриотпын. Елімнің көркеюіне жасаған әрбір қадамнан шабыт алып, өзімді ең бақытты, мүмкіндігі орасан адам ретінде сезінемін.
Елімізде бейбітшілік болса, жеріміздің, табиғатымыздың сұлулығы жойылмаса, әке шеше аман, бауырымыз аман, мектебіміз, ұстаздарымыз алаңсыз қызмет етсе, біз үшін үлкен бақыт осы. Бұл нағыз тәуелсіздіктің нышаны.
Біз Тәуелсіз елдің ұрпағымыз.
Біз Тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз.
Тәуелсіздіктің көк туын асқақтата аспанға көтеру біздің басты парызымыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет