Дезинфекциялық заттарға жататындар, олар химиялық және биологиялық
препараттар, микробтарды тасмалдаушылармен күресуге арналған қондырғылар мен
құрал – саймандар. Дезинфекциялық заттар токсинді және қоршаған ортаға зиянды болуы
мүмкін, сол себепті олар санитарлық – эпидемиологиялық сараптаудан өтеді.
Дезинфекциялық заттың (ДЗ) тиімділігіне оның құрамындағы активті затқа,
нысанның дезинфекцияға дайындалу дәрежесіне, ерітіндінің әсер ету уақытана және
температурасына байланысты.
ДЗ қолдану ережелерін сақтау керек, олар келесідей: жылы, құрғақ және жақсы
желдетілетін қоймада сақтау; нысанды тыңғылықты дайындау; препараттарды белгілі
концентрацияда және температурасы 10
о
С төмен емес және 45
о
С жоғары болмауы керек.
Қызметкерлер ДЗ- пен жұмыс істеу барысында арнайы киімдермен жүргізу қажет.
Жуғыш заттар әртүрлі беттердегі ластарды физико- химиялық процесс арқылы
жою қажет. Жуғыш заттар ұнтақ ретінде, паста немесе гель тәрізді және сұйық болып
шығарылады. Жуғыш заттардың токсиндігі болмау керек, суда жақсы еритін, өткір иіссіз,
оңай шайылатын және коррозиялық әсері болмауы тиісті.
Жуғыш заттарды өндірістерте пайдалану үшін сертификатталған және қоғамдық
тамақтандыруда пайдалану рұқсаты болу қажет.
Көпіршік түзуіне байланысты барлық жуғыш заттар қолмен және автоматты жууда
пайдаланылады. Ыдыс – аяқты қолмен жууда қолданылатын сілтілік жуғыш заттар:
кальцирленген сода, тринатрий – фосфат, натрий селикаты және т. б.
Достарыңызбен бөлісу: