«togb 4350 тағам өндірісіндегі гигиеналық бақылау»



Pdf көрінісі
бет28/52
Дата25.05.2023
өлшемі1,1 Mb.
#97634
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52
Байланысты:
tehnol pmm umkd 2022-23 kaz platonus

Бақылау сұрақтары: 
1. Жуғыш- дезинфекциялық препараттарға қойылатын талаптар 
2. Жуғыш-дезинфекциялық заттардың уыттылығы бойынша жіктелуі
 
№13-14 Зертханалық сабақ 
 
Тақырыбы: Ет-сүт өңдеу кәсіпорындарындағы дератизация 
Сабақ мақсаты: Кеміргіштерге арналған улы алдамыштарды дайындау және қою 
әдістерін игеру.
Қолданылатын қондырғылар мен материалдар: Уланудан сақтайтын және 
қауіпсіздігіне арналған киімдер: респираторлар немесе дәкелі таңғыштар, резеңке 
қолғаптар, сабын, орамал, жылы су. Улы алдамыштарды дайындауға арналған заттар: 
эмаль кюветалар, Петри аяқшалары, қалақшалар, қағаз, таразы, улар, дәнді дақылдар, 
өсімдік майы, қант.Колбалар, пипеткалар, 0,1Н күйдіргіш натр, фенолфталеин, ацетон, су 
моншасы.
1. Улы алдамыштарды дайындау 
Улы 
алдамыштарды 
дайындау 
арнайы 
осы 
мақсатқа 
жабдықталған 
лабораторияларда дайындалуы тиіс. Азықтық негізінің құрамын әртүрлі кеміргіштер 
түрлерінің азықтану ерекшеліктеріне және нақты нысандардағы азықтық базаның 
ерекшелігіне байланысты таңдаймыз. Тышқандарға арналған алдамыштарға дәнді 
дақылдардың майдаланған түрін пайдаланады. 
Алдамыштарды кеміргіштердің тіршілігінің іздері байқалған орындарға 
орналастырады: індерінің айналасына, жүру жолдарына, қабырғаларды бойлай, т.б. 
Егеуқұйрықтар бар жерлерде олардың санына байланысты алдамыштарды бір-бірінен 3-
10 м жерге қойып, әр орынға 100-150 гр алдамыш салады. Үй тышқандары бар жерлерде 
алдамыштарды бір-бірінен 2-5м сайын қойып, бір орынға 10-20 гр алдамыш салады. 
Кеміргіштер алдамыштарды жеген сайын, оны соңғы кеміргіштер өліп болғанша, толтыра 
береді. Алдамыштар желінбеген орындардан оны басқа орынға ауыстырады.
Алдамыштарды қалақтармен, қалақшалармен, қасықтармен (бір ас қасығы – 18-20 г. ) 
салып, қолдарын тигізуге болмайды. Алдамыштармен жұмыс істегенде арнайы киімдер 
мен қолды қорғау үшін резеңке қолғап кию қажет. 
Улы алдамыштарды дайындау тәсілдері: 
1) 1,5% зоокумариннің натрий тұзы.Улы алдамышты 1,5% зоокумарин мен сапалы 
өнімдерді араластыра отырып дайындайды. Мысалы, 0,1% алдамыш дайындау үшін, 1 кг 
азықтық қоспаға 1,5% зоокумариннен 66,66 гр қосу қажет. Алынған алдамышқа қажетті 
мөлшерде тағамдық бояуды қосып, мұқият араластырады. Алдамышты егеуқұйрықтарға 
50-100гр, тышқандарға 10-25 гр салады. Әсер ету уақыты 7-17 күн. 
2) Дифенацин (БӘЗ 70-98%). Алдамышты дайындау үшін 25гр препаратқа 975 гр 
азықтық негізді қосып, мұқият араластырады.Препарат дәнді дақылға толығымен сіңуі 
үшін оны тәулік бойы ұстап, қайтадан араластырып, қолдана бастайды. Алдамыштарды
егеуқұйрықтарға 20-25 г және ұсақ кеміргіштерге 5г салып, орындарына орналастырады. 
Әсері 5-11 күндері байқалады. 
3) Бром ХФ. (0,25%) Қажетті мөлшерде азықтық қоспаны ыдысқа салып, 1кг 
азыққа 22 мл (егеуқұйрықтар үшін) немесе 44 мл (тышқандар үшін) концентратты есептеп 
құяды. Алдамыштардағы препараттың концентрациясы – 0,005% егеуқұйрықтар үшін 


және 0,01% тышқандар үшін болуы тиіс. Алдамыштың 2% мөлшерінде атрактант (өсімдік 
майы, қант) қосып, тағамдық бояулармен бояйды. Әсері 4-10 тәулікте байқалады.
Дератизация жұмыстарын жүргізгеннен кейін қолды сабынды сумен, ал босаған 
аяқшалар мен кюветаларды ыстық (55ºС) 2% кальцинирленген сода ерітіндісімен жуады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет