«togb 4350 тағам өндірісіндегі гигиеналық бақылау»



Pdf көрінісі
бет31/52
Дата25.05.2023
өлшемі1,1 Mb.
#97634
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52
Байланысты:
tehnol pmm umkd 2022-23 kaz platonus

Бақылау сұрақтары:
1. Дезинсекция дегеніміз не? 
2. Ветеринариялық санитариялық шаралардағы дезинсекцияның орны 
3. Инсектицидті препараттарға сипаттама 
4. Ет-сүт өңдеу орында жүргізілетін дезинсекцияның ерекшеліктері 
 
№17-18 Зертханалық сабақ 
Тақырыбы: Ет-сүт өңдеу орындарындағы лас суларды зарарсыздандыру 
Сабақ мақсаты: Ет-сүт өңдеу орындарында пайда болған лас суларды 
зарарсыздандыру әдістерімен таныстыру. Лас суларды зарарсыздандыруға қажетті хлор 
мөлшерін анықтау. 
Қолданылатын қондырғылар мен материалдар: Лас сулар сынамасы, 
зертханалық ыдыстар, 1%- хлорлы әк, 5%- ды йодты калий, 1:2 қатынасындай 
сұйылтылған тұз қышқылы, 5%- ды күкірт қышқылы, 1%- крахмал, 0,01 н гипосуьфит 
ерітіндісі, дистилденген су. 
Лас су – бұл канализация арқылы шығатын, өндіріс орындары мен тұрғын жерлердің 
лас қалдықтарымен ластанған су. 
Лас сулар, ет-сүт өңдеу орындарында технологиялық құрылғыларды, мүліктерді, 
құралдарды, мал ұшасын, ішкі мүшелерді, ішектерді, санитарлық киімді, аяқ киімді, 
автомашинаны және т.б. заттарды жуғанда пайда болады. 
Лас сулардың құрамында көптеген органикалық заттар (қан, нәжіс, асқазан-ішектегі 
азықтық массалар және т.б.) болады. Олар тсудағы оттегімен байланысып, шіріткіш 
анаэробты микрофлораның өсіп өнуіне жағдай туғызады. Бұл суларда патогенді 
микрофлораларда болуы мүмкін. Ет комбинаттарындағы тазартылмаған ағын суда 1500 
мг/л-ге жуық өлшенген заттар, 1000 мг/л-ден аса майлар, азот құрамды заттар (белокқа 
есептегенде)-1000 мг/л-ге жуық заттар кездеседі. Ағын сулардың оттегіге (ХПК) 
химиялық қажеттілігі – 2000 мг/л-ге дейін болады. Бұндай суларды дұрыс тазартып, 
зарарсыздандырмағанда, олар табиғи және жасанды су қоймаларын ластап, адамдар мен 
жануарларда жұқпалы ауруларды тудырады. Ет өндіру кәсіпорындарында ағын судың 
төрт категориясы болады, олар бір-бірінен бөлек канализациялар арқылы ағады. Олар:
1) құрамында майы бар өндірістік ластанған ағынды су; 
2) құрамында майы жоқ өндірістік ластанған ағынды су; 


3) өндірістік ластанбаған ағынды су; 
4) тұрмыстық ағынды су. 
Механикалық, хизико- химиялық, биологиялық тазартудан өткеннен кейін лас 
суларды залалсыздандырады. Лас суды залалсыздандырудың үш әдісі бар: физикалық, 
химиялық және биологиялық.
Үлкен станцияларда лас суды залалсыздандырудың ең тәуірі- оны метатенкте 
ашыту. Термофильді ашыту кезінде (60
0
С) патогенді микробтар жойылып, шөгінді толық 
дегелминтизацияланады.
Ең көп тараған залалсыздандыру әдісі- ол хлорлау болып табылады. Хлордың 
мөлшері ол микроорганизмдердің төзімділігіне, лас судың сипатына, оның тазалану 
дәрежесіне, хлормен жанасу уақытына байланысты болады. Ресми норма бойынша 
биологиялық тазалаудан өткен лас суға қажетті хлордың мөлшері 70 мг/л. 
Лас суды хлорлау үшін сұйық және газ тәрізді хлор, гипохлорит, хлорлы әк 
қолданылады. Хлорлы әк- құрамындағы кальций ионы хлорлы қышқылдың анионымен 
байланысқан кешенді қосылыс. Өндірісте шығарылған хлорлы әктің құрамындағы 
белсенді хлор 35%- дан аспайды. Жарық ылғалды жерде сақтағанда хлордың белсенділігі 
төмендейді. Сол себепті хлорлы әкті пайдаланар алдында оның белсенділігін анықтау 
қажет. Белсенді хлор 20%- дан төмен болса хлорлы әк лас суды залалсыздандыруға 
жарамсыз болып табылады.
1 л лас суды 30-60 минут ішінде залалсыздандыруға қажетті белсенді хлор мөлшері 
(миллигарамм есебімен) «хлорлы қажеттілік» деп аталады. 
Лас сулардың хлор қажеттілігін анықтау. Судың хлор қажеттілігін анықтау үшін 3-
4 колба алып, әр қайсысына 200 мл- ден зерттелетін су құйып, олардың үстіне әртүрлі 
мөлшерде 1%- ды хлорлы әк ерітіндісін қосады. (Мысалы: 1- ші колбаға -0,5 мл, 2- ші 
колбаға- 0,6 мл, 3- ші колбаға- 0,7 мл). Колбадағы сұйықтықты араластырып, 30 минутқа 
қалдырады. Осы уақыт ішінде су залалсызданады.
Содан кейін әр колбаға 5 тамшы 25%-ды күкірт қышқылын, 1 мл 1%-ды крахмал 
және 3 тамшы 5%-ды калий йод ерітіндісін қосады. Сұйықтық көк түске боялады. 
Колбалардағы сұйықтықтың боялу интенсивтілігі қалдық хлордың мөлшеріне 
байланысты болады. 
Лас суды залалсыздандыруға қажетті хлор мөлшерін әлсіз көк түс пайда болған 
колбадағыдай алады. 
Мысалы:1- ші колбада көк түс пайда болмады, яғни онда қалдық хлор жоқ. Сол 
себептен 0,5 мл 1%- ды хлорлы әк ерітіндісі 200 мл лас суды залалсыздандыруға 
жеткіліксіз. 2- ші колбада әлсіз көк, 3- ші колбада көк, 4- колбада қанық көк түс болса, 
екінші колбадағы хлор мөлшерін негізге алады. Екінші колбаға 0,6 мл хлорлы әк қосылды, 
сәйкесінше 1 л суды залалсыздандыруға 3 мл (0,6*5) 1%- ды хлорлы әк немесе 8,52 мг/л (3 
мл*2,84 мг) белсенді хлор қажет. 
100 л лас суды залалсыздандыруға қажетті хлор мөлшерін анықтау. Егер 1л суға 8,52 
мг/л белсенді хлор қажет болса, ал 100 л суға 852 мг (8,52*100) белсенді хлор қажет. 1%- 
ды хлорлы әктің мөлшерін анықтау үшін 852 мг- ді 2,84 мг- ға бөледі (852/2,84=300 мл), 
сонда 100 л лас суды залалсыздандыру үшін құрамында 28,4% белсенді хлоры бар 1%- ды 
хлорлы әк ерітіндісінің 300 мл-і қажет. Осы мөлшердегі хлорлы әк ерітіндісін суға қосып, 
жазда 30 минут, қыста -1 сағаттай залалсыздандырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет